Шарма: Өмірдің 200 сабағы

Шарма: Өмірдің 200 сабағы
Фото: 摄影图库

Робин Шарма – канадалық жазушы, Солтүстік Америкадағы мотивация, көшбасшылық, жеке бастың дамуы жөніндегі ең әйгілі маман. Шарма ұсынған өмірдің 20 қағидасына көз жүгіртейік.

1. Аз ұйықтаңыздар. Бұл өміріңізді одан бетер толық және өнімді етеді. Көпшілік адамдарға 6 сағаттық ұйқы жетеді. 21 күн ішінде бір сағатқа ерте тұруға тырысыңыздар, ақыры бұл әдетке айналады. Есіңізде болсын: ұйқының сағаты емес, сапасы маңызды.

2. Таң ертең бір сағатыңызды жеке бас дамуына бөліңіз. Бүгінгі күніңізді көзге елестетіңіз, шабыттандыратын мәтіндерді , мотивациялық жазбаларды немесе ұлы кітаптарды оқыңыз. Бұл тыныш уақытты барынша тиімді пайдаланып, бүгінгі қарбалас кезеңге дайындалыңыз. Аптасына бір рет күннің шығуын немесе батуын бақылаңыз, таза ауада серуендеңіз.

3. Майда-шүйде емес, маңызды нәрселерге көңіл бөліңіз. Өзіңізден мынаны сұраңыз: «Мен өз уақытымды және қайраттылығымды барынша тиімді пайдаланамын ба?» Уақытты басқару – өмірді басқару, сондықтан өзіңіздің уақытыңыздың тиімсіз жұмсалуына немқұрайлы қарамаңыз.

4. Ойыңызды өмірдің тек жақсы элементтерін жию үшін резеңке бауы атты әдісті қолданыңыз. Білегіңізге резеңке бауын тағып алыңыз. Басыңызға жаман ойлар келгенде, қолыңыздағы резеңкені тартып қалыңыз. Сіздің миыңыз жаман ойды ауыртпалық ретінде қабылдап, жақын арада ойдың жақсы қоймасы қалыптасады.

5. Әрқашан телефон қоңырауына ерекше ынтамен жауап беріп, сол арқылы қоңырау шалушыға қадір-құрмет білдіре аласыздар. Жақсы телефон мәнері өте маңызды.

6. Күні бойы біздің ойымызды жақсы идеялар мен шабыттар аралайды. Өзіңіздің ойларыңызды жазып қою үшін, әмияныңызға карточкалар және қалам салып қоюды ұмытпаңыздар. Үйге келгенде, осы карточкаларды көрінетін жерге қойып, қарап шығыңыздар. Оливер Уэнделл Холмс айтқандай: «жаңа идеялар кезінде үлкейген адамның ақылы, ешқашан бұрынғы көлеміне оралмайды».

7. Жексенбілік кешті өзіңізге арнаңыз және бұл әдетті қатаң ұстаныңыз. Осы уақытты келер аптаны жоспарлау, күтілетін кездесулерді елестету, осы кездесулерде не мақсатқа жеткіңіз келетінін ойлану, жаңа мәліметтер мен кітаптарды оқу, баяу музыканы тыңдап, тынығу үшін арнаңыз. Бұл уақыт келесі аптада жинақы, мотивацияланған және тиімді болуыңызға көмегін тигізеді.

8. Мына қағиданы есте сақтаңыз: өміріңіздің сапасы – бұл қарым-қатынасыңыздың сапасы. Ол деген достарыңызбен, ең бастысы өзіңізбен қарым-қатынас. Егер сіздер пайдалы нәрселер іздесеңіздер, онда оған жетесіздер. Бұл табиғаттың заңдылығы.

9. Нәтижеге емес, мақсатқа назар аударыңыз. Кез-келген істі ұнағаны, біреуге көмек беретіні үшін істеңіз. Ақша, бедел үшін емес. Олар өздері-ақ келеді.

10. Күнде айнаның алдында 5 минут күліңіздер. Осылай Стив Мартин істейтін. Күлкі мүшеңіздегі көптеген пайдалы элементтерді іске қосады. Сонымен қатар күлкі ағзаға теңгерімділік қалпын қайтарады. Күлкітерапия көптеген дерттерді емдеп, өмірлік проблемалардан құтқарады. Төрт жастағы бала күніне, шамамен, 400 рет күлсе, ересек адам 15 рет қана күледі екен.

