Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Тортты көр де, өзіңді көр!

Тортты көр де, өзіңді көр!

Тортты көр де, өзіңді көр!

Көптеген мамандардың айтуына сенсек, адамдардың ішкі әлемі мен оның сүйікті тағамы бір-бірімен тығыз байланысты. Оның үстіне біздің тәттілерге деген құмарлығымыз өзіміз жайлы сыр ашып қоятыны тағы бар. Біз сіздерге осы уақытқа дейін саусақтарға қарап мінез анықтау, сүйіп тыңдайтын музыкасына қарап мінез анықтау, әшекейіне қарап мінез анықтау, қандай шоколадқа әуес екендігіне қарап мінезі анықтау, әжімдер арқылы мінез анықтау, қолсағатына қарап қыздардың мінезін анықтау, далабына қарап қыз мінезін анықтау, қызметтік іс-әрекетіне қарап мінез анықтау, қандай кофеге құмар екендігіне қарап мінезін анықтау, бетіндегі меңге қарап мінез анықтау, аватарға қарап мінез анықтау, қан тобына қарап мінез анықтау , ұйықтап жатқандағы жатысына қарап мінезін анықтау сынды мақалаларды ұсынған болатынбыз. Ал бүгін солардың қатарына тортқа қарап мінез анықтауды да қоспақпыз. Сенесіз бе, адамның қандай тортты жақсы көретініне қарап та, мінезін анықтауға болады. 

Мысалы, бисквит-кремді тортты сүйіп жейтіндер жеңіл мінезді және көпшіл болып келеді.

Көбіне олар өмірді жай ғана ойын деп қабылдайды. Олар үнемі қалжыңдап көңілді жүреді де және оптимистік көзқарасты ұстанып, әлемге тек «күлгін» көзілдірікпен көз тастайды. Мұндай жандар күрделі мәселелерді шешуге талпынбайтындықтан, олардың артыннан проблемалар еріп жүреді. Сондықтан егер жақын адамыңыз осындай тортты жақсы көрсе, оның біреудің проблемасын шешіп беретіндігіне бәстесудің пайдасы аз. Көбіне олар сізді мұқият тыңдап отырған түр танытады.

Бірақ безені (безе – жұмыртқаның ағын араластырып пісірген көпірме) сүйетін жандар өзінің барлық эмоциясы мен сезімін іште бұғып ұстайды.

Көбіне мұндайлар есепшіл, ақылды және қу болып келеді. Олар әр қадамын ойланып басады. Безені жасқы көретін жандар өзінің жасаған ісіне пікір мен сынды қажет етіп тұрса да, жағымды ілтипатты онша қажет санамайды. Сырт көзге олар жай адам емес, жұмысбасты болып көрінеді. Көбіне безені бизнесмендер мен пысық әйелдер жақсы көреді. Сондықтан безені сүйіп жейтін жақыныңыз болса, оның сырының тым тереңде жатқанын оп-оңай анықтауға болады.

Құмды тортты сүйетіндер айналасындағы адамдарға тым ашық жандар болып келеді.

Олар көбіне жаңа және тылсым нәрселердің жай-жапсарын білуге асығыстық танытады. Олар өздерінің қорқыныштарын саналы түрде оңай жеңе алады. Олар өзін айналасындағы жандармен салыстырып, өзіне нық сенімді екенін біледі. Сондықтан олар тек қисынды іс-әрекет жасайды. Олар көбіне түсініксіз жайттарды жақсылап түсіндіруді сүйеді. Егер сіздің құмды тортты сүйетін жақыныңыз болса, дұрысы - онымен бәстеспеу, сөзге келмеу. Өйткені олар дәл ол жерде жеңілгенін мойындамаса да, артынан қатты ойланады.

«Құс сүті» тортын жақсы көретін жандар өте сезімтал болып келеді.

Сонымен қатар олар өздерінің ішкі ойлары мен сезімдерін сыртқы ортамен бөлісуге қорқақтық танытады. Олар көбіне сыртқы ортадан пікір, ақыл күтеді. Өзінің бар қадамының жартысын өзгелердің кеңесімен шешеді. Бірақ мұндай адамдардың арасынан ешқашан да тікелей көшбасшылыққа ұмытылатын «ақ қарғаларды» кездестіре алмайсыз. Олар өздерін бастықтардың қол астында да жақсы сезінеді. Сондықтан да өздері басқаруға ұмтылмайды да. Ал егер бастық бола қалса, жасаған ағаттығы үшін қол астындағы адамға ұрысып алып, артынан «оның көңіліне қаяу салып қойдым-ау» деп қатты өкінеді. Егер сіздің «Құс сүтін» сүйіп жейтін жақыныңыз болса, оның жіберген қателіктері мен аузынан абайсыз шыққан сөздеріне бола қатты өкпелемеңіз, ол кейіннен осы ісі үшін қатты өкінетін болады.

