Отбасының ажырасу себептері

Отбасының ажырасу себептері
Фото: amur.kz

"...сәтсіз құрылған неке адамның ауруға ұшырау
мүмкіндігін 35 пайызға жиілетіп, орта есеппен
алғанда өмірінің төрт жылын қысқарта түседі!
"
Джон Готтман 

Джон Готтман 40 жыл бойы отбасы мәселелерін зерттеп келген. Бала тәрбиесі туралы да неше түрлі еңбектер жазған. Ол ерлі-зайыптылар арасындағы кикілжіңді, олардың ажырасу себебін бір-ақ рет сұхбаттасқан кезінде анықтай алады екен.

"Неке құрудың 7 қағидасы" кітабында жанұя болашағы бар-жоғын анықтауға көмектесетін төрт белгіні алға тартады:

Сыншылдық

Шағым айту мен көңіл толмау – бұл қалыпты жағдай. Ал сыншылдық – ең жиіркенішті көрініс. Ол адамның ісіне қарағанда жеке басына көбірек тиісуден көрінеді. Мысалы, қоқысты төгуді естен шығарғанын ұмытып кетті деудің орнына, оны жексұрын адам деп бағалау.

Жек көрушілік

...Жұрт алдында масқаралау, көзбен ату, келемеждеу, күлкіге қалдыру және ащы әзілдер. Сондықтан да жек көрушіліктің  кез келген формасы жиренушілік туғызады деуге болады. Егер сіз жек көрушілік арқылы түбі жақсылыққа жеткіңіз келсе, қатты қателесесіз! 

Қорғанатын қылық

Өзіңіз қорғаныс жағында болу – серігіңізді айыптау. Бір ауыз сөзбен айтқанда: "Мәселенің мәнісі менде емес, сенде!" деп айтқанынан қайтпау. Содан соң қорғаныс тәсілі қиындықты шешуге көмектеспейді, керісінше, қиындата түседі.

Үндемей қалу

Әңгімені доғару. "Тас қабырға" орнату. Үндемей қалу арқылы қиындықтан қашып құтыларсыз. Өз кезегінде қарым-қатынасты мүлдем доғаруға мәжбүр боласыз.

Готтманның зерттеуі пікір өзгешелігі мен құмарлық қарым-қатынасты құртпайды екен деп отыр.

Жұбайлар арасындағы қиындықтардың 69 пайызы бір жыл, екі жыл өтсе де, мүлдем шешілмейді. Көбіне аталған дау-жанжалдардың шығу төркіні тереңнен тамыр тартып жатқан көрінеді. Мәселен, тұрмыс дәстүрі, жеке бастағы ерекшеліктер және құндылықтар. Олармен алысу –  уақытты текке кетіру мен жан күйзелісін тудыру!

Өзгеруі мүмкін емес қиындықтарды не істеу керек? Дәл сол күйінде қабылдап алу керек.

Кейбір жұп қиындықтан өздерінің қарым-қатынастары алшақтап жатқанын түсінеді. Содан болса керек, өзгертуге құлық білдіре қоймайды. Әйтпесе, қиындықтарды да орнынан қозғайтын күш бар емес пе?!

Осындайда психолог Дан Уайлдың бір сөзі еске түседі:

"Ғұмыр бойы бірге өмір сүретін жұбыңызды тапқанда... Он, он бес, жиырма жыл бойына шешімі табылмайтын қиындықтарға тап боласыз".

Г. Берік