Оқи отырыңыз

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Еріншектік - прогресстің қозғаушы күші

Еріншектік - прогресстің қозғаушы күші

Еріншектік - прогресстің қозғаушы күші

Мен - еріншекпін. Туғанымнан еріншек екенімді білемін, тіпті кейде бойымдағы осы қасиет менен бұрын туылды ма екен деп те қоямын. Сүйікті қызыңнан, ішіп-шегуден жалпы өмірдегі барлық нәрседен арылуға болады, бірақ еріншектік - ешқашан құтыла алмайтын дүниедегі жалғыз нәрсе сияқты. Бір қызығы, онымен күресіп, жеңуге тырысқан сайын, өзіңнің дәрменсіз екеніңді сезесің. Өз-өзіңе ор қазғандай боласың.

Жалпы еріншектік деген не? 

Еріншектік  - бұл қалыпты, қызықсыз да ауыр жұмысқа қарсы шағым. Еріншектің қандай да бір іске жігер салуының өзі, келесі жолы дәл осындай күш жұмсамаудың алдын алу. "Мен қиын жұмысқа әрқашан еріншек адамды таңдаймын, себебі ол оны орындаудың ең оңай әрі ең жылдам жолын табады", - деп атақты кәсіпкер Билл Гейтс айтпақшы расында да еріншектер шарасыз істі шешудің оңай жолын таба алады. Демек, еріншектік - прогресстің қозғаушы күші болғаны ғой?!. Әлем тарихына көз жүгіртер болсақ, дөңгелек, қағаз секілді ұлы өнертабыстар шынында кімге тиесілі? Ол былай тұрсын, бірқалыпты өмір мен ауыр жұмысты жеңілдетуге арналған автокөліктер мен механизмдер, техникалар ше?.. Адамзат өзінің ойлап тапқандарының көмегімен жағымсыз істерін жылдам бітіріп, қалған бос уақытта өмірден ләззат алуды көздеді. Мәселен, 1874 жылы АҚШ елінің азаматы Вильям Блэкстоун кір жуу машинасын ойлап тауып, оны жарының туған күніне сый ретінде берген екен.

Сондықтан өмірімізді жеңілдететін өнертабыстар көбейген сайын адам одан бетер еріншек және енжар бола бастайды. 

Соңғы жылдары еріншектіктің ұзақ өмір сүруге тиетін пайдасы жайлы да зерттеулер шықты. Неміс профессоры Питер Ахт еріншектік денсаулыққа пайдалы деп есептейді: ерте қартаюдан, есеңгіреуден қорғайды. Жүргізілген тағы бір зерттеу жұмыстарынан соң, ғалымдар мынадай шешімге келген: егер адамдар мүлдем ерінбейтін болса, онда олар тез шаршап, тоза бастайды.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: velvet.by, demotivators.to

3223 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Жұлдыз FM
Қосылған күні: 22 тамыз 2012, 18:42
Пікірлер
+0
22 тамыз 2012, 17:41

"Мен - еріншекпін. Туғанымнан еріншек екенімді білемін, тіпті кейде бойымдағы осы қасиет менен бұрын туылды ма екен деп те қоямын" Не деген шынайы мойындау ) Материал керемет!

+0
22 тамыз 2012, 18:12

:lol: :lol: :lol:

+0
22 тамыз 2012, 20:30

Екінші сурет нені білдіреді деп ойласам, баспалдақтың орнына эскалаторды пайдаланғысы келетіндер екен ғой. Хыхых )))

+0
23 тамыз 2012, 09:02

М 8-) ияяяяяяяяяяяя

+0
23 тамыз 2012, 10:14

Сөз жоқ, тамаша жазылған. Керемет ой. Абсолютті ештеме жоқ екенін автор дәлелдеп-ақ беріпті. Тек еріншектік пен маубастық өз орындарын білсе ғой, шіркін... :)

+0
08 қыркүйек 2012, 14:18

ең бастысы еріншектік келсе ішіңнен "мен еріншек емеспін", "еріншектік жаман нәрсе оған бой алдырмаймын" деп ішіңнен олайп, өзіңді басқаруың керек, мен өзім дәл осылай жасаймын :)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?
Димаш атақты ма, Головкин атақты ма?

Бірі – Батысты, бірі – Шығысты мойындатқан, мойындатып жүрген тұлғалар.

ҚАЗІРГІ АУЫЛ
ҚАЗІРГІ АУЫЛ

Ауыл неге өзгеріп кетті?

СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ
СОҢҒЫ ЫСҚЫРЫҚ

Футбол, ЕУРО-2016

Әр қазақ менің жалғызым!
Әр қазақ менің жалғызым!

Шетелдегі қандастарымыз туралы, қазақтың қошы-қон саясатының олқылықтары жайлы


Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...