Өрнектер сіз жайлы сыр шертеді (тест)

Өрнектер сіз жайлы сыр шертеді (тест)
Фото: bp.blogspot.com

Берілген өрнектерді мұқият қарап шығып, өзіңізге ұнағанын таңдаңыз.

Бас сүйегі бар бірінші өрнек 

Өрнек уақытша әрі өтпелі болып саналады. Әдетте бұл өрнекті өзіне, өміріне көңілі толмайтын және бәрін өзгерткісі келетін адамдар таңдайды. Басты қасиеттері – жаңаның бәріне қызығушылық және батылдық. Өзгерістерді жан-тәнімен қалайды және жаңа ақпаратты өте тез сіңіреді. Адамдар бұл халде ұзақ тұрақтамайды. Белгілі бір өзгеріс жасау жайлы шешім қабылданған соң, дереу басқа өрнектегі халдердің біріне өтеді. 

Жылқысы бас екінші өрнек

Өте шыдамды, артқа шегінбейтін жандар. Бастаған істі жартысынан тастау деген жоқ. Олар діттеген мақсатқа қарай асықпай адымдап, оған жетпегенше тоқтамайды. Соның арқасында өз істерінің кәсіби маманына айналады. Аяқ астынан алдын-ала әзірленген жоспарды өзгерте қоймайды. Логикалық схемалар сызғанды ұнатады. Егер бәрі жоспар бойынша орындалып жатса ғана көңілдері толады. Үйренген тәртіптен ешқашан айнымайды десек те болады. Сондықтан көпшілігі тосын сыйларды, жаңалықтарды, жалпы өзгерістерді ұнатпайды. 

Әйел бейнесі бар үшінші өрнек

Шығармашыл, ерекше ойлайтын жандар. Таптаурындар мен үйреншікті тәсілдерді мүлдем қабылдамайды. Барлық нәрсеге өзінің тың көзқарасымен қарайды. Мұндай қайталанбас тұлғалардың арасында тартымды адамдар көптеп кездеседі. Тез ашуланады, көңіл-күйі үлкен жылдамдықпен өзгеріп отырады. Керемет шешендер, өз идеяларымен барлығымен бөлісуге әрдайым дайын. 

Үлкейткіш әйнегі бар төртінші өрнек

Әрдайым белсенді, сергек, нағыз көшбасшы. Атаққұмарлығы мен прагматизм де бар. Алдына үлкен мақсаттар қояды және оларға қалай қол жеткізу керектігін біледі. Өзінің теңдессіз екеніне басшылығын сендіре біледі. Өз пікірінің ғана дұрыстығына сенеді. Мықты тұлғалар және қауіпті бәсекелестер.

Дөңгелек бейнелейтін ағашы бар өрнек 

Өзгелерге қамқор, жаны ашығыш. Өзінінің ғана емес, туған-туыс, достарының да жағдайы жақсы болғанда ғана көңілденеді. Өзгелермен тартыспауға тырысып, бітімге келгенді ұнатады. Тыныштық олар үшін ақиқаттан да қымбат. Бірінші болып келісімге келеді.

Дереккөз: anabol.kz

О. Сансызбай