Оқи отырыңыз

Мың тал егу жайындағы өсиеттен гөрі, бір шыбық отырғызған тағы артық.

Автор: Дінмұхаммед Қонаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Қарыз беру туралы бірер сөз...

Қарыз беру туралы бірер сөз...

Қарыз беру туралы бірер сөз...

Қарызға ақша бересіз бе? Менің анам бар өнегесін айтып отырушы еді. Оның ішінде ең көп айтылатыны «Қарыздақорда иман жоқ» деген тәлім. Адам ақшаға келгенде адалдығынан таймаса, қане...

Біздің елде, әрине, қарыз беру, алу бар. Жағдай мүшкіл болып, қарызға батып көрмеген жан да жоқ шығар. Қарыз беру көбінде адалдыққа келіп тіреледі. Ешқандай келісім-шартсыз-ақ жасалатын уағдаласудың артында қаншама реніш, өкпе қалады. Мен қарыз берме, я болмаса қарыз алма дегенге келтіріп отырғаным жоқ. Тек қарыз берерде мына бір жағдайларды бір қайтара ойлап алса жақсы:

  1. Қарызға ақша беретін адамыңыз сіз үшін кім? Егер досыңыз ақша қайтара алмайтын болса сіз үшін ақша құнды ма әлде досыңыз ба?
  2. Егер досыңыз ақша бере алмайтын болса, қанша сомадағы ақшаны сіз «кешірім» ете аласыз?
  3. Қарыз ақшаның барлығы да ұмытылмауы үшін дәптерге жазылуы керек.

Қарызыңызды уақытында ала алмай жүрген кезіңіз болды ғой? Рас. Мұндай уақытты шынымен де, ақша үшін өгіз күшін аямас досыңыздың өзіне ренжуіңіз мүмкін. Әрине, өкпе артуға құқыңыз да бар. Бірақ қазіргі айтылып жүрген заманауи сөздердің бірі «Досыңды да, ақшаңды да жоғалтқың келсе, оған қарыз бер» дегенге саяды. «Қарыз қатынас бұзады» деудің де бір шындығы бар. Егер сізге қарыз адам ақшасын уақытында бермесе, оған қайта-қайта хабар айтып, түкпірге тірей бермеңіз. Оның жағдайы көтермесе, досыңыз сіздің алдыңызда ұятты болмауы үшін ақшаның оңай жолын іздеуге кіріседі де, майда қылмысқа жол беруі әбден мүмкін. Оның орнына келесі бере алатын уақытын нақтылап алған дұрыс. Белгіленген уақыттан асып кеткен күннің өзінде сіз алашақ адамыңыз туралы басқа достарыңызбен қарызы және оны бермей жүргені туралы әңгіме қозғаудан аулақ болыңыз. Оның қарызды қайтару ойы егер сіздің ол жоқта айтып жүрген әңгімеңізді естіп қойған болса, өзгеріп қалуы ықтимал.

Түйін: Қарыз – қайырсыз іс. Егер шынымен де көмектескіңіз келсе, қарыз демей, бұл жақсылығыңызды еш қайтарымсыз жасағаныңыз жөн. Ар-намыс кодексі сіздің өміріңіз бен болашағыңызға тікелей тәуелді екенін де ұмытпағайсыз... 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: infoarena.ru

11898 6
Рейтинг: +3

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 09 қазан 2012, 13:15
Пікірлер
+0
09 қазан 2012, 14:29

Қарыз берем, бірақ алмаймын)

+0
09 қазан 2012, 14:41

Сәния, қарыз берші онда :D

+0
09 қазан 2012, 16:08

көбіне қарыздарым қайтпайды, өзім сұрауға ұялам. Өзім біреуден алсам, бірден беруге тырысам

+0
09 қазан 2012, 16:36

тухх... керемет қорытынды!

+0
09 қазан 2012, 17:57

үлкен көлемді қарыздарды сұрап алу керек, ұсақ түйектерді сұрап әуреде болмаймын. бір жерге барғанда досыңа, әріптесіңе тиын жетпей тұрса ол сенен сұраса "маған қарыз емессің" деп беріп жүрген дұрыс. өзіңе де оған да жақсы

+0
09 қазан 2012, 23:31

Блин біреу қайтармай жүр, қарыз алмай тұрғанда хабарласып, сөйлесіп тұратын ек( қазір жоқ...

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...