Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Ешқашан айтуға болмайтын 9 сөз!

Ешқашан айтуға болмайтын 9 сөз!

Ешқашан айтуға болмайтын 9 сөз!

Кейбір кездері ойламаған жерден ұрыс шығаратын сөздерді айтып қаламыз, ғалымдар мұны конфликтоген деп атайды екен. Отбасында және жұмыста бейбітшілік орнатып, тыныш өмір сүру үшін мына сөздерді айтудан аулақ болған жөн екен.

1. «Бұл менің міндетіме кірмейді», «Маған бұл үшін ақша төлемейді». Жұмыс істемеудің ең танымал сылтауы. 99%-да бұл бастығыңыздың жынына тиіп, сіздің жұмысқа деген енжарлығыңызды білдіреді. Сондықтан оның орнына былай жауап беріңіз: «Бүгіндікке жұмыстарым көп. Қайсысын бірінші жасайын?».

2. «Сізбен сөйлесетін уақытым жоқ», «Бос емеспін». Мұндай жауап – тәрбиесіздіктің белгісі. Оның орнына «Кешіріңіз, қазір шұғыл жиналыс болайын деп жатыр, сондықтан асығыс болып тұрмын. Сіздің мәселеңізді кейінірек талқыласақ жөн болар еді» немесе «Бір сағаттан кейін хабарласайықшы: сол уақытта жұмыстарым да бітіп қалар» деп жауап берсеңіз, әдепті болар.

3. «Бәлкім, айтарым орынсыз шығар, бірақ...» Сөзді осылай бастасаңыз, айтылатын сөзіңізге деген сенімділікті күрт төмендетеді. Бұлай сөзді ешқашан бастамаңыз.

4. «Ренжімеңіз, бірақ...» Бұл бір жайсыз хабар алдындағы ескерту сияқты естіледі. Осындай сөзден соң, әңгімелесуші адам алдын ала ренжітетін сөз естимін деп қабылдайды. Сондықтан, осылай айтпастан бұрын, тақырыпты басқа жаққа ауыстырып жіберген жөн.

5. «Толып кетіпсің!» немесе «Арып кетіпсің!» деген фразалар. Көп адамдар үшін салмақ тақырыбы өте шаншу тақырыптардың бірі. Адамдар денелерінде болып жатқан өзгерістерді оңай қабылдамайды, сондықтан сіздің бұл сөздеріңіз оның көңіл-күйін түсіруі мүмкін. Оның орнына «Құлпырып кетіпсің!» десеңіз, қатып кетеді.

6. «Өз жасыңызға өте жақсы көрінесіз». Бұл фраза адамның жасын есіне түсіріп, «Өз жасыңыздағы қарттардың жанында жақсырақ көрінесіз» деп түсінуге итермелейді. Жай ғана: «Өте жақсы көрінесіз» деңіз.

7. «Осы сен-ақ бәрін құртасың да жүресің». Мұндай айыптаулардан аулақ болыңыз. Ұрыс шығаратын бұл сөздердің орнына: «Мен сенің бұл әрекетіңе ренжулімін. Ендігәрі қайталанбас үшін не істеуге болады?» деңіз. «Мен» есімдігінің арқасында серігіңіздің әлсіздігін емес, өзіңіздің ренішіңізді білдіресіз. Бұл оның екінші рет мұндай қателік жасамауына ынталандырады.

8. «Егер шынымен мені жақсы көрсең, олай істемес едің.. айтпас едің...». Бұл сөздерді айта отырып, серігіңізді басқарып қана қоймай, оның сізге деген қарым-қатынасына наразылығыңызды білдіресіз. Мұндай айыптаулармен мықты қарым-қатынас орнары екіталай. Одан да: «Егер біз былай жасасақ... көңілім жай табар еді» деген сөздерді айтыңыз. Жақсы қарым-қатынас құрудың үздік үлгісі – неге ашуланғаныңызды түсіндіріп, оны шешудің амалын бірге қарастыру.

9. «Ол сенің тырнағыңа да татымайды», «Одан айрылғаның жақсы болды». Біреудің ажырасқанына басу айтамын деп, мұндай сөздерді айта көрмеңіз. Бұл ол адамның талғамсыздығын және адамдарды ажырата алмайтындығын білдіріп, одан сайын жүрегін жаралай түспек. Оның орнына: «Ол қандай адамнан құр қалғанын түсінбейді» деген сөздеріңіз адамды бір серпілтіп тастайды.

Сурет: kochegarka.com

Дайындаған: Анар Мұстафина

3511 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Anara Mustafina
Қосылған күні: 08 тамыз 2012, 15:17
Пікірлер
+0
08 тамыз 2012, 14:48

«Бәлкім, айтарым орынсыз шығар, бірақ...» - менің ең көп қолданатын сөздерімнің бірі))))

+0
08 тамыз 2012, 16:36

есте болсын))

+0
16 тамыз 2012, 16:02

7 шісін айтсақ миды ашытпаш дейтін сияқты ғой жұрттар

+0
08 қаңтар 2013, 22:06

Осындай мақалаларға күлкім келеді, қандай мақсатпен жазатынын уғалар емеспін !!! Бастысы мақала жазса болғаны мекен. Бұл " Ешқашан адамды адам қылуға болмайтын адам " дегендей бір қуып кеткен сөз !!! Адам бар болғасын не жасасада бәрі бір адам емеспа? Осы істеуге болмайтын істер, айтуға болмайтын сөздер деген не ол? Өмірде бар болғасын осы сөздер қалай айтуға болмайды. Айтылсын деп шыққан сөздерғо !!! :) Жарайды қандайда бір нәрсеге айтуға болмайтын сөздер десе түсінуге болады

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...