Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Әдептілік ережелері. Көп таралған қателіктер

Әдептілік ережелері. Көп таралған қателіктер

Әдептілік ережелері. Көп таралған қателіктер

Әдепті, мәдениетті болу жолында көп қателіктер жібереміз. Әлбетте, өмір ережелер мен қағидалардан тұрмайды. Алайда қарапайым әдіптілік ережелерін ұстана отырып әдемілік пен ұқыптылық тұрғысынан үлгі бола аламыз. Ал бұл табысты болудың басты шарттарының бірі.  

Қолшатырды үйде де, офисте де ашып қойып кептірмейді. Оны жинаулы күйде арнайы сүйеуішке қойып қою керек немесе іліп қою керек. 

Отырған кезде сөмкені алдыңызға немесе жаныңызға қоймаңыз. Кішкентай сөмке немесе клатчты үстелдің үстіне қойып қоюға болады, ал үлкен сөмкені орындықтың арқасына іліп қойыңыз. Егер жаныңызда кішкентай сөмке қоюға орындық болмаса, жерге қойып қойыңыз. Портфельді әрдайым жерге қояды.

Целлофан пакеттерді супермаркеттен келер жолда ғана ұстап жүру ләзім, сонымен қатар бутиктерден алынған фирмалық пакеттерді де. Кейін сөмке ретінде ұстау - сараңдық белгісі. 

Әйел адам ғимаратқа кіргенде шляпа мен перчаткасын шешпеуіне болады, бірақ шапка мен қолғапты міндетті түрде шешуі керек. 

Мейрамханада шотты төлеу тәртібі: Егер ер адам "Мен сізді шақырамын" десе, шотты ер адам төлейді, ал егер әйел адам әріптесін қандай да бір істерді талқылау үшін шақырса, шотты өзі төлейді. Егер ұсыныс "Мейрамханаға барайық" деген ретте айтылса, әр адам өзіне төлейді. Егер ер адам шотты төлеуді өз мойнына алса, әйел адам келісуіне болады. 

Лифтке әрдайым ер адам бірінші кіреді, бірақ шығарда есікке кім жақын тұр, сол бірінші шығады. 

Көлікке отырғанда жүргізушінің арты құрметті орын болып саналады. Ол жерге әйел адам отырады, ер адам жанына жайғасады. Көліктен шыққанда ер адам көліктің есігін ұстап тұрып, әйел адамға қолын ұсынады. Егер ер адам рөлде отырса, әйел адам оның артына отыруы керек. Алайда қай жағдайда да ер адам көліктің есігін ашып, әйел адамға түсуге көмектесуі тиіс. Бірақ соңғы кездері ерлер бұл қағиданы мүлдем орындамайды десе болады.

Жұртқа диетада отырмын деп естірте айту ерсі болып саналады. Әсіресе қожайын сізге тамақтан ауыз тиюін ұсынса. Ештеңе жемесеңіз де, қожайын әйелдің кулинарлық дарынын мақтап қойыңыз. 

Көпшілік жиналған ортада әңгіме болмауға тиіс тақырыптар: саясат, дін, денсаулық, ақша. "Керемет көйлек! Қаншаға алдыңыз?" деген сынды сұрақтар орынсыз. Егер де осындай сұрақ қойылса, жымиып "Сыйлыққа алғам" деп жауап беріңіз де, әңгімені басқа арнаға бұрыңыз. Егер әңгімелесуші адам сұрақ қойып, мазаңызды алса "Бұл жайлы сөйлескім келмейді" деп қысқа қайырыңыз. 

12-ге толған әрбір адамға "сіз" деп сөйлеу керек. Мейлі даяшы болсын, мейлі жүргізуші болсын. Жұрттың көзінше әріптестермен де "сіз" деп сөйлесу ләзім. Егер танымайтын адам, сізге "сен" деп кекиіп тұрса "Сіз маған айтып тұрсыз ба?" деп анықтап алыңыз. Егер әлі де түсінбесе "Біз сенге көшкен жоқ едік, кешіріңіз" деп сабырлы жауап беріңіз.

Біреуді сыртынан балағаттау әдепсіздікке жатады. Әсіресе, туған-туыстар мен достарды сөз қылу, жамандау. Әр адамның өз туысы мен өз достары - өзіне. Сонымен қатар, өз елі мен мемлекетін жамандау да ерсілік.

Сурет: chacha.com

Дайындаған: Анар Мұстафина 

9185 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 23 қыркүйек 2012, 14:16
Пікірлер
+0
23 қыркүйек 2012, 16:07

Оте дурыс

+0
23 қыркүйек 2012, 21:21

Қазір бұл қағидаларды көбі ұстамайды, шынымен өте қарапайым нәрселер ғой

+0
24 қыркүйек 2012, 12:01

Біреуді сыртынан балағаттау әдепсіздікке жатады. Әсіресе, туған-туыстар мен достарды сөз қылу, жамандау. Әр адамның өз туысы мен өз достары - өзіне. Сонымен қатар, өз елі мен мемлекетін жамандау да ерсілік. Екі қолды көтере қолдаймын!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!

+0
24 қыркүйек 2012, 13:37

Сонда, перчатка мен қолғаптың айырмашылығы неде??? :roll:

+0
25 қыркүйек 2012, 12:55

соны айтам-ау :roll:

+0
25 қыркүйек 2012, 16:25

Екеуі екі түрлі нарсе гой, бүкілі белгілі емес пе. Перчатка жұқа боп келеді және көбінесе сәндік ретінде болады, ал қолғап қалын боп келеді оны жылулық үшін киеді ;)

+0
08 қазан 2012, 14:29

негізі перчатка орысшасы, ал қолғап (немесе қолбақ :mrgreen: ) қазақшасы!

+0
24 қыркүйек 2012, 13:41

Ал егер көлік оң жақ рөлді болса ше? Қызды құрметсіз орынға отыр,ызып қойғанымыз болады емес па? :roll:

+0
25 қыркүйек 2012, 17:20

Үнемі көліктің артқы жағына отырады екем. Айтылғандар орынды.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

"Папаңнан" ұят болмасын...

Мен ұғынып болмаған тәрбие

Құлағыңды кесіп алайын ба?!
Құлағыңды кесіп алайын ба?!

Құлақ есту үшін бе әлде бастың пішінінің әдемілігі үшін бе?

Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...
Өмірдің өзі үлкен қоңырау секілді...

Өмірдің симфониясы болған сыңғырлар.

БУВЕ НҮКТЕСІ
БУВЕ НҮКТЕСІ

"Олардың тарихы" беллетристикасынан

Автор: Мерей Қосын

Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...