Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы

Тәрбиесіз берілген білім — адамзаттың қас жауы
Фото: rus.azattyq.org

Білімді адамды алыстан тануға болады. Сөзі майда, барынша ұстамды, жүрісінің өзі ерекше. Үнемі өзгелерге қолғабыс етуге асығады. Әңгіме арасында айтар орынсыз сөзі мен көрсетер қылығы да жоқ. Бірақ осы білімді дұрыс бағытта қолданбайтын кездері де болады. Өйткені жер бетіндегі түрлі ядролық қаруды, зиянды заттарды өз ісінің шеберлері, яғни білімді адамдар жасап отыр. Әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» дейді. Төмендегі ғалымның хаты осы сөздердің дәлелі секілді. 

«Ұстаз! Мен басымнан көп нәрсені өткердім. Концлагерьде болдым, ешкім көрмеуі тиіс:

- инженер ғалымдардың газды камера салып жатқанын;

- мамандандырылған дәрігерлердің балаларды улап жатқанын;

- білімді медбикелердің сәбилерді өлтіргенін;

- ЖОО-ны тәмамдаған студенттердің әйелдер мен балаларды өртеп жатқанын көрдім.

Сондықтан білімді адамдарға сенім артпаймын. Оқушыларға адам болуға көмектесіңізші. Осыны өтініп сұраймын. Сіздің еңбегіңіздің нәтижесі — адам айтса нанғысыз жаман істер жасайтын ғалым, түрлі кітап оқыған «есуас», білімді Эйхмандар болмауы тиіс. Оқу мен жазу, есеп-қисап балаларымызға адам болуға көмектескен кезде ғана қажет».

Қ. Бүйенбай