Электронды поштасына қарап таны

Электронды поштасына қарап таны

Электронды поштаның адам өмірінде алатын орны ерекше. Күнделікті жұмысқа келіп, электронды поштасын тексермейтін жан қалмаған шығар. Ал психологтардың айтуынша, басқалар сіздің электронды пошта адресіңізге қарап, мінезіңіз туралы қорытынды жасай алады. 

Неміс ғалымдары мынандай тәжірибе жасаған: олар 600 электронды пошта адрестерін таңдап, бір топ адамға сол адрестердің иегерлерінің мінезіне баға беруді ұсынған. Тәжірибе нәтижелері бойынша сараптама жасаған адамдардың ойларын былай жинақтаса болады.

Құрамында «sweet», «baby» сынды сөздер бар жәшік иегерлері адамның көпшілікке ұнағысы келетінін көрсетеді-мыс. Ол араласуға, әңгімелесуге ашық. Бірақ бұндай батыл сөздер қосудан қорықпағандардың арасында мінездері шатақтар да жоқ емес.

Электронды адресінің құрамында "king", "the best", "1" сөздері қожайынының кішкене де болса менмендік қасиеті бар.

Виртуал адресінде тек өзінің аты-жөнін жазатын кісі шыншыл болып келеді екен.

Тәжірибенің нәтижесі мынаны көрсетті. 6 жағдайдың бесеуінде адамдар таныс емес басқа біреудің тек жәшігінің атын біле тұра, ол туралы дұрыс қорытынды жасай алады. Сондай-ақ ғалымдар мінезінің бір де бір жағын ашып көрсетпейтін пошта адресін таңдауға болмайды дейді. Ол қалай болса да, сіздің бір сырыңызды ашады.

Ал сіздің электронды поштаңыз сіз туралы қандай сыр аша алады деп ойлайсыз?

Дайындаған: Аринова Сания

Сурет: ladynews.com.ua

С. А