Шынымен әйел адам эмоциясын жиі көрсете ме?

Шынымен әйел адам эмоциясын жиі көрсете ме?
Фото: yvision.kz

Қоғамда әйел адамдардың көңіл-күйі ер адамдарға қарағанда құбылмалы әрі эмоциясын көрсетуге бейім болады деген түсінік қалыптасқан. Ал,  ер адамдар бұл жағдайда тұрақтылықпен ерекшеленеді. Бірақ, бұл қаншалықты рас?

Жақында жүргізілген зерттеу жұмысына сүйенсек, әйел адамдар жиі күліп жүреді әрі оң эмоцияларды көрсете алады.

Дегенмен, ғалымдар күлкі мен өзге жақсы көңіл-күйдің белгілері тұтас бір бейненің кішкентай бөлігі дейді. Бұл эмоциялардан бөлек, қорқыныш, ашу, ыза, таңқалу мен намыс сынды белгілер да бар.

Әйел адам мен ер адамның бет бейнесі арқылы сыртқа шығатын эмоцияларды анықтау үшін ғалымдар жаңа әдіс ойлап тапты. Зерттеу жұмысына бес елден 2000-нан астам адам қатысты. Оларға белгілі өнімдердің жарнамасы көрсетілді. Қатысушылар бейне жазбаны өзінің компьютері арқылы қарайды. Оның үстіне олар өздерін зерттеушілер веб-камера арқылы бақылап отырғандарын білді. Сондықтан, қатысушыларды таңдау барысында камера алдында өзінің бейнесін жасырмайтын әрі ұялмайтын адамдарға аса назар аударды.

Енді бет қимылына баға беру үшін зерттеушілер бет-әлпеттің әрекетінің кодтық жүйесін қолданды. Оның көмегімен ғалымдар эмоциялардың пайда болуын, олардың ұзақтығын сараптады.

Нәтижесінде жарнаманы қарау барысында әйел адамдар жиі әрі ұзақ күлімдегені анықталды. Сонымен қатар, олар қастарын жиі көтерген. Көтерілген қастар қорқыныш пен мұңның белгісі болғандықтан, әйел адамдар жарқын эмоциямен қатар, жағымсыз эмоцияларды да анық көрсететін аңғаруға болады.

Ал, ер адамдар ашуды сыртқа көрсетуге бейім. Олардың маңдайының бұлшық еттері жиі қимылдаған.

Т. Есқали