Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Массагеттің қыздарына қандай жігіттер ұнамайды?

Массагеттің қыздарына қандай жігіттер ұнамайды?

Массагеттің қыздарына қандай жігіттер ұнамайды?

"Бойларыңды түзеңдер" деп айтудан қорықпаған жігіттердің өздері сірә мінсіз, ақылды, сұлу, сабырлы, көңілді болуға тиіс. Біздің жігіттер сондай екендігіне күмәніңіз болмасын. Алайда жігіттер бастаған тақырыпты жалғастырып, бүгін Массагет қыздарына қандай жігіттер ұнамайтыны жайлы талқылайық. 

Сонымен Массагеттің қыздарына қандай жігіттер ұнамайды?

Мейіргүл Оңғарова:

Білімсіз, жұмсақ мінезді, ұялтатын сөз айтқанда, беті қызармайтын, намыссыз, өз қадірін, бағасын білмейтін, көп сөйлейтін, сәл де болса, аңғалдығы жоқ арам, ұрысқақ жігіттер ұнамайды. 

Анар Мұстафина:

Маған жауапкершілігі жоқ жігіттер ұнамайды. Мақсатсыз, бүгінгі күнмен ғана өмір сүріп, осы өмірден өз еншімді алып қалайыншы, өз орнымды табайыншы деп ұмтылмайтын қайратсыз жігіттерге көңілім толмайды. Бірақ бұл адам адамгершілігін ұмытып, елді таптап, біреудің ала жібін аттап, дегеніне жету дегенді білдірмейді. Аса принципшіл, өзінің дегенін, өзінің айтқанын ғана жасатып, қатып қалған ережелермен жүретін, шовинистік көзқарасты жігіттерден аулақ жүруге тырысамын. 

Ақерке Әбілхан:

Маған затымен, сосын атымен мақтанатын жігіттер ұнамайды. Сәл сөйлесе қалсаң, жұмысын, жетістіктерін айтып, қыздың көзінше ақшасын санап, дәрежесін айтып, күшті екенімді көрсін деп әлімжеттік жасап, көкіректеніп мұрнын көкке шүйіретіндерді жаным сүймейді. Сосын жігіттің қырсықтығын да жақтырмаймын. (Өзім қырсықтау қыз болғасын ба, қайдам))) Қоғамда болып жатқан жаңалықтардан махрұм жүретін, спортпен айналыспайтын жігіттерді қоса кеткім келеді солардың қатарына. Сосын имани білімі жоқ жігіттерді де жақтыра қоймаймын.

Айгерім Сматуллаева:

Қай уақытта да, қандай жағдай болмасын, жігіттің жігіт болғаны дұрыс. Жалған айту, уәдесінде тұрмау, бос сөзді серік ету секілді жағымсыз қасиеттерді бойына сіңіріп алған серілер маған ғана емес, бүкіл қыздар қауымына ұнамайтындығына сенімдімін. Сондай-ақ, өзімшіл, тұрақсыз жігіттерге айтар өкпем көп. Иманды, мәдениетті жігіттерді қатты құрметтеймін. Алдынан шыққан болмашы кедергілер үшін ішімдікке салынып, өмірден түңіліп кететін азаматтың болашақ жарым болғандығын қаламас едім...

Сания Аринова: 

Маған ақылды, сұлу, сансыз байлығы бар, туысқандары аз жігіттер ұнайды десең) Өз бетім жігітке қатаң шектеулер қоймаймын. Байқағаным, ақылсыз, оқымаған жігіттерді ұнатпаймын. Ішімдікке кішкене болса да құмар жігіттерден де аулақ жүремін. Қалған жігіттердің бәрінің менің көңілімнен шығуға мүмкіндіктері бар! Алға!

Мына әңгіме тура бір кастинг байқауы сияқты болып кетті. Кастингке қатысамын деушілер Массагет сайтына тіркеле берулеріңізге болады.

Ал сізге қандай жігіттер ұнамайды?

