Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Екінші дубль: әрине қыздарды таң қалдыру қажет!

Екінші дубль: әрине қыздарды таң қалдыру қажет!

Екінші дубль: әрине қыздарды таң қалдыру қажет!

Редакциямыздың жігттері кеше жариялаған мақаласын оқып, қыздар қауымы атынан кейбір түсініктеме беруді жөн көрдік.

Бірден айта кетейік, біз ақ боз ат (мерседес, порше, бугатти) мінген ханзадалардың тапшы екенін білеміз, олармен ертегідей сиқырлы кездесуді күтуді де қойдық.

Бірақ, нағыз романтиктер қырылып қалыпты деп ойламаппыз! Нағыз сері жігіттер мен батыл романтиктер қайда кеткен? Романтикалық тосын сый жасауға бастары жетпейтіндей ерлер соншалықты ұсақталып кеткен бе? Бұл сөздерге бір кеш бұртиып, бүгін романтикаға осыншама құмарлығымыздың сырын ашуға бел будық. 

Бала кезімізден біз мөлдір махаббат туралы әдемі ертегі тыңдап өстік. Онда ақ боз ат мінген ханзада қарапайым қызға ғашық болып, оған аспандағы айды да алып беруге дайын болады. Өсе келе, романтикалық кино мен сериалдарды қарай бастадық. Онда да асқан сұлу және бай жігіттер момын қыздарға өлердей ғашық болып, оларды таң қалдыру үшін ессіз қылықтарға барады. Әрине, бәрі әдемі салтанатты үйлену тойымен аяқталады.

Осындай ертегіге сеніп өскен қыз қалайша өз ханзадасын күтпейді? Қалайша оны әр жігіттен іздемейді? Мейлі ол не ақ боз аты, не мерседесі, не поршесі жоқ (жігіттер өз мақаласында жазғандай) "қалыпты" жігіт болсын (бугатти жайлы сөз қозғамаймыз да). 

Біз қалыпты жігіттен не күтеміз деп сұрайсыз ба? Біріншіден, шын сезім, ерекше ілтипат. Жүректен айтылған жылы сөздер, біздің өмірімізге, отбасымызға, жұмысымызға деген шынайы қызығушылық. "Әйел құлағымен жақсы көреді" деген сөз бар. Сондықтан сезімді жандандырып отыратын бір ауыз жағымды сөз ауадай қажет.

Тапсырыс бойынша ертегі, әрине, қарапайым қызды да сүйсіндіреді. Алайда, осындай тосын сыйларды тек ерекше жағдайда (алғашқы кездесу немесе сөз салу) қолданған жөн. Осы жағдайда бұл өмір бойы есте қалатыны сөзсіз.

Ал күнделікті өмірде сіздердің адал махаббаттарыңыз жеткілікті. Ал оның адалдығын әйел жүрегі әрқашан сезеді.

P.S. Ал түзелмейтін романтиктерге, сондай-ақ қыздың терезесінің алдында айтылған өлең, торттың ішіне тығылған сақина сияқты ерекше амалмен қыз жүрегін жауламақшы болған қалыпты жігіттерге айтарымыз келесі:  осындай сыйлықтарды қыздың сезіміне 100% сенімді болсаңдар ғана істеңіздерші. Басқа жағдайда, сіз байғұс қызды ыңғайсыз жағдайға қоясыздар. Бұл әрекеттер үлкен батылдықты, сондай-ақ қаражатты талап ететінін біле тұра, сіздерге қалай жоқ дейді? Алайда, жүрекке әмір жүрмейді...

Осы тақырыпты форумда талқылаңыз

 

4401 11
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 25 қаңтар 2012, 13:17
Пікірлер
+0
25 қаңтар 2012, 16:49

Ақ боз аты жоқ жігіттерге арналған екен) Жігіттер ең бастысы шынайылық, қарапайымдылық) Реальная любовь киносындағы әкесінің баласына айтқаны есіме түсіп кетті "Пока не идут титры - всегда есть шанс" Қарапайым жігіттер іске сәт!

