Оқи отырыңыз

Биікке көтерілгісі келетін адам баспалдақ жасап шығады.

Автор: Жапон мақалы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Жігітіңмен ренжіскің келмесе...

Жігітіңмен ренжіскің келмесе...

Жігітіңмен ренжіскің келмесе...

Шын мәнінде, әр қыздың сирек болса да, жігітінің жынына тиетін сәттері болады. Олай болғанын қаламайсың ба? Ендеше, мына сөздерді жігітіңнің алдында айтушы болма!

"Тағы да 5 минут, әлі дайын емеспін". Бірнеше сағаттық дайындықтан кейін сен хас сұлу болып шықсаң да, жиналғаныңды күту бірнеше реттен кейін оны әбден жалықтырады. Әрине кешігу - қыздарға тән қасиет, алайда жігіттің төзімділігін басқа жолмен де тексеруге болады.

"Сенің заттарыңды жинастырып қойдым". Жігіттің жеке өмірі бар екенін ұмытпай, оның "кеңістігіне" рұқсатсыз бас салма. 

"Киетін ештеңем жоқ!" Расында киім - көңіліміздің айнасы. Сондықтан, киім сөресінің алдында киюге лайықты еш нәрсе таппай тұрсаң, бұл тек сенің қазіргі көңіліңді айқындайтын киімнің жоқтығын көрсетеді. Алайда, сол жігіттер бұны түсіне алмас. Оның ойынша, сен оны қайта дүкендер аралатуға итермелеп тұрсың. 

"Не туралы ойланып қалдың?" Әрине оның ойын білгің-ақ келеді, бірақ бұл сұрақтан кейін, оның ойлары бұзылып, бұны не үшін сұрағаныңды түсінбей, ыңғайсызданып қалады. Жігіттер біз сияқты емес, айтқысы келген ойын міндетті түрде саған жеткізеді. Ал бөлісуге дайын болмаса, бұндай сұрақпен одан шындықты суырып ала алмайсың.

"Қоңырау шалған кім?" Оны 24 сағат бақылау жақсы емес. Саған жай қызық болса да, ол бұны қызғану мен оған сенбеу деп қабылдай алады.

"Бетсіз, мен тұрғанда ана қызға қарауға қалай дәтің барды?" Жігітің басқа қыздарға қарап қоя ма? Бұндай кезде ұрсыса бастағанша, оның көңілін басқа затқа аудар не жаңа тақырыпқа әңгіме баста. Бұл табиғи рефлекс, ол үшін оны айыптаудың қажеті жоқ.

"Иә, қайда болдың? Қоңырау соғу қиын болды ма?" Есіңде ме, бала кезімізде аналарымыз ылғи осылай айтушы еді ғой. Содан кейін өзіңді қалай сезінуші едің? Иә, кешігіп келдің. Иә, қоңырау шалуға мүмкіндігің болды. Бірақ... Енді сүйіктіңді түсіндің бе?

"Ал бәленшенің жігіті..." Бұлай басталатын әңгіме ешбір жігіттің көңілінен шықпасы анық. Сен жай ғана соңғы өсектер мен құрбыларыңның өмірі жайлы айтып жатсаң да, жігітің бұның орнына "Маған да сондай сақина керек!", "Мені де сонда алып бар!" дегенді естиді. Ал біреудің сәттіліктері туралы сөз қозғайын десең, сендердің де жағдайларың жақсы екендігін, жігітіңнің қандай еңбекқор екендігін айтуды ұмытпа.

"Екеуміздің сөйлесуіміз керек". Бұл сөз қиын әңгіменің басы екендігі бәріне белгілі. Сондықтан түкке тұрмайтын әңгімелерді бұлайша бастама, жігітіңді үркітіп жібересің. Ал егер расында үлкен мәселе қозғауға тура келсе, оның қашан бос болатындығын сұрап, бірден іске кіріс.

