Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ұйқысына қарап таны

Ұйқысына қарап таны

Ұйқысына қарап таны

Тұрақты оқырмандарымызға  бұдан алдын адамды, әсіресе, жігіттер қауымын отырысына, күлкісіне, шалбарына, беттегі әжіміне, жұлдыз жорамалына қарап мінезін тануды, ойын оқуды, сезімін білуді айтқан болсақ, бүгін тағы бір сыр сандықты алдарыңызда ақтарғалы отырмыз. Яғни, адамды ұйқысына қарап тану жолдарын назарларыңызға ұсынамыз.

Мамандарымыз адам баласының төрт бірдей қалыпта жиі ұйықтайтындықтарын анықтаған екен. Олардың сөздеріне нанар болсақ, осы төрт көрініс арқылы адамның құпиясын оп-оңай біліп алуға әбден болады.

Құрсақтағы бала секілді жату

Анасының құрсағында жатқандай ұйқы құшатын адамдар өмір шындығын сол қалпында қабылдаудан жүрексінетін жандар екен. Нақтырақ айтсақ, олар айналасында болып жатқан күрделі әрі кенеттен болған өзгерістерге өздіктерінен еріп кете алмайды. Мұндайлар әрқашан да өзіне жол көрсетететін, өзі үшін жауапкершілікті мойнына алатын «нұсқаушыларға» зәру екендігін біліп жүріңіз.

Етпетінен жату


Етпетінен жатып тәтті түс көруді жөн көретін адамдар өз өмірлеріне өздері қожа. Олар қаншалықты ауыр болса да, кез келген қиындықты өзгенің көмегінсіз шешуге құштар болып келеді. Осы мінездерінің арқасында талай қиын-қыстау күндерді артқа тастап келе жатқан мұндай жандар өз шешімдерін ғана дұрыс деп табады. Сондай-ақ, айтқан сөзінде тұратын жақсы қасиеттерден де ада емес.

Шалқасынан түсіп жату

Ханның мұрагерлеріне тән дәл осындай жатыспен ұйықтайтындар өздеріне сенімді, психологиялық жағынан қиындықтарға душар емес, рухы биік жандар қатарына жатады. Олар өмір өзеніндегі кез келген кедергіге төтеп беріп, әрбір аяқтан шалушымен тайсалмастан күресе алады және қашанда «жеңімпаз» деген атаққа өзі ие болады. Қайтпас қайсар болған әрине жақсы, алайда, олардың бойынан өзімшілдік, тәкаппарлық сынды жағымсыз қасиеттерді кездестіріп жатсаңыз, таң қалудың еш қажеті жоқ.

Бір бүйірлеп жату

Өзіңіз құпиясын ақтарғыңыз келіп жүрген жан бір бүйірлеп жатып ұйықтайтын болса, қуана беруіңізге әбден болады. Себебі, мұндай қалыпта ұйықтайтындар салиқалы ақыл-ойдың иелері екен. Сіздің тарапыңыздағы үкілеген үмітті ақтауға толық шамалары жетеді. Олар басқа түскен кез келген тауқыметті ақылмен шешіп, жолын оп-оңай тауып кете алатындығымен көпшілікке сыйлы болып та жүр.

Ұйқыда жатқан адам үшін қатып қалған қағида жоқ. Олар осы сөз етілген төрт қалыпта да кезек-кезек ұйықтаулары мүмкін ғой. Абыржымаңыз. Мұндай жағдайда ол қайсы жатысты көп қолданса, соны басшылыққа алсаңыз қателеспейсіз.

Ұйқыларыңыз тыныш болсын!

Суреттер:malisham.by,lori.ru

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

8085 13
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 30 қыркүйек 2012, 03:10
Пікірлер
+0
29 қыркүйек 2012, 19:43

:lol: :lol: :lol: мен де бір бүірмен жатам )

+0
29 қыркүйек 2012, 21:00

Ұйықтап қалғанша міндетті түрде етбетіммен жатам (сипаттамамен келісем : ) ал ары қарай, яғни еркімнен тыс "бір бүйірлеп кетем" (сипаттамамен келісем : )

+0
29 қыркүйек 2012, 22:27

мен 4-еуі мен де ұйықтай беремін

+0
30 қыркүйек 2012, 03:02

Мен кобинше шалкамнан жатамын :D

+0
30 қыркүйек 2012, 13:18

салиқалы ақыл-ойдың иесі екем :D

+0
30 қыркүйек 2012, 13:31

бүйірмен жатады екен. алайда, салиқалы ақлы-ойдың иесі едім деп ешқашан айта алмаспын

+0
01 қазан 2012, 09:42

ал мен сіз сондай жандардың қатарындасыз деп сеніммен айта аламын))))

+0
30 қыркүйек 2012, 15:12

Етбетіммен жатып ұйықтаймын.

+0
30 қыркүйек 2012, 15:53

оң жақпен жатамын

+0
30 қыркүйек 2012, 19:49

Етпетінен жатам :D

+0
01 қазан 2012, 11:22

Етбетімнен жатып ұйықтаймын)

+0
01 қазан 2012, 16:17

шалкамнан жатамын

+0
25 қараша 2012, 20:28

көбінесе шалқамнан жатып ұйықтаймын :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...