Қалтада үнемі ақша жүрсін десеңіз...

Қалтада үнемі ақша жүрсін десеңіз...
Фото: Tengrinews.kz

Күнделікті күйбең тірлікте ақша табу мен оны жарату мәселесі үлкен проблема туындатады. Үнемі қалтамызда ақша жүру үшін не істеуіміз керек?

1. Шамадан тыс ақ көңіл болмаңыз. Бүгінгі қоғамда сізді пайдаланып кететіндер де табылады. Орнымен қыдырып, орнымен шашылуға дағдыланыңыз.

2. Жұмыс талғамаңыз. Егер сіздің әл-ауқатыңыз, ерік-жігеріңіз жетіп тұрса, кез келген жұмысты жасай беріңіз.

3. Бос уақытыңыз көп болуынан сақтаныңыз. Керісінше, қарбалас күй кешкен өте дұрыс. Жас кезіңізде күш-қайрат, ақыл-ой көп болады. Барынша сол нәрселерді тиімді пайдаланып үйреніңіз.

4. Ай сайын жалақы алатын болсаңыз, ақшаңыздың белгілі бір мөлшерін банкомат карточкаңызда қалдырып кетіңіз.

5. Қымбат мейрамхана, артық қыдырыс, қымбат бренд киімдерден аулақ болыңыз. Оның үстіне мұндай заттарға ақшаңыз жетпейтін болса, қарызданып, шығынданбаңыз. Әр нәрсенің уақыты болады.

6. Ақшадан ақша өндіру қағидасына көңіл бөліңіз.

7. Ақшаңызң қайда жұмсалып жатқанынан өзіңізге есеп бере алатындай болыңыз. Ол үшін жазып-сызып қойғаныңыз да артық етпейді.

8. Өзіңізге тиімді әрі үнемді жағын ойлаңыз.

9. Жеңілдіктерді, арнайы тегін дүниелерді пайдаланып қалуға тырысыңыз.

10. Әр нәрсенің өз есебі барын ұмытпаңыз.

Ә. Жутаева