Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Массагеттің жігіттеріне қандай қыздар ұнамайды?

Массагеттің жігіттеріне қандай қыздар ұнамайды?

Массагеттің жігіттеріне қандай қыздар ұнамайды?

Жігіттердің көңілінен шығатын қыздардың қандай болатынын анықтап көрелік. Жаман айтпай, жақсы жоқ болғандықтан, Массагет сайтының жігіттерінен қыздардың ұнамсыз типаждары туралы сұхбат алдық.

Сонымен Массагеттің жігіттеріне қандай қыздар ұнамайды?

Қайсар Қауымбек: Маған ең бастысы, шындықты айтпайтын қыздар ұнамайды. Мысалы, жігітінен жасырып, басқалармен сөйлесіп жүретін қаншама қыздар бар. Мақұл-ақ, әйел затына тән мінез ғой. Ол туралы жігітіне айтпай ақ та қойсын. Бірақ жігітіне жалған айтуы тіптен дұрыс емес. Сондайлар ұнамайды. Ал, сосын тілінің ұшында уы бар қыздар ұнамайды. Үнемі тістеп-тартып, өзгелердің көңіліне тие сөйлеуді мақсат ететін қыздар болады. Сондайлар ұнамайды.

Болат Қосмағамбет: Қатты боянатын, көп қыдыратын, боқтайтын, ішімдік ішетін, темекі шегетін, өзінде ой жоқ, басында ми жоқ, көкірегі көк тірейтін, ашық киінетін, көп білемін деген кейіппен жүріп-тұратын қыздардан құдайым сақтасын.

Уәлихан Қосанбай: Маған жалпы ашық-шашық киінетін, көп боянатын қыздар ұнамайды. Сонымен қатар көп сөйлейтін қызды да жаным қаламайды. Атам қазақ "Қызды қырық үйден тыю керек" дейді ғой. Сол секілді қыздарымыз да иманды, салиқалы, сабырлы болса, нұр үстіне нұр. Жалпы өз басым салмақты қыздарды құп көремін.

Ардақ Құлтай: Қырсық, маубас, көп сөйлейтін, ер адамды басқарғысы келетін: "қайдасың?", "үйге қашан қайтасың?" деушілерге жыным келеді.

Фараби Арыстанбеков: Шын айтам, қазір ол туралы ойланғым да келмейді.

- Неге?

- Будда болайын деп жүрмін.

Массагеттің ауа-райы әзірге осылай болып тұр. Кейбірі жамандық атаулыны ойына алмай "нирванаға" жеткісі келіп жүрсе, енді бірі ішіндегі барын ашып салудан тайынбайды.

Олай болса, Массагеттің қыздары, бойларыңызды түзей жүріңіздер.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: hq-wallpapers.ru

4832 23
Рейтинг: +7

Қосылған күні: 02 қазан 2012, 19:35
Пікірлер
+0
02 қазан 2012, 19:02

Фара, будданың әйелі болмаған деп кім айтты саған? :mrgreen:

+0
02 қазан 2012, 19:16

Фара Будданың аскезаға салынып жүрген кезін айқан болар^_^

+0
03 қазан 2012, 11:21

Будданың әйелі болған, бірақ ол басқалар туралы әңгіме айтпаған

+0
03 қазан 2012, 11:32

зацикливайтесь

+0
02 қазан 2012, 19:19

Қыздың жаман болуы жігіттерге байланысты.....ал жігіттің жақсы болуы өзіне байланысты

+0
02 қазан 2012, 19:34

Лёлик, "қыздар бізсіз түкке жарамсыз" деген еркектің шовинизмің бақырайып көрініп қалды^_____^ Қыздың жақсы болуы шешесіне байланысты емес пе?

+0
03 қазан 2012, 11:06

қыз не үшін боянады, сәнденеді дейміз ғой...ал біз не үшін жақсы боламыз дегендей..бәрі бір-біріміз үшін. Әрине, қымызды кім ішпейді, қызды кім сүймейді дейді ғой...Маңдайға жазылған сол бір жақсы қыз аман болсын!

+0
03 қазан 2012, 11:18

^_^ провокацияма көнбей, сытылып шығып кеттің, +1

+0
02 қазан 2012, 19:19

Хе-хе :D

+0
02 қазан 2012, 19:20

Ереке, қулық жасап өзінің пікіріңді қоспапсың ғой~_^

+0
02 қазан 2012, 19:22

"батыр болсаң бопсаға шыда" -дегендей болып тұр ғой

+0
02 қазан 2012, 19:23

қазіргі кезде "маубас" қыздар деген бар ма :)

+0
02 қазан 2012, 19:26

Фара өтірік айтқан сияқты))) ;)

+0
04 қазан 2012, 23:15

неліктен олай дейсіз...Өтірік айту менің әдетім емес. Және сүйетін қызым болғандықтан шығар, бұл тақырыпта ешнәрсе ойланғым да, айтқым да келмейді.

+0
02 қазан 2012, 20:03

"Олай болса, Массагеттің қыздары, бойларыңызды түзей жүріңіздер." :!:

+0
02 қазан 2012, 20:07

Сізге қандай қыздар ұнамайды, Еркебұлан? ;)

+0
02 қазан 2012, 21:58

:lol: :lol: :lol: Еркебұлан өзің жазбапсың ғооо

+0
03 қазан 2012, 00:30

Әшейін айта салып едім деп жалт бұрылсам е! Негізі жігіттердің ең ұнатпайтын қызы - өзінің сүйгені. себебі, ол қызғаныштан жан-жарының бойынан мін іздей бастайды.

+0
03 қазан 2012, 00:56

:D жауабын күтіңіздер)

+0
03 қазан 2012, 00:56

Өзіңе ше Ерке?

+0
03 қазан 2012, 11:23

Біздің жігіттерге қарапайым, жуас қыздар керек екен :roll:

+0
05 қазан 2012, 09:02

керісінше маған жуас қыздар ұнамайды, асау аттай тулап тұратын, наз қылығымен ерелей білетіндер ұнайды. қыздардың қылықты болғандары жақсы ғой,момын болғаны несі жақсы.

+0
17 желтоқсан 2012, 03:07

Фара, батыстың бал ерке кызын керемет аялайды екенсиз)))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...