Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Алғашқы кездесу (қыз көзімен)

Алғашқы кездесу (қыз көзімен)

Алғашқы кездесу (қыз көзімен)

Алғашқы кездесуге жігіт қалай киіну керек?
Ұқыпты*, үтіктелген киім киіп, аяқ киімін тазалап, қызды апаратын жеріне байланысты жоспарына сай киінгені дұрыс. Егер театрға барса, міндетті түрде костюм, галстук қажет. Ал егер қалада серуендеп, кино не саябаққа баруды көздесе, casual стилінде киінгені жөн.


Алғашқы кездесуде жігітке тыйым салынатын әрекеттер
САРАҢ БОЛМАУ! Ықпалды туыстарымен және материалды жағдайымен мақтанбау. Мүлдем мақтанбау! Қыздың бұрын кездескен жігіттері туралы сұрамау. Оның жалақысы, тамақ дайындау шеберлігі туралы да сұрауға болмайды. Қыздың кішкентай сөмкесін ұстаудың қажеті жоқ. Алғашқы кездесуде тиіспеңіз, құшақтап, сүйемін деп тырыспаған жөн. Балағат, дөрекі сөз қолданбау. Тәкаппарлық танытпау. Басқа қыздарды, тіпті нәзік жанды танымал әртістерді де әңгімелей көрмеңіз. Жаныңыздан өткен бойжеткендерге тесіліп қарап, мойныңызды бұруға, әсіресе олардың аяқтарымен, төсімен не басқа дене мүшелерімен тамсануға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! 


Алғашқы кездесуде жақсы әсер қалдыру үшін жігіт не істеу керек?
Сыпайы** және тәрбиелі болу. Қызға сыйластықпен қарап, оған шынайы қызығушылық таныту. Қызды жағымды, бірақ дәстүрлі емес, тосын сыймен, жағдаймен, әрекетпен таң қалдыру***. Шынайы және өз қалпыңда болу.


Бірінші кездесуде не туралы айтқан жөн?
Қыздың қызығушылықтары туралы сұрап, әңгімені жалғастыра біліңіз. Өз қызығушылығыңызды, әсіресе саясат пен футболды**** міндеттемеңіз. Мәдениетті анекдот, кино мен шоу-бизнес, кітап пен әдебиет туралы айтуға болады. Бастысы, қызға қызықты тақырыпты жайлап анықтап алып, сол бағытта әңгіме өрбіткен дұрыс.


Қалай қоштасу керек?   
Үйіне дейін шығарып салыңыз. Құшақтап, сүйіп, тиісіп жүрмеңіз! Егер жігіттің екінші кездесуге ниеті болса, ол туралы бірден айтып, қыздың пікірін анықтап алған дұрыс. Қыз оң жауабын берген жағдайда ғана, бетінен сүюге болады. Оның үйіне кіріп кетуін күтіп, содан кейін кетуіңізге болады. Әдетте, қыздар «қайырлы түн» тілегі жазылған СМС не қоңырау күтеді. Және жігіт екінші кездесуге дейін жоғалмау керек.


* Ұқыпты – душ қабылдап, шаш-тырнақтарының жағдайын тексеріп, қырынған жігіт. Иіссудың жарты шишасын үстіңізге құюдың қажеті жоқ (қымбат иіссудың өзі қызға ұнамауы мүмкін).
** Сыпайы – ізетті, көргенді, әдепті. Сыпайы жігіт әрқашан қызды бірінші өткізеді, есікті ашып, ұстап тұрады және автобустан түскенде, қолын береді, дәмхана, мейрамханаларда орындықты итеріп, қызды отырғызып, одан кейін ғана өзі отырады.
*** Таң қалдыра білу – дәстүрлі емес жағымды әрекет. Өмірден мысал: бір бойжеткенге жас жігіт алғашқы кездесуде раушангүлдердің енді теректерде өсе бастағанын айтқан. Қыз басында күліп, сенбейді, әрине. Ал жігіт терекке мініп, алдын ала тығып қойған гүл шоғын алып түседі. Бірінші раундта осылай жеңіске жеткен.
****Саясат пен футбол - қазір саясат және футболмен қатты қызығатын қыздар жиі кезедседі. Саған сондай қыз кездессе, бұл ортақ тақырыпта еркін сөйлесе беруіңізге болады.
Бұл қағидаларға алып-қосарларыңызды форумда талқылайық.


P.S. Егер қыз қалта телефонына үңіліп, сізге назар аудармаса, ол қызбен қоштасқан жөн... 