Шоколадты тортты еті тірі, жеңіл ойлы және шығармашылыққа жақын жандар жақсы көреді.

Көбіне мұндай адамдар сырқы ортамен тез тіл табысып, өзіне өмірлік тәжірибе жинауда белсенділік танытады. Олар бір орында отыра берместен, өз мүмкіндігін пайдалана отырып алға қарай қадамдарын арттыра береді. Олар көбіне басқаларға пайда әкелетін шаруаларды жасайды және өзгелерді өзінен кем ойламайды.

Кейде сыртта болып жатқан нәрселердің бәрін ойлауға миы жетпейтін адамдар болады. Сондықтан ондай жандар біреуді қажытып жүрген мұңды да, қайғыны да түсіне бермейді. Кейде тортты жақсы көретін жандардың көңіл-күйлері де кейде басқа, кейде одан да басқа болып өзгеріп отырады. Ал мұндай адамдар өздерінің жеңілістерін оңай қабылдайды және оған онша бас салбырата қоймайды. Олар өздерінің сол кездегі көңілсіздігінен бар болғаны бес минутта ғана айығады да, сүйікті ісін қайта қолға алып кетеді.

Жеміс торттарды өз жылуымен өзгені жылыта алатын жандар жақсы көреді.

Олардың жанында өзіңізді үнемі жайлы және тыныш сезінесіз. Жеміс тортын сүйіп жейтін жандардың қатарына көбіне өнер мен сұлулықты бағалай білетіндер кіреді. Олар кез келген суретшінің шығармасына үңіліп қарап, өз пікірін айтады. Олар тірі табиғатпен тілдесіп, әдемі музкаларды тыңдауға әуес болады. Олар бәріне әдемі көзқараспен қарайды. Тіпті жұпыны үй ішінің өзі оған сондай жайлы және жарасымды жиһаздармен елестейді. Олар өз өмірін махаббатсыз және сүйіспеншіліксіз елестете алмайды. Сондықтан егер сіздің осындай жақыныңыз болса, оған заттай сыйлық беруге асығудың орнына жылы сөз айтып моральдық сый жасауға бел байлағаныңыз жөн.

Сіздер мұны оқып отырып «Ол қандай тортты жақсы көруші еді?..» деп ойланып та үлгердіңіз. Жақындарыңыздың қандай тәттіге құмар екендігін біліп алғаныңыз өзіңіз үшін де маңызды. Оны басқаның да, өзінің де көмегінсіз тани алсаңыз, несі жаман екен?
Ал енді біріңіз: «Мен барлық торты жақсы көремін» деп немесе «Мен мүлде тортты жақсы көрмеймін» деп те отырған боларсыздар. Асықпаңыз, жақсылап ойланғаныңыз жөн!

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: tortnazakaz.kiev.ua, konditer-plus.ru, vkusnoe.info,

 kushaj.blogspot.com, cafe-lab.ru, torty-recepty.ru

2847 0
Рейтинг: +4

Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Қосылған күні: 10 қазан 2012, 13:06
Пікірлер
+0
10 қазан 2012, 12:59

Tort degen keremet koi

+0
10 қазан 2012, 13:07

Негізі,тәттіге әуестігім жоқ. Бірақ,арасында Нопалеон мен медовик тортпен шәй ішуге қарсы емеспін. Ал,басқа торттарға қарағымда келмейді.

+0
10 қазан 2012, 14:07

Медовик қандай тортқа жатады? Творожный ше? Иогуртты ше? Құмды деген қандаЙ?

+0
10 қазан 2012, 14:13

"Жеміс торттарды өз жылуымен өзгені жылыта алатын жандар жақсы көреді." шынымды айтайын, өзім жаурааап жүрмін)))

+0
10 қазан 2012, 14:35

Ленгердин магазинине киви мен банан кашан туседи екен)

+0
13 қазан 2012, 01:07

Сол құмды дегені медовик ау тұрмын.

+0
10 қазан 2012, 16:43

Шынымды айтсам торт десе мен өте ком жей берем мына суретте баған арлығы ұнайды

+0
10 қазан 2012, 21:21

Болса жақсы ғой болмаса несі жақсы :D Жеміс торты дегенің ұнап тұр :)

+0
13 қазан 2012, 01:06

Құс сүті мен жемісті тортты жей алмаймын, ал қалғандарына "отказ" жоқ :mrgreen: . Қайсысы табылады, сонысын жеймін. Ал негізі шоколад торты менің ең сүйіп жейтінім)).

+0
25 қараша 2012, 22:01

бәрін де жақсы көрем :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...