Мінез түрлері мен типтері #2

Мінез түрлері мен типтері #2
Фото: StroyKat.com

Мінез – адамға туа бітті қалыптасып, өзгеріп отыратын қасиеттерінің жиынтығы. Ол қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға реакциясынан көрінеді. Мінез ерекшелігі жөнінде ерте заманнан бері зерттеліп келеді. Ең алғаш мінезді сипаттап жазған – Теофраст. Одан кейін А.Бен, Т.Рибо, И.Кант, М.Фуле, А.Е.Личко, К.Леонгард сынды ғалымдар мінезді зерттеп, бірнеше түрлерге, типтерге бөліп қарастырды.

Басы

7. Шизоидті не уайымшыл тип. Тұйық, ұялшақ, адамдармен ашылысып сөйлесе бермейді. Өзгелерді ұнатып, жақтырмай отырғанын көзқарасымен бірден білдіреді. Ойларын сыртқа ашық айта бермейді, алайда алтын сандықтың кілтін тауып сөйлесе алған адам ішкі жаны терең қиялға толы екенін аңғарады. Өз қатарластарына қарағанда, үлкендермен әңгімелескенді, бірге болғанды жақсы көреді. Қалжың көтере біледі. Мақсатына жетпей қоймайды.

8. Эпилептоидті не эмотивті тип. Көп жағдайда көз жасыммен қорқытамын деген шешімге келеді, өзгелердің жиі мазасын алады. Өзін басқалардан жоғары санайды. Мансапта биікке көтерілу үшін бастықтардың алдында құрдай жорғалап, қолынан келгеннің бәрін жасайды. Өзін өте жақсы көреді. Жауапкершілігі бар, тым сезімтал.

9. Истероидті тип. Үнемі жұртшылық назарында болуды қалайды. Ол елеусіз қалып, басқаларды мақтап жатса, жақтырмайды. Қай-қай жерде де көшбасшы болғысы келеді. Өзіне тым сенімділігі өзгелерге ұнамайды. Басқаларға ұқсамайды, басқаша ойлайды. Эгоист, екі жүзді, жұмыстан қашады.

10. Тұрақсыз тип. Ерік-жігері төмен, өздігінен шешім қабылдай алмайды. Өлі балықтай өмір ағысымен қалқи береді. Жұмыссыздықты, той-думанды жақсы көреді. Кәсіби қызығушылығы жоқ, болашағына алаңдамайды. Айналасында барлық құбылысқа аузын ашып таңырқап жүреді.

11. Экстравертивті тип. Достары, таныстары өте көп. Ешкімнің сұрауын жауапсыз қалдырмайды. Сұхбаттасушысын зейін қойып тыңдайды. Достары мен жақындарына лидерлікті береді. Көп нәрсені ойланбай істейді. Әңгіме айтып отыруға құмар. Уақытты көңілді өткізуді қалайды.

12. Интравертивті тип. Тұйық, данышпандыққа бейім. Жалғыздықты сүйеді. Өміріне, жеке кеңістігіне біреу кірген кезде ғана шу шығарады. Ұстамды, белгілі ұстанымдармен өмір сүреді. Бірбеткей, идеяларын басқаларға мойындатқысы келеді. Ойы қате болса да, соңына дейін дәлелдеп бағады.

Ал сіз қай типке жатасыз?

@. @assel_assanova