Ғашықтықты қалай білуге болады?

Ғашықтықты қалай білуге болады?
Фото: Бекзат Кадирбеков Казахстан, Атырау

Ол сізді сүйіп қалды ма? Қалай анықтауға болатынын білмей жүрген боларсыз? Олай болса, жігіттегі ғашықтық белгілері:  

1. Ойлау жүйесі өзгереді. Енді ол баяғыдай сізге көп қыздың бірі деп қарамайды. Ең бастысы, оның өзі сүйетін жалғызы, қалаулысы табылды;

2. Өкпелетіп, жүрегіңізді ауыртып алмауға тырысады. Жиі қасыңыздан табылып, күтім жасайды;

3. Ғашық жігіттің езуінен күлкі кетпейді. Тіпті, ертең жұмыс күні басталатын дүйсенбі болса да. Көңіл-күйі тез өзгеріп жатса, махаббаттың алғашқы вирусы!

4. Күтімсіз жүретін адамның өзі де кенеттен тап-таза, сәнді киініп кетеді. Шкафында жаңа киімдер пайда болып, киім кию үлгісі өзгереді;

5. Әрдайым гүл сататын дүкеннен табылады;

6. Жиі-жиі жіберетін смстер мен жүзіндегі күлкі ғашықтықты білдіреді;

7. Жұмыс туралы айтатын әңгімелері күн санап азая түседі;

8. Достарымен сирек кездесіп, өз ортасында жүрген адамдармен аз араласып, үнемі жоғалып кететін болады;

9. Араңызда болған романтикалық комедия мен драмаға теріс қылық көрсетпейді;

10. Лирикалық балладаларды көп тыңдайды;

11. Үйінде әйел затына қатысты аксессуарлар пайда болады. Мәселен, шашқа жағатын гель, әйел затына қажетті заттар, т.б.

12. Ол енді үнемі жеке қалғаныңызда хабарласып тұрады. Әйтпесе, кейінірек тағы бір қоңырау шалуға уәде береді;

13. Оның бойында белгісіз бір беймазалық пайда болып, ойы ұшпақта жүреді;

14. Күні бойы қанша ауыр жұмыс істесе де, түнде ұйықтай алмай мазасы кетіп, дегбірі қашады;

15. Бұрынғыдай өзі қызығатын дүниелер мен хоббилерге әуес танытпайды. 

16. Физикалық әлеуетін арттыру мақсатында спортпен айналыса бастайды;

17. Ол енді тамақ ішетін уақыт пен бұрынғы өмір кестесін естен шығара бастайды;

Сізге ұнайтын жігіттің сізді сүйгені тамаша емес пе?! Алайда, ғашық болу мен махаббаттың арасы жер мен көктей. Сондықтан қазірден бастап қарым-қатынасыңызды реттеп жүруге тырысыңыз.

Г. Берік