1509 0
Рейтинг: +9

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 қазан 2012, 19:20
Пікірлер
+0
03 қазан 2012, 15:05

подкаблучниктер ұнамайды

+0
03 қазан 2012, 15:35

Маған өз дегенін істетін жігіттер ұнайды

+0
03 қазан 2012, 15:59

бірінші суреттегі жігітті астындағы бір кісіге көрсету керек екен :)

+0
03 қазан 2012, 16:08

:) :)

+0
03 қазан 2012, 16:11

Айел iсiне коп араласатын,iстеген iсiн,табысын мiндет кылатын,мылжын,адамгершiлiктен журдай,кыздарды сыйлай бiлмейтiн,туймедейдi туйедей кылатын,аузымен орак оратын,бар жумысты "бiр званок"пен бiтiрем деп(бос соз)мактанатын,тек фантазиямен омiр суретiн(керемет болашагы туралы айтадыда,бiрак соны орындауга талпынбайтын),саран,мактаншак,ынжык,омiрдiн сынына карсы тура бiлмейтiн,алсiз жiгiттер унамайды. Кемшiлiксiз адам болмайды,арине. Оз ойымыздагыдай 100%"идеалный" жiгiт те,кыз да жок. Екi жарты косылып кана идеал бола алады. Сондыктан,еркек-нагыз еркек куйiнде калса екен дим.

+0
03 қазан 2012, 16:14

:) :) :)

+0
03 қазан 2012, 16:20

шіркін-ай не деген "ашық" тақырып еді. Жарылайын деп жүргендер рақаттанып қалды-ау..)

+0
03 қазан 2012, 17:17

:lol:

+0
03 қазан 2012, 17:55

Шектен тыс пысықтар намайд! Мелочныйлар да! Мақтаншақтар мен имансыздарды мүлде сыйламаймын. Автобуста жалпиыыып отырып алып қыз түгілі, үлкенге орын бермейтінін қайтерсің...Құлақтарынан наушник түспейтіндерді серьезно қабылдамаймын, "миы су болған шығар бейшаааара" деп аяймын :|

+0
03 қазан 2012, 18:29

Негізі "Қыздарға қандай жігіт ұнайды?", ал біздікін "Жігіттерге қандай қыздар ұнайды?" деп жүргізу керек еді. Хватит болеть пессимизмом! :ugeek:

+0
03 қазан 2012, 19:01

ертеңге жаңа тақырып)

+0
03 қазан 2012, 21:10

айтпа, көңілдегісін айтып бір жасап қалған екен қыздар. енді мына шарттың баріне толу үшін "жігіт" деген жастан өтіп кететін сияқтысың ғой.

+0
04 қазан 2012, 12:07

массагеттің қыздары әдемі екен, ал ең әдемісі ........

+0
04 қазан 2012, 12:29

8 әріп - Мейіргүл ма?)) Меніңше ....))

+0
04 қазан 2012, 12:49

Батылсыз жігіттер ұнамайды

+0
04 қазан 2012, 13:31

2рет суретке түскен қыздың жауабы жынды екен)))

+0
05 қазан 2012, 12:36

Сырты жігіт, болмысы қызға жақын жігіттер ұнамайды, өзімнен екі есе мықты жігіттер ұнайды!

+0
06 қазан 2012, 09:45

маган жигерли, иманды, батыл, отбасым дейтин жигиттер унайды, ақ қөңіл сосын, айта берсен тагы басқа....

+0
10 қазан 2012, 16:38

:lol: :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Күңк-күңк күбір...
Күңк-күңк күбір...

Шу-шу десек Ду-ду өсек

Аралас экономиканың қазақстандық  моделі
Аралас экономиканың қазақстандық моделі

Аралас экономика әр түрлі меншік нысандарына, олардың өзара қарым-қатынасы мен...

Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...
Қарымта қайтаратын сәт келді деді ме екен...

«Үрбибімізді» «Дерзкая» десе, Бек Нұрдың «Мені ұмыт» әнін «Предала» деп...


Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...