Әйелдің болжамы ерлердің дәлдігінен нақты

Әйелдің болжамы ерлердің дәлдігінен нақты
Фото: Otyrar.kz

Әйел адамдар мен ерлерді жекелей алып салыстыратын болсақ, әйел адамдар көп жағдайда сенімді және сендіре алады екен. Әйел адамдардың болжамының өзі ерлердің нақты жауабына қарағанда дәлме-дәл көрсеткішті беріп жатады. Тіпті, Ливия елінің бұрынғы басшысы Муаммар Каддафи өзін өлімнен сақтап жүру үшін сенімді күзетші ретінде қырық қызды тағайындаған. Ер адамдарға қарағанда әйел адамдардың сертке берік, антқа адал екенін өз сұхбатында айтқан. Не үшін әйел адамдар ондай қасиетке ие?

1. Ғалымдардың пікірі бойынша әйел адамдар ерлерге қарағанда моральдық қиындықтарға оңай төтеп бере алады. 

2. Психологтар ерлер әйелдерге қарағанда тез шаршайтынын айтқан.

3. Әйелдер 50 сағатқа дейін ұйықтамай жүре алатын болса, ер адамдардың бұл қасиеті бар-жоғы 35 сағатты көрсетеді.

4. Әйелдер бір уақытта бірнеше дүниені ойлап, шешімін таба алады. Ер адамдар бір күнде бір мәселені ғана толық қамти алады.

5. Әйелдердің қан айналым жүйесі ерлерге қарағанда 2 секундқа жылдамырақ.

6. Әйелдер о бастан ақыл айтуға бейім. Оларды тыңдағанды жаны сүйеді.

7. 5 жасар қыз балаға қуыршақ, сәйкесінше 5 жасар ер балаға машина беретін болсақ, ер балалар машинаның қызығына кіріп, оны жүргізіп ойнап кетеді. Қыз балалар қуыршаққа ақыл айту әдетіне кіріседі. "Неге ұйықтамайсың, қашан тамақ ішесің, киімің ұнамай тұр",– деген тіркестер көп айтылады.

8. Әйелдер жан-жақты көзқарасты қамтиды. Ер адамдар жалғыз өз пікірін құрметтейді.

Әйелдердің ерлерге қарағанда сенімді серік екеніне сіз қалай қарайсыз?!

Ә. Жутаева