Бейсананың күші шексіз

Бейсананың күші шексіз
Фото: vk.com

Адамның бейсанасы қоршаған ортадан түскен барлық ақпаратқа ие. Не көресіз, не естисіз, не білесіз, – бәрі осы бейсанада. Бейсана барлық сұраққа жөнді жауап бере алады. Ол сіздің кез келген ақпаратқа эмоциямен қарауыңызды қамтамасыз етеді, соның арқасында сіз өмірлік мақсатыңызды айқындайсыз. Нақты бір ақпаратты жүрегіңіз жақын қабылдаса, бейсанаңыз бұның орындалуы үшін жұмыс істей бастайды. Мысалы, үй сатып алуды қатты армандадыңыз. Осыдан кейін үй сатып алу туралы көп ести бастайсыз, үй алған адамдарды жиі жолықтырасыз. Шетелге шыққыңыз келсе, шетелге шығу туралы мақалаларды көп оқып кетесіз, өзге елге саяхат жайында миыңызға ақпарат өзінен-өзі түсе бастайды. Бейсанаңыз мақсатыңыздың орындалуы үшін сіздің назарыңызды керек ақпараттарға аударады. 

Алдыңызға жаңа мақсат қойсаңыз, бейсана оны бұйрық ретінде қабылдайды. Бұйрықты орындау үшін сөзіңізді, әрекеттеріңізді мұқият саралап, өзіңізді толықтай мақсатқа жету жолына бағыттайды. Егер сіз дұрыс сөйлеп, жақсы әрекет жасасаңыз, мақсатыңыз айқын, ісіңіз оңды болса, алынбайтын асу жоқ. Мақсатыңызға жетесіз!

Бірақ таяқтың екі ұшы бар екенін ұмытпайық. Егер сіз алдыңызға дұрыс мақсат қоймасаңыз, жаман сөз айтсаңыз, өзіңізді бағаламасаңыз, бейсанаңыз ойыңызды, сөзіңізді назарға алып, өз жұмысын істей береді. Сіз қиындыққа жолығасыз. Сондықтан "жақсы сөз – жарым ырыс" екені есіңізде жүрсін. 

М. Оңғарова