Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жұмыс іздеу сырлары

Жұмыс іздеу сырлары

Жұмыс іздеу сырлары

Жаңа жұмыс іздеп жүрсіз бе? Жұмысқа еш қиындықсыз орналасуда қателік жібермес үшін мына кеңестерге назар салыңыз.

Резюме

  • Резюмеңізді ондаған мекемелерге жіберіп, біреуінен хабар келіп қалар деп ойламаңыз. Резюмеңізді жіберген әр компанияның аты, айналысатын жұмысынан хабардар болғаныңыз дұрыс.
  • Әр мекеме үшін резюмені жаңаша құрастырыңыз. Қосымша білім,  хобби, мақсат, өзім жайлы деген пункттерді мекеменің жұмыс істеу саласы мен өзіне тән ерекшелігіне сай толтырыңыз.  Келесі күні сол компанияға қоңырау шалып, резюмеңіздің жеткен-жетпегені жайлы сұраңыз. Осылайша, сіз тек осы мекемеде жұмыс істеуге ниеттенгеніңізді көрсетесіз.
  • Әдетте, резюмеге қосымша электронды хат жіберіледі.  Дәстүрлі «Қайырлы күн. Менің резюмемді қарастыруларыңызды сұраймын» демей, осы хатты оқитын кісі сізбен кездескісі келетіндей әсерлі етіп жазыңыз.

Кездесуге шақыруды күту

  • Резюме жібергеніңізге бір апта өтті, ал олар әлі жауап қайтармады ма? Мекемеге қайта-қайта қоңырау шалып, жауаптарын сұрап, мазаламаңыз.
  • Бір мекемеден жауап күтудесіз бе? Бос отырмай, басқа мекемелерге де резюме жіберуді тоқтатпаңыз.
  • Белгілі бір компанияға жұмысқа кіргіңіз келсе, сол мекеме жайлы барынша мол ақпарат жинаңыз. Қазірде әр компанияның ғаламторда өз сайты бар. Ал егер ертең сәті түсіп, сол компанияға кездесуге шақырса, бар біліміңізді аямай көрсетіңіз. 

Кездесу

  • "Адам көркі - шүберек" демекші, кездесуге компанияның беделіне сай киініп барған дұрыс.
  • Кездесу барысында сол компания жайлы сұрақтар қойып отырыңыз. Бұл сіздің осы жұмысқа қызығатыныңызды көрсетеді.
  • Кездесуде күлімсіреп, сұрақтарға толық жауап беріп отырыңыз. 
  • Сұрақтарға асықпай, дауыс көтермей, өзіңізге сенімділікпен жауап беріңіз.

Іске сәт!

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: chudetstvo.ru

31549 6
Рейтинг: +10

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 11 қыркүйек 2012, 17:58
Пікірлер
+0
11 қыркүйек 2012, 16:42

Қиын - ақ

+0
11 қыркүйек 2012, 19:28

"Жақсы мамансын ба?" деген сұрақ бұл мәселеден бұрын қозғалуы керек. Басыңда байлығың болмаса босқа сандалудың реті жоқ! Форточкадан фурор күтпе!

+0
11 қыркүйек 2012, 22:01

өте жақсы кеңестер

+0
12 қыркүйек 2012, 21:24

бір-екі түйіндеме үлгісін қоссаңыз жақсы болар еді...

+0
13 қыркүйек 2012, 00:04

Жақсы кеңестер, көп адамдар осындай нәрселерге мән бере бермейді

+0
18 қыркүйек 2012, 13:25

Массагетке қалай жұмысқа тұруға болады? Резюме қалай жіберемін? :roll:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

АҚ КӨЙЛЕК
АҚ КӨЙЛЕК

Күйеу жігіт қалыңдықты құшып тұр, Қалыңдықтың қыпша белі үзіліп.

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...