Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Оффлайндағы алғашқы кездесу

Оффлайндағы алғашқы кездесу

Оффлайндағы алғашқы кездесу

Қазірде жастар арасында қоғамдық желілерде танысу жиі орын алатын болды. Ғаламтор кеңістігінде жақсы жігітпен (не қызбен) кезігіп, бірінші кездесуге аттануға дайынсыз ба? Оффлайндағы алғашқы кездесуде бола алатын қиындықтар жайлы хабардар болғаныңыз жөн.

Үміт артпаңыз

Қоғамдық желілердегі ақпарат адам туралы толық түсінік жасау үшін жеткіліксіз. Cондықтан ұнатқан жігіт (не қыз) жайлы ғаламтордан білгеніңізге аса көп көңіл бөлмеңіз. Ғаламторда адамдардың барлығы кішкене болса да жалған, шын өмірге қарағанда басқаша болады. Артық үміт артып, кездесуден көңілсіз қайтып жүрмеңіз. Ең қызығы, ол жігіт (қыз) ойлағаныңыздай керемет болмаса да, сіз салған портретке сай келмесе де, тартымды болуы мүмкін. Тек соны байқай алсаңыз болғаны. Сондықтан ғаламтор арқасында армандап үлгерген ханзада жайлы ұмытып, кездесуге барарда артық үміт артпаңыз.

Оны білемін деп ойлайсыз ба?

Қоғамдық желідегі парақшасын олай-бұлай ақтарып, достарын, туыстарын тауып, бар суреттерін қарап үлгеріп, оның сүйікті әндерін, ұнаған бейнебаяндарын тамашалап, оны жақсы білемін деп ойлайсыз ба? Ішіңізден шыққан осы ой сізді уақыттан бұрын оған сендіріп, онымен рухани жақындасып кетуіңізге ықпал жасай алады. Кейін ғашығыңызды шын біле бастағанда, бұның бәрі өтірік болып шығуы мүмкін.

Өз өтірігіңіз шығып қалмасын

Шынын айтсақ, әркім ғаламтордағы парақшасына кішкентай болса да өтірік жазады. Бұл еріксіз болуы да мүмкін. Өзіңізді жақсы жақтан көрсетемін деп, кей нәрселерді жасырып, кей нәрселерді әсерлеп жібересіз. Кездесу кезінде сыңарыңызға қашан не айтқаныңызды еске алып, өтірігіңіздің шығып қалмауын қадағалауыңыз керек. 

Онлайн тұрғанда, оффлайн не үшін қажет?

Ғаламтор арқылы бір-бірлеріңіз жайлы бар ақпаратты сұрастырып алдыңыздар ма? Бір-біріңіздің отбасы, оқу, жұмыстарыңыз жайлы бәрін білесіздер. Суреттер бойынша қай жерде, қалай, кіммен демалғандарыңыз да баршаға мәлім. Кездесуіңіз қызықсыз өтуі әбден мүмкін. Айтатын тақырып пен сұрайтын сұрақ табылмай қалмасын.

Әрине ғаламторда танысу - тез, оңай әдіс. Алайда виртуалды өмір мен шын өмірді ажырата білейік.

Ал сіз ғаламтор арқылы кездесуге барып көрдіңіз бе?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: womanonly.ru

2664 8
Рейтинг: +3

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 қазан 2012, 19:39
Пікірлер
+0
04 қазан 2012, 20:49

Галамтор аркылы керемет дос таптым. Кездескенiмде,мен ойлагандай емес,оданда жаксы,сымбатты,акылды адам болып шыкты. Тез тiл табысып кеттiк. Ол Алматыда турады. Хабарласып турамыз. Агенттеде сойлесемiз. Арамызда сол достык сакталады деп ойлаймын. 8-) 8-)

+0
04 қазан 2012, 21:16

бір рет кездестім әдемі қызбен; ақырында "дальний"туысқан боп шықты ғо)))) А так ниче әдемі, ақылды қыз)))

+0
04 қазан 2012, 22:52

барып көру керек екен. Бір досым бір бір қызбен танысып, кейін аузы күйіп жүрген болатын.

+0
05 қазан 2012, 10:14

Барып көрдім, дос та, ғашығымды да таптым. Кездескен кезде мен виртуалдан танығаннан да күшті боп шыққандары бар, өкініп әттең деп қайтқан кездерде де болды. Ең дұрсы көп ҮМІТ артпай бару керек!

+0
05 қазан 2012, 12:30

Men agamdai bolyp ketken dosymdy taptym)

+0
05 қазан 2012, 16:46

мен жақында кездесемін. бұрын ондай болмағандықтан аса білмеймін. бәрі ойдағыдай болып ШЫҚСА ЕКЕН.

+0
06 қазан 2012, 12:56

мен де желіге өтірік жаздым. Бойым - 1,69 негізі, ал мен 170 деп қоя ғо! :mrgreen:

+0
06 қазан 2012, 12:56

секірсем ваще екі метрден асам деп те қосуды ұмытпадым :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...