Бананды қай жануар бірінші қағып алады? (тест)

Бананды қай жануар бірінші қағып алады? (тест)
Фото: Zastavki.com

Бір ғана банан, төрт жануар бар. Арыстан, маймыл, жираф, тиін. Төртеуі қатар тұрса, бір банан қайсысына бұйырар еді? Таңдаған жауабыңызға қарай, өз сипаттамаңызды оқыңыз.

Егер арыстан алады десеңіз, сіз күрескерсіз. Айбатыңыздан адам қорқады. Барлық жерде көшбасшы болғанды жақсы көресіз. Біреу пікіріңізге келіспесе, оны жек көріп кетуге де барасыз.

Ал жирафқа бұйырады деп есептесеңіз, бұл сіздің логикаңыз жақсы дамығанын көрсетеді. Барлық істі тереңінен ойланасыз. Қай сұрақты болса да, ақылға салып шешкенді жақсы көресіз.

Маймыл алады дейтіндер де, ойланғанды жақсы көретіндер. Олар аз сөйлеп, көп тыңдайды, өте ақылды келеді. Ештеңені ойсыз істемейді, асығыс шешім қабылдамайды. Сезгіштік қасиеті де жақсы дамыған.

Тиін бананды бірінші қағып алады деп жауап бергендер өмірге өте құштар. Мәселені тереңнен емес, тек оң жағынан ойлайды. Үнемі көңілді жүреді. Алқызыл көзілдірігін ешкім шешпеуін қалайды. Өмірден тек жақсылықтарды ғана көреді.

@. @assel_assanova