+0
25 қаңтар 2012, 17:06

Шынымен жігіт қыздың "иә" деп айтатынына сенімді болған кезде ғана романтикалық іс-әрекет жасағаны абзал, әйтпегенде екеуі де ыңғайсыз жағдайда қалады.

+0
26 қаңтар 2012, 02:14

Соңғы сөздері өте орынды жазылған!!! Шынымен, кейбір жігіттер қымбат сыйлық (тіпті әлі сүйіктісі болмай тұра) жасайды. Қыздың басында неше түрлі ойлар пайда болады. Біз көбінесе адамның көңіліне қараймыз ғой, сондықтан, жанағы жағдайларда біз өзімізді жоғалтып алуымыз мүмкін!))

+0
26 қаңтар 2012, 12:00

Толықтай келісемін!!!

+0
26 қаңтар 2012, 09:28

Студент кезімде бір қызды аялдамадан автобусқа салып жіберіп,оны өз аялдамасынан күтіп алу үшін таксимен сол аялдамаға барған кездерім болған.

+0
26 қаңтар 2012, 09:39

Қызық екен

+0
26 қаңтар 2012, 09:40

Айеке, білейін дегенім, қыз мұндай тосын сыйды қалай қарсы алды? Мені автобусқа салып жіберіп, өзің таксимен жетіпсің деген жоқ па? ))

+0
26 қаңтар 2012, 09:47

Таң қалып қалды басында.Таксиге оны салмағаныма ренжімейді ғой..Жалпы,мен ол қыздың барлық еркеліктері мен өтініштерін орындадым дей аламын өз кезінде. Мынандай оқиға болды.
Группаластармен келе жатқанбыз.Алдымызда бір орыстың қызы келе жатты."Мені сүйсең ана орыс қызына қар шашып жіберші" деп өтінді. мамық қарды алақаныма толтырып алдымда "Привет,Оля!" деп айғайлап барып бетіне шашып жібердім.содан кейін"Кешіріңіз,мен шатасып кетіппін "дей салдым

+0
26 қаңтар 2012, 09:47

Мұныңыз енді жөн болмапты((

+0
26 қаңтар 2012, 09:53

Ол кезде ненің жөн,ненің жөн емес екенін бағамдайтын жаста емес едік.

+0
26 қаңтар 2012, 11:31

Втему анекдот (есіме түсіп кетті): Бір купеде жас жұбайлар мен бір грузин шал сапар шегіп келеді. Шалдың ешкімде шаруасы жоқ, теріс қарап ұйықтап жатыр. Әлгі жас келіншек күйеуіне, "Мені шынымен жақсы көрсең, ана шалдың бір тал шашын жұлып бер", - дейді. Күйеуі оның сөзін екі етпей, грузин шашын жұлып береді. Кішкенеден кейін, келіншек өтінішін қайталайды. Еркек баяғы грузиннің тағы бір шашын жұлып береді. Келіншек үшінші рет сұрайды. Күйеуі грузинге тағы жақындай бергенде, шал оған бұрылып,"Лубиш, нэ лубиш, я вам ышто ромашка што ли", - деген екен.)))))

+0
26 қаңтар 2012, 12:03

))))

+0
26 қаңтар 2012, 12:01

Аузы ашылып, көзі жұмылған смайлик! )))

+0
26 қаңтар 2012, 11:38

байғұс шал, станциясына жетем дегенше шашы қалмаған шығар

+0
26 қаңтар 2012, 12:04

Нүргүлдің әзілі қызық екн! )))

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Түс туралы не білеміз?
Түс туралы не білеміз?

Келесі кезекте, түс жайлы қызықты фактілерді келтіремін

Моана
Моана

Жаңадан шыққан Диснейлік мультфильм балалар жүрегін жаулап алды.

Автор: Medina Musa
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)
БІР ҒҰМЫРДЫҢ БАЯНЫ (әңгіме)

Әншейінде күзгі аспанға ұқсап тұнжырап жүретін қарттың ерекше ықтиярлы болып...

Ақ қайың
Ақ қайың

Менің үшінші әңгімем...

Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....
Парадокс интенциясы һәм Өмірдің МӘНі ....

Қызықты кітап оқығыңыз келіп жүрсе, оқып шығыңыз....

Автор: Ayazhan Muhatay

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...