11. Кешкісін кітап оқығанда, шырақ жағып қойыңыз. Бұл денені босаңсытып, керемет атмосфера қалыптастырады. Үйіңізді әлемнен ажыраған, оазиске айналдырыңыз. Оны жақсы достармен, кітаптармен, музыкамен толтырыңыз.

12. Концентрацияңызды жақсарту үшін, қадамдарыңызды санаңыздар. Бұл өте тиімді әдіс. Кіре берісте 6 қадам жасап, келесі алтауына дейін дем алмаңыздар. Келесі алты қадамда дем алыңыздар. Осы жаттығудан кейін өзіңізді жақсы, жинақы сезінесіз. 

13. Тиімді медитациялауды үйреніңіз. Ақыл табиғатынан бір тақырыптан екіншісіне ауыса беретін дулы машина. Бір нәрсеге жеткіңіз келсе, өз ақылыңызды тәртіпке салу керек. Таң ертең және кешке 20 минуттан медитация жүргізіңіз, нәтижесі таңғажайып болмақ.

14. Байсалды болыңыздар. Адам, орташа есеппен, айына 30 минуттан кем тыныштықта болады екен. Күніне 10 минут тыныш отырып, одан ляззат алуды бастаңыздар. Жай ғана сізге өміріңізде не нәрсе маңызды екенін ойлап отырыңыздар. Үнсіздік алтынмен тең.

15. Өзін-өзі билеушілік қасиетін дамытыңыз. Сіздің ақылыңыз бұлшық ет сияқты, мықтырақ болу үшін алдымен оны жаттықтырып, кейін алдыға итересіз. Қарныңыз ашып тұрса, тамақтануға дейін тағы бір сағат шыдаңыз. Егер есеппен басыңыз қатып, ақылыңыз жаңа бір журналды оқығысы келсе, оны ауыздықтаңыз. Кейіннен сіз сағаттап берілген шаруаға назар сала аласыз.

Аз сөйлеп, көп тыңдау арқылы да өз-өзіңізді билейтін қасиетке ие бола аласыздар. Өсек айтуды қойып, өмірге тек қуанышпен қараңыз.

16. Күні бойы мысқыл сезімді сақтаңыз. Бұл пайдалы ғана емес, керемет атмосфераны қалыптастырады.

17. Уақытыңызды басқарып үйреніңіз. Бір аптада 168 сағат бар. Алға қойылған асқақ мақсаттарыңызға жету үшін жеткілікті. Өз уақытыңызды қатал үлестіріңіз. Күнді жоспарлау үшін таң ертең бірнеше минут жеткілікті. Маңызды істерді бірінші кезекке қою шарт.

18. Сіздің қайраттылығыңызды жаман көңіл-күймен, наразылық айтумен жұқартатын адамдардан сақтаныңыз, керісінше, бірдеңе үйрене алатын жинақы, жақсы адамдармен қарым-қатынаста болыңыз. Өмірде әр кез жетіліп, жақсы нәтижеге ұмтылатындармен сөйлесу арқылы, алдыңызға қойған мақсаттарға жету барысында, көптеген жолсерік таба аласыздар.

19. Cіздер осы әлемде уақытша ғана өмір сүресіздер. Онда өміріңізді жақсы тәжірибе қалдыру үшін жұмыс істеуге арнаған дұрыс қой? Неге өзіңізді әлемге жақсы мирас қалдыру үшін арнамасқа? Отырып, сізде бар нәрселер тізімін жасаңыздар. Отбасыңыздың денсаулығынан бастаңыз. Қай елде тұрып, қандай тамақ жейтініңізді жазыңыз. 50 пункт жазбағанша тоқтамаңыз. Аптасына бір рет бұл тізімге қараңыз, өзіңіздің қаншалықты бай екеніңізді көресіз.

20. Өмірде борышыңыз болу керек. Бұл қандай жолмен жүріп, өмірдің соңында қай жақта боғыңыз келетінін анықтайтын, қағидалар жиынтығы. Өміріңізді басқаратын және ойыңызды жинақтайтын, айына бір рет 5-10 қағида жазу үшін бірнеше сағаттарыңызды бөліңіз.

Ә. Жутаева