Оқи отырыңыз

Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда!

Автор: Мұқағали Мақатаев

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Кездесуден қашудың жолдары

Кездесуден қашудың жолдары

Кездесуден қашудың жолдары

Романтикалық кездесу - қызыққа толы, жүректі толғандыратын іс. Бірақ, кездесу ойдағыдай болмай, жігіт көңіліңізден шықпаса қайтесіз? Кездесуден қашудың амалдарын керек қылмайсыз деп сенейік, алайда оларды біліп жүрген жөн.

Әрине кездесуден өтірік сылтау айтып қашу - мақтанарлық іс емес. Бірақ жақында ғаламторда танысқан жігіт сіз ойлағандай болмаса, "ұнамадың" деп ренжіткіңіз келмей, алайда әрең шыдап отырсаңыз, басқа амалыңыз жоқ. Кішкентай өтірік бұл жолы ыңғайсыз жағдайдан шығуға көмектесе алады.

"Алло. Иә, не болды? Ойбу, әрине, қазір келемін!"

Уақыт тексерісінен өткен амал.

1-Сценарий: Анаңыз, әкеңіз қоңырау шалып, іздеп жатыр. Әрине сіз оларға кездесуім бар деп айтқан болатынсыз. Алайда үйге қонақтар келіп қалып, көмегіңіз керек болып тұр.

2-Сценарий: Бастығыңыз қоңырау шалып, кезексіз жұмыс тапсырды. Ертеңге дейін жасап бітіруіңіз керек. Бастықтың аты бастық, оған қалайша жоқ дейсіз?

3-Сценарий: Құрбыңыз қоңырау шалады. Жігітімен ұрысып қалып, жылап отыр. Бармасқа болмас...

"Сағат 10-да үйде болуым керек"

1-Сценарий: Ата-анаңыз қатал, кеш барсаңыз ұрысады. Жұмыстан ерте босағанда көбірек қыдырар едіңіз,әттең...

2-Сценарий: Ертең  туыстарыңыз қонаққа келеді, ал үйіңіз жиналмаған еді. Сөзшең туыстарыңыздың алдында ұялып тұратын жағдай жоқ.

3-Сценарий: Сол баяғы жұмыс. Таңертең маңызды кездесуіңіз бар, ертерек жатып демалуыңыз керек.

Бірдеңе жеп қойдым-ау деймін...

1-Сценарий: Күнімен басыңыз ауырып тұр, сізге ұйықтап, дем алу керек сияқты.

2-Сценарий: Жеген кешкі тамақта жаңғақ болды ма? Сізде жаңғақтан аллергия бар еді ғой!

Апат

1-Сценарий: Шәй ішіп отырған жерде, шәйді үстіңізге төгіп алыңыз. Әрине киім ауыстыру үшін қош айтысуыңыз керек. Тым батыл болсаңыз, шәйді жігітке де төксе болады.

Әрине ең дұрыс шешім бар батылыңызды жинап, жігіттің көзіне тура қарап, "Бұл кездесуден ештеңе шықпаған сияқты, маған көңіл бөлгеніңе рақмет, бірақ мен қайтайын" деу. Ертең өтірік айттым-ау деп өзіңізді қинамай, қашу сценарийлерін де ойластырмасаңыз болады. Бірақ сезімге толы, мөлдіреген көздерді көріп, ондайды қалай айтуға болады.

Ал сіздің ұнамаған кездесуден қашқан сәттеріңіз болды ма?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: woman-project.com

899 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 11 қазан 2012, 17:54
Пікірлер
+0
11 қазан 2012, 17:41

жағымсыз адам болса міндетті түрде кездесіңіз. Сол күні өз-өзіңізді толыққанды түсінесіз

+0
11 қазан 2012, 17:53

жай ғана шындықты айта салған жақсы ғой. немесе соңына дейін шыдап, сосын соңында келесі кездесу болмайтынын түсіндіру керек. Әйтпесе, мынау кеңестер деген)))))

+0
11 қазан 2012, 17:58

Көбіне жұмысым бар еді, мамам звондапты анау-мынау деймін қатты қашқым кеп тұрса. Жалпы артынан дейін шыдап, келесі кездесудің болмайтынын түсіндіре аламын))

+0
11 қазан 2012, 18:16

"Шәй ішіп отырған жерде, шәйді үстіңізге төгіп алыңыз. Әрине киім ауыстыру үшін қош айтысуыңыз керек. Тым батыл болсаңыз, шәйді жігітке де төксе болады." :lol: өз үстіңді бүлдіргенше,жігіттің үстіне төккен керемет сияқтығо. Ол қатты ашулансада(әрине,ашуланады,ішінен боқтап тұрарыда сөзсіз)білдірмей жымиып тұрғанын қарау,қандай ғанибееееееет! 8-) :mrgreen:

+0
11 қазан 2012, 18:17

енді ғаламторға фотошоппен өңделген суреттерін салған үшін сазайын тарттыру керек қой)

+0
11 қазан 2012, 18:28

"Бұл кездесуден ештеңе шықпаған сияқты, маған көңіл бөлгеніңе рақмет, бірақ мен қайтайын",- деу!

+0
11 қазан 2012, 19:08

Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам.....Тура айтқан дұрыс!

+0
11 қазан 2012, 22:46

Негізі кездескім келмейді дегеннен гөрі басқа сөздермен жеткізген дұрыс секілді. Мен өзім айта алмас едім, оның орнына уақытым аз деген сияқты сылтаулар толып жатыр емес пе? Осындай бір-екі сылтаудан соң жігіт өзі түсінеді деп ойлаймын.

+0
11 қазан 2012, 23:49

шынайы шығуы үшін кетерде достарыңа біраз уақыттан кейін маған қоңырау шал деп айтып қоюға болады, на всякое )

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Добрый кит
Добрый кит

Синий кит әлде Добрый кит ? 50 күндік игі іс

Автор: Nazym Samet
Кешіккен кешірім
Кешіккен кешірім

Ерінбей оқып көріңіз?!

Сіз сенер ме едіңіз?
Сіз сенер ме едіңіз?

Ал ол сенеді... Өйткені...

Автор: Әсем Құлман
Қарапайым логикалық сұрақтар...
Қарапайым логикалық сұрақтар...

Кейде, сәл ғана ойлану-жетістікке әкеледі.

Досыңнан жауың жақсы
Досыңнан жауың жақсы

Шешімі қиын тағы бір сұрақ


Соңғы аудармалар

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық түске толы, көңілді. Бұл – топтың негізгі ұстанымы. 

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын...

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...