Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ойлар заттанады!

Ойлар заттанады!

Ойлар заттанады!

«Ойлар заттанады» деген қағида жай ғана бос сөз емес, бұл ғалымдар мен психологтар дәлелдеп шыққан факт және ол тартылыс заңымен тікелей байланысты.

Ойланып қарасақ, көбіміз өмірімізде ойларымыз бен армандарымыз орындалған кездерді бастан кешіргенбіз. Мысалы, бір жігіттің назар аударуын қалап жүрген қыз уақыт өте келе ол жігіттің де оған қырындап жүргенін байқаған шығар.

Былай қарасақ, біз өз ойларымыз арқылы барлық ауыртпашылықтар мен қиындықтарды, ауруларды өмірімізге өзіміз тартып аламыз: ақша жоқтығын айтып, әрдайым ақшамыз ештеңеге жетпей жүреді; жеке өмірде жолымыз болмай жүр деп жалғыздықты тартып аламыз; ауырып тұрмын деп түрлі ауруларды жұқтырып аламыз және т.с.с.

Әрине, бұның бәрі жай ғана кездейсоқтық, өмір деуге де болады, алайда ғалымдар адамның ішкі ойлары – қалауларын өмірде іске асыратын магнит іспеттес дегенді жаппай айтуда.

Осыдан келе көптеген психологтар қалауларды іске асыруға көмектесетін түрлі әдістемелер жасап шығарып жатыр. Әдістемелерді дұрыс пайдаланған жағдайда адам уақыт өте келе өзінің армандарын іске асырып, табысқа, махаббатқа, мағыналы өмірге кенеледі.

Бұл қалай іске асады? Ең бастысы қалауларыңыз бен ойларыңызды дұрыстап, ретке келтіру керек екен.

Қалауларыңыздан абай болыңыз!

Өйткені тартылыс заңының бірінші қағидасы дұрыстап тұжырымдалған қалау әрдайым іске асады дегенге келеді. Алайда тез арада емес. Көптеген қыздар байқаған шығар, бір жігітті армандап, оның келгенін күтіп, жылап жүреді, ал уақыт өте келе ұмытып кеткенде, сол жігіт оның өмірінде қайта пайда бола бастайды. Өйткені осы тартылыс заңы арқылы біз оны өмірімізге тартып алдық. Яғни ішкі ойлар ерте ме, кеш пе іске асады деген сөз. Және бұл өмірдің барлық салаларына қатысты: денсаулық, мансап, табыс, махаббат және т.б.

Есіңізде болсын, біздің ойларымыз – біздің қалауларымыз!

Біздің ішкі сезімдеріміз бен ойларымыз қоршаған әлеммен тікелей байланысты, ал ол өз кезегінде кез келген біздің ойларымызды қалау ретінде қабылдайды. Міне, осы жерден көбі жаңылады. Қандайда бір мәселені ойлай берген сайын, өз-өзіңді аяй берген сайын әлем сол біздің қалауымыз деп өміріңіз өзгеріссіз қала береді. Адам жаман ойлауды бір реттен қоя алмайды – көбіне өмірдің сәтсіздігін айтып, жаманшылықты көргенге құмар. Сөйтіп тұйық шеңбер қалыптасады: өмірге шағымданамыз – әлем оны қалауымыз деп ойлайды да іске асырады, одан сайын шағымданамыз – қайта іске асады, сөйтіп кете береді... Және қорқыныш та осыған келеді. Адам қорқыныштарын ойлай берген сайын соған тап болып жатады.

Ойларыңызды дұрыстаңыз!

Ойларымызды дұрыстап, өмірімізді қалай өзгертуге болады деген сұрақ туындайды. Жауабы айқын: қалауларыңызды дұрыс тұжырымдап үйреніңіз. Ал оның алдында ескі, жаман ойлардан арылып алыңыз. Өткеніңізді саралап, ескі қоқыс сияқты лақтырып тастаңыз, болашағыңыз жайлы тек жақсы ойларда болыңыз. Біздің қара түнекке боялған тұжырымдарымыз өмірдегі қиындықтар мен жолы болмаушылықтың кепілі. Өзгеретін сәт жетті!

Қалауларыңызды визуалды елестетіңіз!

Ойларыңыздың заттануына көмектесетін бірден-бір тиімді тәсіл – қалауларыңызды визуалды елестетіңіз! Нені қалайсыз, соны дұрыстап елестетіңіз, оған жеткенде қандай күй кешесіз, бәрін нақты ойластырыңыз.

Армандарыңыз орындалсын!

Сурет: klubknig.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

4248 7
Рейтинг: +8

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 15 тамыз 2012, 13:50
Пікірлер
+0
15 тамыз 2012, 14:08

Өте жақсы жазылған екен, менің де бала күнгі армандарымның көбі іске асып жатыр... Ойлар расымен заттанады!

+0
15 тамыз 2012, 14:32

мен мектеп кезімде коллаж жасағам суреттерден, барлығы орындалды, тек қана Мейрамбекке күйеуге шықпадым))

+0
15 тамыз 2012, 14:46

Мейрамбек бәріне арман ғой. барлығына жетпейді ғой бәрібір. :lol:

+0
15 тамыз 2012, 14:56

Иә, сондықтан да тек жақсы нәрсе ойлау керек. "Жақсылықтың мыңын шақырсаң бірі келеді, жамандықтың бірін шақырсаң мыңы келеді" деген де рас.

+0
15 тамыз 2012, 17:20

Кейде осы туралы мен де ойлаймын. Қарап отырсам шынында да кейбір армандарым орындалған екен. Қандай жағдай болса да мынаған келісемін: тек жақсы нәрсені ойлау!

+0
13 ақпан 2013, 09:57

Секрет фильмін көріңіз :D

+0
13 тамыз 2014, 16:35

адам нені шын ниетімен қаласа, соған жету жолында әрекет жасаса, Алла соған жеткізеді. Адамның жақсы нәрсе ойлауының өзін Алла басқарып, яғни біліп тұрады емес пе

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...