"Мені сүйесің бе?". Бұл сұрақ сенің жігіттің сезімдеріне сенімсіз екендігіңді көрсетеді. Ал төбеден түскен бұл сұраққа ол "Жоқ" дей алмайтыны анық. Бұны сен де біле тұра, бұл жауапқа қанағаттанбайсың. Ал енді айтшы, бұл сұрақты қойғаннан не пайда алдың?

Амал қанша, кейде ақиқатты сөздерден емес, істен іздеу керек. Сондықтан, жігітіңнің ызасын келтірмей, айтқың келіп тұрса да, осындай кездері тіл қатпай, ақылды болып көрініп, жай күлімсіреп қой.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: 15min.lt

11986 10
Рейтинг: +5

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 04 қыркүйек 2012, 14:07
Пікірлер
+0
04 қыркүйек 2012, 13:49

Ал бәленшенің жігіті... :D

+0
04 қыркүйек 2012, 13:50

Сұрағым кеп тұрса қайтем :roll:

+0
04 қыркүйек 2012, 15:28

мяя өздері соған жеткізеді ғҰәәә

+0
04 қыркүйек 2012, 15:43

мені сүйесің ба деп өзі айтпаған соң сұрайсың ғой :)

+0
04 қыркүйек 2012, 18:56

Бетсіз, мен тұрғанда ана қызға қарауға қалай дәтің барды?

+0
05 қыркүйек 2012, 16:26

Қызық мақала екен...

+0
05 қыркүйек 2012, 16:49

бес минут куте турасынба дегеннен баскасын койып корген емеспiн. Адамнын жеке омiрiне кол сукканды жек корем,озiмде осыны талап етемiн жiгiттен. Мынадай сурактар орынсыз кызгану сиякты. Кажет жерiнде сураймын,кажет болмаса озi айтканша кутем.

+0
08 қыркүйек 2012, 12:33

:lol:

+0
11 қыркүйек 2012, 12:40

Мен "ал, бәленшенің жігіті", және "сен мен" сүйесің бе?!" деген сұрақтарды қоймаймын. Жалпы қалғандарын қоюды жөн көремін кей кездері. Орыстарда "Доверяй, но проверяй" деген сөз бар ғой. :P

+0
08 қаңтар 2013, 22:36

"Киетін ештеңем жоқ!" осы сөзді біз жігіттер қалай түсінеміз сонда? Жарайды киімдерінің арасында бар делік, жок делік айтып турғандаға мақсат не? Сания Аринова сізге мысалыға қызығыңыз болып сізге осылайша сөз айтты !!! Бірден қандай ой келер еді? маған киім керек дегендей ой келеді емеспа бұл табиғи !!!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Оой, осы ма?!
Оой, осы ма?!

Мен мұны "беске" білемін

Армандар
Армандар

Армандарыңыз орындалсын, адастырмасын сіздерді...

ТҮН
ТҮН

Түнде "жын-перілер" оянады деуші еді әжем.....

Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)
Ауылым – алтын бесігім! (видеоблог)

Қызық болған,бұзық болған ауылым :)


Соңғы аудармалар

EXO – For Life [kaz_sub]
EXO – For Life [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық-қытайлық бойз-бэнд EXO "For Lifе" бейнебаянымен қайта оралды. К-поперлер жақсы білетіндей, 2016 жылдың 5 қазанында S.M. Entertainment EXO-ның ізбасары EXO-CBX тобын таныстырды. "For Life" бейнебаянын Lvoe фансаб-тобы қазақша субтитрмен ұсынып отыр. Көрейік! 

JESSICA – Wonderland [kaz_sub]
JESSICA – Wonderland [kaz_sub]

Джессика Чон – корей-американ тегінен шыққан әнші, биші, актриса, модель. АҚШ-тың Калифорния штатында туған. Ағылшын, корей тілдерін жетік меңгерген. Girls’...

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда...