Адамның ғаламат мүмкіндіктері

Адамның ғаламат мүмкіндіктері

"Адамның мүмкіндігі шексіз" деген сөздің жаны бар. Иә, иә, сіз бен біздің мүмкіндігіміз өзіміз ойлағаннан әлдеқайда жоғары. Бұл сыни уақыттарда, өлім мен өмір таласқа түсіп жатқан кезде, яки өмірімізге үлкен қауіп төніп тұрған сәттерде айқын білінеді.

Қорқыныш сезімі қауіпті кездерде адам ағзасының осы "қосымша" мүмкіндігін пайдаланады. Яғни, күндердің бір күнінде бұл қасиеті жарыққа шыққанда, адам өмір бойы "бұны мен істедім бе?" деп таңырқап өтеді. Өз-өзіне. 

Адам өмірі қыл үстінде тұрғанда, адам ағзасы ғаламаттың күшімен ерекше қуатқа ие болады. Оған мысалдар жетерлік...

1. Полярлық ұшқыш өз ұшқышын жөндеп жатып, біреудің түрткенін сезеді. Жалт қараса, оны түртіп тұрған сүйкімді әрі қорқынышты ақ аю екен. Келесі секундта ұшқыш жерден екі метр биіктікте, ұшақтың қанатында тұрып есін жияды. Оған қалай шығып кеткенін ұшқыштың өзі де білмей аң-таң болады. 

2. Жеңіл машинаның астына түсіп қалған баласын құтқару үшін анасы машинаны жүк құрлы көрмей, көтеріп алады. Бұл әрекетін де жас ана түсіндіре алмады.

3. Екі жасар баланың 7-қабаттан құлап бара жатқанын көрген ана оны бір қолымен ұстап қалады. Ол баланы бір қолымен, терезенің жақтауын тек екі саусағымен құтқарушылар келгенше ұстап тұрған. Кейін құтқарушылар оның саусақтарын жақтаудан әрең-әрең ажыратқан. 

4. Қыста көлік апатқа ұшырайды. Өзінің 40 жасар ұлының өмірін сақтап қалу үшін 70-тегі әже оны арқасына салып алып, күртік қармен 13 км жерді жүріп өткен. Адам омыртқасы қиын жағдайларда 10 тонналық жүкті көтере алады екен. 

Адамның осындай сиқырлы мүмкіндігі тек өміріне қауіп төнген кезде ғана емес, ұзақ жаттығулардың әсерінен де байқалып жатады. Оған Гиннестің рекордтар кітабына енген оқиғаларды, спортшылар орнатқан түрлі рекордтарды жатқызуға болады. 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: healthaccord.net

М. Оңғарова