Тест. Эмоцияны басқара аласыз ба?

Тест. Эмоцияны басқара аласыз ба?
Фото: Данияр Жанжуманов

Мінез-құлқыңыз, темпераментіңіз, айналада болып жатқан оқиғаларға деген көзқарасыңыз немесе реакцияңыз эмоцияға тікелей әсер ете алады. Бұл әсер сіз туралы хабар береді. Жаныңыз тез жаралана ма, біреу ұрысса, өзіңізді тез ақтап алғыңыз келе ме? Мұны мына тест арқылы білетін боласыз.

1. Ашуланған кезде төбелесуге дейін баратын сәттеріңіз бола ма?

А) Өте жиі болып тұрады 
Ә) Жоқ 
Б) Кейде 

2. Деректі фильмдер мен телехикаяларды көрген кезде немесе махаббат туралы өлең оқып жатқан сәтте көзіңізге жас аласыз ба?

А) Жоқ 
Ә) Кейде жылаймын 
Б) Үнемі жылаймын 

3. Көңіл-күйіңіздің еш себепсіз жиі өзгеріп тұратынын байқайсыз ба?

А) Ия 
Ә) Өте жиі 
Б) Жоқ 

4. Өзге түгіл өзіңіз де тынышталдыра алмайтындай ашуланатын кездеріңіз бола ма?

А) Жоқ, барлық іс-әрекеттерімді бақылай аламын 
Ә) Қатты ашулансам да, өзімді ұстай білемін 
Б) Ия, ондай жағдайлар жиі болмаса да, кейде болып тұрады 

5. Өзіңізді сабырлы адамдардың қатарына жатқызасыз ба?

А) Жоқ 
Ә) Ия 
Б) Бұл сұраққа нақты жауабым жоқ 

6. Біреумен сөз таластырған кезде жиі жеңіліп қаласыз ба?

А) Әр кезде әр түрлі 
Ә) Ия 
Б) Жоқ, ешқашан. Мен ең дөрекі деген адамның өзін орнына қоя аламын 

7. Біреумен ұрсысып жатқан кезде, төбелесіп немесе қолыңыздағы затты лақтырып жіберген кезіңіз болды ма?

А) Жоқ 
Ә) Ия 
Б) Білмеймін, есімде жоқ 

8. Шешімді қандай сезімде болған кезде қабылдайсыз?

А) Миым сергек кезде 
Ә) Эмоцияға беріліп тұрған кезде 
Б) Барлығы сол «сәтке» байланысты 

9. Еш себепсіз күліп немесе жылап алатын кездеріңіз бола ма?

А) Жоқ, ешқашан 
Ә) Кейде ғана 
Б) Ия, ондай сәттер болып тұрады 

Жинаған ұпай санына арқылы өзіңізді таныңыз.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

А

3

1

3

1

3

2

3

1

1

Ә

1

2

2

2

1

3

1

3

2

Б

2

3

1

3

2

1

2

2

3

9-14 ұпай

Шындығында, сырттай сабырлы да ұстамды болып көрінгенмен, өзіңіздің эмоцияға берілгіш әрі тез ренжитін адам екеніңізді жасырып қалғыңыз келеді. Жасандылық танытамын деп күйзеліске тап болуыңыз да мүмкін. Сол себепті аз уақытқа болсын бетпердеңізді шешкеніңіз жөн.

15-21 ұпай

Қанша жерден ашулансаңыз да, ойлау қабілетіңізді сергек күйінде ұстайсыз. Қажет болған жағдайда өзіңізді ұстай да білесіз әрі ішіңізде бұғып жатқан ашуды шығарудан да еш қысылмайсыз. Яғни сіздің мінезіңізде тұрақтылық пен тепе-теңдік бар.

22-27 ұпай

Сіз өте сезімтал әрі эмоцияға берілгіш адамсыз. Бір қызығы, осы мінезіңізбен қоршаған ортаңызға ұнайсыз. Қызығушықлықтарыңыз да аз емес. Өзіңіздің жақсы, жаман мінездеріңізді анықтаған соң, эмоцияыңызды бақылап үйренесіз.

Г. Берік