Флирт заңдары

Флирт заңдары

Жігіттерге шамадан тыс көңіл бөлу оларды үркітіп жіберетін болса, мұрнын көкке көтерген қыз да көңілінен шықпас. Сонда оларға не керек? Мына флирт заңдарын ұстансаңыз, жігітке ұнап қалуыңыз ғажап емес.

1. Көзіне үңіле қараңыз. Әрине таныс емес жігітке қадала қарап, оның жүрегін жаулай алмайсыз. Кірпіктеріңізді қағып қойып, ұялған көздермен бірнеше секундқа көз қадаңыз. Күлімсіреп, басқа жаққа қарап, кейін қайта қараңыз. Бұндай ойын шын мәнінде ғажап сезімнің бастамасы болуы мүмкін.

2. Жанасу. "Жанасу" әрекеттері көп болмауы керек. Оның мойнына асылғанша, абайсызда қолынан не иығынан ұстап қалыңыз.

3. Қашу операциясы. Қыздардың ең көп тараған қателіктерінің бірі. Адамдардың көзінше жігітпен ашық қылымсып ойнап, кездесуге келгенде ұялшақ қыз болып отыра қалады. Егер бұл сіз үшін тек достарыңыздың арасындағы флирт болса, жігітпен кездесуге баруға келіспеңіз. Ал егер ол расымен ұнаса, басында үміт беріп, кейін жігітті түсініксіз жағдайда қалдырмаңыз.

4. Күлкі. Күлкі - флирттегі ең мықты қару. Психологтардың айтуынша, күлкі әр қызды ерекше сұлу қылатын бірден-бір құрал. 

5. Өзіңіз болыңыз. Басқа біреудің маскасын киіп, өзіңізден басқа қыз көрсетемін деп ойламаңыз. Жігіт өтірікті сезіп қалуы әбден мүмкін. Сондай-ақ бір-біріңізге жарасып жатсаңыз, бұл өтірікті ылғи ұмытпай жүру керектігі жайлы ойланыңыз.

6. Әңгіме. Екеуіңіздің араларыңызда әңгіме басталса, оның көңілін өзіңізге аударып, ұстауға тырысыңыз. Күлімсіреңіз, оның айтқанын тыңдаңыз, келісіңіз, айтқан әзіліне күліңіз, арасында өз ойыңызды айтуды да ұмытпаңыз.

7. Шашыңызды түзеңіз. Қыздар шашын, макияжын түзеткенде, ерекше тартымды көрінеді. Сондықтан күлімсіреңіз де, шашыңызды жайып, екінші жаққа лақтырып, қайта буып қойыңыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: dobroytro.ru

С. А