Ерлерге арналған сыйлықтар

Ерлерге арналған сыйлықтар
Фото: amur.kz

Кезекті мақаламыз нәзік жандыларға арналады. Қыздар 8 наурызда немесе туған күнінде, атаулы мерекелерде жігіттерден сыйлық күтетіні сөзсіз. Сүйікті жігітіңізге, досыңызға туған күнінде не басқа да қуанышында, тіпті 7 мамыр Отан қорғаушылар күнінде шын көңілден сыйлық жасауыңызға болады. Бағасы маңызды емес, тек шын жүректен сыйласаңыз болғаны. Ал қандай сыйлық жасау турасында мынадай бірер кеңесімізге құлақ түріңіз:

Ағаңызға қолсағат сыйласаңыз болады. Өз қарындасы берген сыйлығына қай аға болса да қуанып, алғыс айтары сөзсіз.

Ініңізге  сәнді USB-гаджетPlay Station, әдемі құлаққап, VIP-нөмір не футбол добын сыйға тарта аласыз. Себебі, жасөспірімдер сәнді нәрселерді жоғары бағалайды.

Әкеңізге қарапайым оятқыш сыйлаңыз. Көп уақытын компьютер алдында өткізетін болса, арқаға арналған массаж құралы, классикалық жанрда жазылған әртүрлі кітаптар мен әдемі әуендер жазылған үнтаспа  сыйласаңыз болады.

Сүйіктіңізге  өз қолыңызбен тоқылған  мойынорағыш немесе әдемі қолғап сыйлай аласыз. Сүйікті жігітіңізге өз қолыңызбен жасалған сыйлықтан асқан бағалы сыйлық болмас.

Сөз соңында айтарымыз сыйлықтың бағасы немесе көлемі маңызды емес. Бастысы — ниет тазалығы. Есіңізде болсын, кішкентай сыйлықтың өзі адамды қуантуға қауқарлы. Ал, егер одан көбірек қаражатыңыз болса — тіптен жақсы. Тек, қиялыңызға ерік беріңіз!

Жігіттер, сіздер қандай сыйлық қалар едіңіздер?

Ж. Исакаев