Танысу мен кездесу туралы қызықты 10 дерек

Танысу мен кездесу туралы қызықты 10 дерек
Фото: plus.google.com

Танысу мен кездесу туралы да түрлі аңыз-әпсаналар бар. Бүгінде бұл тақырыпты арнайы зерттеп жүрген ғалымдар да жетерлік. Негізінде, қыз бен жігіттің танысуы мен кездесуі – өмірінде есте қалар оқиғалардың бірі. Көбіне адамдар бұл сәтті ұмытпайды. Осы орайда танысу мен кездесу туралы қызықты деректер туралы айта кеткенді жөн санап отырмыз.

1. Әлеуметтік желіде танысқандардың 48%-ы әлеуметтік желіде айырылысады екен.

2. Жай таныстық 3 немесе 5 айдан кейін үзіледі.

3. Жұмыста жұбы жарасқан жандардың 40%-ы шаңырақ көтереді.

4. Әлеуметтік желіде танысқан жігіттердің көпшілігі «толық қызбен кездесіп қалам ба» деп қорқады екен.

5. Зерттеулерге сүйенсек, сауда орындары, мейрамхана, мектеп пен жоғарғы оқу орындары танысуға таптырмас жер екен. Себебі, мұнда адамдар өздерін ашық, әрі еркін ұстайды.

6. Егер жігіттің қызға деген сезімі болса, онда онымен кездесу барысында есімін кемінде екі рет атайды. Ал қыздарға өзінің есімін өзгенің айтқаны жылы естіледі.

7. Қыздар алғашқы кездесуде жігіттердің тісі мен тырнағының тазалығы мен саулығына, сепкен әтіріне, көзілдірігі мен шаш үлгісіне баса мән береді. Сонымен қатар, жігіттер алғашқы кездесуде кекіріктен сақ болғаны жөн. Себебі, қыздар алғашқы кездесуде кекіре берген жігітті жақтырмай қалады-мыс.

8. Егер қыз жігітті алғашқы кездесуден кейін-ақ ұнатып қалған болса, оның сезімін түрлі қылықтарынан байқауға болады. Мәселен, қыз жігіттің айтқан әр сөзіне күлімдей жауап қатады, әзіліне шын ықыласымен күледі, шашын дұрыстап, оны қолына орайды. Беті қызарып, айтып отырған сөзінен жиі мүдіреді.

9. Егер қыз жігіттің екінші шалған қоңырауына да жауап бермесе, онда сезім туралы айтуға әлі ерте. Ал қыз кейіннен қоңырау шалса...

10. Егер сіз әлеуметтік желіде қыздармен мәдениетті, сөздің майын тамыза сөйлесетін болсаңыз, онда сізге оның жауап қату жылдамдығы да арта түседі.

Ө. Сансызбай