Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Демалыстан кейінгі жұмыс

Демалыстан кейінгі жұмыс

Демалыстан кейінгі жұмыс

Кеше ғана жылы теңіздің жағажайында жатқан едіңіз, ал бүгін ауасы тар кеңседе жұмысқа толы қағаздар арасында отырсыз. Бәрін тастап кетуді армандайсыз ба? Сірә, сіз демалыстан кейінгі депрессияға шалдыққан боларсыз.

Неге екені белгісіз, бірақ біз демалыстан кейін одан бетер шаршаған күйде боламыз. Жұмысты істегіміз келмей, демалысты аңсап отырамыз. Жұмысқа қайта жақсы көңілмен қарап, өз ісіңізді ойдағыдай атқарамын десеңіз, мына кеңестерге көз жүгіртіңіз.

Күш жоқтығының басты себебі - биологиялық ырғақтардың ауысуы. Демалыста түске дейін ұйықтап, түнімен қыдырсаңыз, жұмыс кезінде бұл күн тәртібімен қош айтысу керектігі анық. Еліңізден алыс, сағаттық белдеуі, климаты, ауа-райы басқа жерде демалсаңыз, бұл одан бетер күшіңізден арылтады. Үйге оралғанда сіздің ағзаңыз нағыз стрессті өткереді. Түшкіру, жөтелу, дене қызуының өзгеруін күтіңіз. Сондықтан демалыстың соңы мен жұмысқа шығатын кездің арасында бірнеше күн болғаны абзал. Осы күндері ұйықтап, тынығып, түсініксіз жөтелу мен түшкіруді өткеріп, жұмысқа даяр боласыз.

Дені сау емес адамның көңілі де мәз емес болады. Сондықтан бұл депрессия - демалыс салдары екенін ұмытпай, жұмыстан шығу, әріптестермен ұрсысу деген ессіздіктерге бармаңыз. Жұмысқа шыққаннан кейінгі бірінші аптада мойыныңызға көп тапсырма жүктемеген дұрыс. Мүмкіндік болса, жұмыстан ертерек қайтып, үлкен жобаларды алмағаныңыз жөн. Үйде компьютер мен теледидардан аулақ болып, қызықты кітап оқыңыз. Сағынған достарыңызды жинап, отырыс жасауға асықпаңыз, оларды әлі де көре аласыз. Ал тым кешкі отырыстар сізді одан әрі шаршататыны анық.

Мүмкіншілігіңізше уақытыңызды далада серуендеп өткізіңіз. Түскі ас кезінде кеңседен шығып, кешке де жаяу қайтып көріңіз. Таңертеңгі жаттығуларды да күнделікті өміріңізге қайтарған жөн. Тіпті 5 минуттық таңғы жаттығулар  денеңізді сергітіп, оятады.

Демалыстан келе салып, үй шаруаларына кірісуге асықпаңыз. Киім жуу мен пәтер жинау бірнеше күн күте тұра алады. Одан да жаныңыз қалайтын шаруалармен айналысыңыз. Кездесуге барыңыз, өз қалаңыздың дүкендерін аралаңыз, сүйікті тамағыңызды әзірлеңіз... Демалыстағы суреттер мен бейнебаяндарды қараңыз - жақсы сәттерді еске алып, біраз тынығасыз.

Бастысы демалыстан қайтқаннан кейін қарапайым өмір сүріңіз. Ертерек ұйқыға жатып, ерте оянып, жақсы тамақтаныңыз. Артық кездесулерге бармай, өзіңізге қызықты шаруалармен айналысыңыз. 

Айта кетсек, жұмыстан кету туралы өтініштердің 80%-ы демалыстан кейін жазылады екен.

Дайындаған: Сания Aринова

Сурет: onlinecareertips.com

524 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 03 қыркүйек 2012, 16:35
Пікірлер
+0
03 қыркүйек 2012, 16:28

Жұмыстан кету туралы өтініштердің 80%-ы демалыстан кейін жазылады :roll:

+0
03 қыркүйек 2012, 16:56

мынау дәл маған айтылып жатқан сияқты ғой. Бірақ кеңестер көмектеспейді. Мұндай стресс кезінде ұйықтай бергің келеді ғой. Көшеде серуендеу дегеніңіз тіптен артық. Оданша ерте тұрып, ерте жатып үйрену керек жұмысқа шықпастан бұрын. Уооот

+0
03 қыркүйек 2012, 17:48

Мен демалыстан кейін өзіме өзім "бірталай қыдырдым,енді жұмысқа кірісу керек,қыдыру үшін де ақша керек,давай кіріс"- деп айтып алам да,қызу кірісіп кетем:))

+0
04 қыркүйек 2012, 00:21

кейде сенбі, жексенбідегі демалыстан кейін де осындай күй кешеміз..шамасы демалыстан соң адам өзін тез бейімдей алмай қалады жұмысқа

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...