Сурет lady.ru сайтынан алынған

33649 52
Рейтинг: +4

Қосылған күні: 18 қаңтар 2012, 12:55
Пікірлер
+0
18 қаңтар 2012, 13:46

қызға қызықты тақырыпты жайлап анықтап алып, сол бағытта әңгіме өрбіткен дұрыс. Осы қағида өте орынды айтылған

+0
18 қаңтар 2012, 13:49

CAPS LOCK-пен жазылғандарға қатты қосыламын. :))

+0
30 желтоқсан 2014, 17:51

CAPS LOCK ? Енді жігіттердің көбісі жомарт! Ал, басқа қыздардың аяғына, санына, төсіне қарамайтын жігіт жоқ шығар )))

+0
18 қаңтар 2012, 14:00

Мунда ен манызды кинестетика туралы айтылмапты)

P.S Берилген кенестер жаксы екен, бирак казирги кезде олар онша иске аса коймайды!

+0
18 қаңтар 2012, 14:03

Неге?

+0
18 қаңтар 2012, 14:25

Кинестетикаға алғашқы кездесуде вобщым жол берілмейді. Тек апбобустан түскенде қол беруге болады. қалған аймалаулар кейінгілерінде болады. ИншаАЛЛАһ, бәрін жазамыз.

+0
18 қаңтар 2012, 14:25

Бірінші кездесуде жабыса кетпеу туралы пунктарға қосыламын )

+0
18 қаңтар 2012, 14:18

Иә, қалай тез басталса солай тез бітеді деп жатады ғой...

+0
18 қаңтар 2012, 14:30

Мынау Мадленнің пікірі, тосын жағдай болып, пікір менің атыма көшіп кетті.)) Мадлен, кешір.

+0
18 қаңтар 2012, 14:31

Раздвоение личности болып жатыр ма ))))))

+0
19 қаңтар 2012, 15:14

уау! түсінбей қарап қаппын ғой )) мына қыз да тура менікіндей жазыпты дееееп ойлап отырсам.

+0
18 қаңтар 2012, 14:52

фокус-мокус! траля-ля! Хопляяя! деп қана түсіндірген мұндағылар маған мұндай жайды. )))

+0
18 қаңтар 2012, 15:15

Қызық болсын деп арасында фокус көрсетеміз осылай)

+0
18 қаңтар 2012, 15:22

маған наглый жігіттер ұнайды... Сыпайы болу, майысу деген қыздарға ғана жарасады:)))

+0
18 қаңтар 2012, 16:12

көп сөйлей бермей кездесуге кешікпей кел. гүл болмайды. оған уақыт жоқ. все

+0
18 қаңтар 2012, 16:14

Мынауыңыз тым наглость боп кетті. Мұндай сөздерден кейін қыз қашыыып кетеді ғой.)

+0
18 қаңтар 2012, 23:24

Маган да наглый жигиттер унайды, но конечно все в меру. Я думаю нужно быть в меру галантным и в меру наглым, не надо дорогие парни показывать в первый день как вам понравилась девушка. Оставайтесь загадкой :)

+0
18 қаңтар 2012, 23:50

Рас айттың! Золотая середина болу керек!

+0
31 қаңтар 2012, 18:56

если оставаться загадкой то и можешь остаться для нее лишь только подружкой. тоесть ходить в подружках и все. надо действовать)))

+0
19 қаңтар 2012, 00:10

Наглый жігіттер өмірі жылатады да жүреді.

+0
19 қаңтар 2012, 22:07

))) Жылататын жігіттер ұнамайд!!! (((

+0
18 қаңтар 2012, 18:09

Бір сөзбен айтқанда, серілер өз серілігін көрсете білу керек

+0
18 қаңтар 2012, 22:15

Егер жігіт те қайта-қайта қалта телефонына үңіле берсе қыздың да түсүнгені жөн...))))

+0
18 қаңтар 2012, 22:29

жо жігіт телефонына үңіле қоймас, онда неменесіне кездесуге келді?))

+0
18 қаңтар 2012, 23:51

хехе

+0
18 қаңтар 2012, 22:34

"Егер қыз қалта телефонына үңіліп, сізге назар аудармаса, ол қызбен қоштасқан жөн... " Осы жағдайға байланысты бір нәрсе айтайын. Менің бір құрбым алғашқы кездесуге барған. Қырсыққанда телефонына сол кезде қайта-қайта маза болмапты. Жігіт сіздердің кеңестеріңізді тыңдап ол қызға екінші рет кездесуге шақырмады. Ал құрбымның кінәсі жоқ. Бәріне кінәлі телефон! )))

+0
19 қаңтар 2012, 02:45

Құрбыңыз телефонын өшіріп тастауды ойламаған ба?

+0
19 қаңтар 2012, 15:16

Сіз кездесуде прям өшіріп тастайсыз ба?

