Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ол мен туралы не ойлайды?

Ол мен туралы не ойлайды?

Ол мен туралы не ойлайды?

Қыз бен жігіт бірін-бірі қатты жақсы көргенде жоқ жерден қызғаныш сезімі тұтанып кететіндігі қалыпты жағдай. Мұндайда жігіттер қауымының психологиясын түсіну нәзік жандыларымызға қиын соғып жатады. Жігіттердің көбісі ішкі сырларымен ойларын сыртқа шығара бермейді. Кейде сүйіктісін ренжітпеу үшін болған жағдайларды басқаша етіп жеткізуі немесе ойлағанын жасырып қалуы мүмкін. Жалған сөйлеп әдеттенбеген бегзадаларымыздың жүзінен ол айқын көрініп тұрады. Алайда, сонысы үшін оны сүймейді екен деп түсіну қателік. Жігітті түсінгіңіз келсе, алдымен өзіңізге деген қарым-қатынасынан көп жайтты аңғара білгеніңіз жөн. Оның әрекеттерін мұқият қадағалап, содан кейін барып шешіп қабылдаңыз.

Егер оған ұнасаңыз...

•Жиі телефон шалады;

•Кездесуге түрлі себептер ойлап табады;

•Сіз сөйлегенде мұқият тыңдайды;

•Жүзіңізге ұзақ қараумен болады;

•Серуендеуге шақырып, жеке қалуға тырысады;

Ол сүйсе...

•Сізді ата-анасымен немесе туыстарымен таныстырады;

•Достарымен жақын араластырады;

•Әр нәрсені себеп қылып жиі хабарласады;

•Барлық бос уақытын сізбен бірге өткізуге тырысады;

•Сіз үшін өзіне қажетті кездесулерді кейінге шегереді;

Жігіттің сізбен ұзақ кездескісі келмейді....

Кейбір жігіттер қыздарын жиі ауыстырады. Бастапқыда жалт-жұлт еткен сезім ұшқыны болып, ұнатқан сияқты көрінгенімен, кейін одан жалыға бастайды. Мұндайда түрлі сылтаулар тауып, кездесуден қашқақтайды. Оның тарапынан төмендегі сылтаулар айтылса, сізге деген сезімі суыды дей беріңіз...

•Қандайда бір шұғыл жағдайлардың себебінен кездесе алмайтындығы жиілеп кетсе;

•Сізбен өзге қыздар жайлы әңгіме қозғап, бұрынғы қызымен салыстыра бастаса;

•Сіздің әңгімеңізді тыңдағысы келмесе;

•Өз мәселелері туралы бұрынғыдай сізге айтқысы келмесе;

•Көзіңізше өзге қыздарға көз сала бастаса;

•Телефон шалуды доғарса және сіздің қоңырауларыңызға жауап бермесе;

Әрине, бұл тек қана психолог мамандарымыздың нәзік жанды аруларымызға ұсынған кеңестері ғана, ал соңғы шешімді қабылдау өзіңіздің ғана құзырыңызда!  Сүйіңіздер және сүйікті бола біліңіздер!

 

Суреттер: kotofot.ru,artleo.com

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

5158 5
Рейтинг: +2

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 19 тамыз 2012, 11:12
Пікірлер
+0
19 тамыз 2012, 12:41

қызық екен :)

+0
20 тамыз 2012, 09:51

махаббат тақырыбы қанша адам айтыр ар нарсе зерттесе де ашылмай қалғандай бір сырлары бар. әркімде әр түрлі... :roll: ... және әрдайым қызық болған, қызық және қызық блып қала бермек. заман, уақыт, ел, жер өзгеріп жатса да махаббат тақырыбы еш өзгермейтін шығар... 8-)

+0
20 тамыз 2012, 10:24

ол рас енді ;) МӘҢГІЛІК тақырып

+0
23 тамыз 2012, 01:00

мынаның бірде біреуіне келіспеймін

+0
25 тамыз 2012, 16:22

неге келиспейсын раскооооооооооо :geek:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...