Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жұмыстан кейінгі уақытты қалай өткізесіз?

Жұмыстан кейінгі уақытты қалай өткізесіз?

Жұмыстан кейінгі уақытты қалай өткізесіз?

Жұмыс күні аяқталғанына қуанып, үйге қайтуға асыққаныңызбен, жұмыстан кейінгі өміріңіз де ешбір қызықсыз, бірсыдырғы өтіп жатса, өміріңізге өзгеріс енгізуге асығыңыз. Жұмыстан кейінгі уақытты қалай өткізуге болады?

1. Жақсы фильм қараңыз. Жұмыстан қалжырап, шаршап келген болсаңыз, демалып жатып жақсы фильм көріңіз. Немесе арналардан жарыса ұсынылатын сериалдардың қызығына беріліңіз. 

2. Ауа райына сай киініп алып, түнгі қаланың көрікті жерлерін аралаңыз. Немесе жай ғана аулаға шығып, таза ауамен серуендесеңіз болады. Достарыңызбен бірге қыдырсаңыз, тіпті жақсы, екі қоянды бір оқпен атып аласыз. 

3. Кітап оқыңыз. Тілі жеңіл, ойға салмақ түсірмейтін қызықты кітап оқуыңызға кеңес береміз. 

4. Сүйікті іс тауып алыңыз. Одан бұрын сүйікті ісіңіздің не екенін анықтап алыңыз. Бәлкім сіздің сүйікті ісіңіз үй жинау немесе әсерлі музыка тыңдау шығар?

5. Фитнес-клубтарға баруға қалай қарайсыз? Еркіңіз соқса, фитнес-клубтарға бару денсаулығыңызды жақсартып қана қоймай, сіздің заманауи адам екеніңізді де білдіреді.  

6. Күнделік жазыңыз. Күнді қалай өткізгеніңіз туралы күнделігіңізге тізіп отырыңыз. Күнделік жаза отырып, тіл байлығыңызды дамытып қана қоймай, ойыңызды жинақы түрде жеткізуге, ерекше күндерді шатаспай есте сақтауға дағдыланасыз. Күнделік демекші, онлайн-күнделік болып саналатын блог та жазуыңызға болады. 

7. "Қыстың қамын жаз ойла" деген мақалды өзімізше түрлендірсек, "Ертеңнің қамын бүгін ойла" болып шығады. "Адам көркі - шүберек" демекші, жұмысқа (сабаққа) ертең не киіп баратыныңызды шешіңіз. 

Жалпы кешті демалуға арнаған жөн. Күні бойы еңбек етіп, шаршап-шалдыққан ағзаңызды демалтыңыз. Кешіңізді сіз қалай өткізіп жүрсіз?

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: vk.com

622 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 10 қыркүйек 2012, 22:59
Пікірлер
+0
10 қыркүйек 2012, 22:47

душ қабылдап, сүйікті кітабымды құшақтап немесе Мейрамбектің әндерін тыңдап демалып, тәтті ұйқыға кеткенді ұнатамын

+0
11 қыркүйек 2012, 00:11

психологияда белгілі бір еңбектен кейін "конфетка" болуы керек деген көп айтылады. Сол үшін өзіме ештеме аямай көңілімді бір серпіп алуға қарсы емеспін.

+0
11 қыркүйек 2012, 08:48

24 сағат интернеттемін :lol: тв қарамайм мүлде, кітап оқымайм :oops:

+0
11 қыркүйек 2012, 09:27

кешкі уақытым интернет, болмаса ұйқы боп кетеді менің, күнде солай жалғаса береді

+0
11 қыркүйек 2012, 09:30

жұмыстан келгеннен кейін суға түсем, басым жастыққа тиер-тиместен бірден қата қалам, себебі жұмыстан 22:00-23:00 ерте босамаймын :(

+0
11 қыркүйек 2012, 09:37

Сабаққа барамын

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...