+0
19 қаңтар 2012, 22:05

Соны айтам. Бәрі мен сияқты емес қой, телефонмен жұмысым болмайтын. ))) Деееп қойсаң.

+0
20 қаңтар 2012, 10:17

Мақтаншақтарды ұнатпаймын, мүлдем.

+0
20 қаңтар 2012, 10:18

Телефонын сөндіріп қою керек еді.

+0
18 қаңтар 2012, 22:34

)) мүмкін телефонға үңілдірмес деген ниетпен келетін шығар кездесуге)))

+0
20 қаңтар 2012, 22:51

Ай қайдам. Одан басқа адам табылмай қалыпты ма?! Кете берсін.)))Ең бастысы бауыр басып үлгерген жоқ.

+0
18 қаңтар 2012, 22:36

телефон крайний болып қалды ғой!

+0
18 қаңтар 2012, 22:39

)) кейде крайныййй ал кейде жақсы ғой ұнамаса үңіле саласың, сосын болды... қыз түсінеді...

+0
18 қаңтар 2012, 22:41

солай да шығар)

+0
18 қаңтар 2012, 23:52

Тағдыр емес шығар)Сол үшін телефоны шырылдап дегендей

+0
19 қаңтар 2012, 02:51

Телефонға қатысты айтар болсам, бір кездесуде екі телефонымды қоса алып шығып, қайта-қайта қарадым да отырдым :))) Тыныш отырамын ба, соткам (көлікте отырғанбыз) орындықтың астына түсіп кетпесі бар ма? Әлгі жігіт алып берді.

+0
19 қаңтар 2012, 18:06

Мағанда наглый жігіттер ұнайды :).

+0
19 қаңтар 2012, 18:58

Kair sen osi takiripka zor ulesindi kosipsin go ....... angime zhok...

+0
19 қаңтар 2012, 22:00

Сен де бір ауыз сөз айтсай ))

+0
20 қаңтар 2012, 00:01

Нұрсұлтанның аватары жынд екен ))))

+0
20 қаңтар 2012, 00:31

өмірде ешкандай ереже болмайды!

+0
20 қаңтар 2012, 04:37

рас

+0
29 қаңтар 2012, 00:41

Тақырыпты оқи бастағанымда "ал егер жігіт қызды немесе қыз жігітті ұнатпаса не істеу керек?" деген сұрақ пайда болған еді... бірақ пікірлерді аяғына дейін оқып, енді кездесулерге өзіммен бірге бірнеше телефон ұстайтын болам=)))) "На всякий случай" дегендей=))))

+0
29 қаңтар 2012, 02:50

Біреуі болмаса екіншісі звандап қалады деген үмітте ме? Ал егер жігіт ұнап, ал телефондарыңыз маза бермесе ше???

+0
29 қаңтар 2012, 16:55

енді ондай жағдай болып жатса, не істерімді сол кезде көрермін=))))))))))

+0
31 қаңтар 2012, 18:51

народ конечно без обид но все что написанно все на самом деле ФУФЛО)))))

+0
06 ақпан 2012, 13:09

Тағдырдың жазғаны болады да....егер сендік адам болса, ешнәрсе бөгет бола алмайды........

+0
17 ақпан 2012, 12:53

Қыздар неге наглый жігіттерді унатасындар, сондайлардан басталады жаман нәрселердің бәрі, ал өзіме бір қызды сыйлай алатындай нагыз джентельмен керек!

+0
30 желтоқсан 2014, 18:00

1 қызды сыйлай алатын қарапайым джентельмен қажет емеспе ? Бірақ құрылыста қара жұмысшы болып істейді !

+0
13 қаңтар 2015, 16:05

Жартылай тагдыр,жартылай озин себебши боласын барине!Тагыдыр екен деп отыра беру болмайды!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Эссе жаза аласың ба?
Эссе жаза аласың ба?

ҰБТ-ның жаңа форматына сай эссе жазуды бірге үйренейік!

Автор: Аида Жеңіс
Шетелдік сериалдардың әсері.
Шетелдік сериалдардың әсері.

Шетелдік сериалдардың әсері.

Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?
Келін алдында бас ию ме, әлде келін алдындағы міндеттер ме?

Әрбір адамның өз міндеттері мен жауапкершілігі бар ғой, сол сияқты менің де ене...

Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.
Сұмдық апат «Шапекоэнсе»-де тірі қалғандар.

Қазалы адамдар саны - 71. Апат туралы.

Автор: Olzhas Samatov
Құрбы керек...
Құрбы керек...

жақында өшіріледі.

Автор: <ҚАЗАҚ> ...

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...