Істі кейінге қалдыруға бейім адамдардың миы тез жұмыс істейді

Істі кейінге қалдыруға бейім адамдардың миы тез жұмыс істейді
Фото: deti06.net

Колорадо университетінің ғалымдары істі кейінге қалдыруға бейім адамдардың неліктен ондай екенін табу үшін зерттеу жүргізді. Жұмыстың нәтижесі Journal of Experimental Psychology журналында жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, мұның себебінің 28 пайызы адамның гендік ерекшелігінде жатыр. Сыртқы факторлардың әсері шамамен 30 пайыз.

Тағы бір анықталған нәрсе, істі кейінге қалдыруға бейім адамдар бір жұмысты істеп тұрып екіншісіне оңай көшіп кете бере алады. Яғни, миы тез жұмыс істейді, айтарлықтай салмақ түспейді.

М. Бисембаева