Өзіне сенімді бойжеткен - жүрегін тыңдайды

Өзіне сенімді бойжеткен - жүрегін тыңдайды
Фото: Zhazira Rasul

Біз өмір сүретін XXI ғасырда жасандылық өте көп. Екінші бір адамға ұнау үшін бетперде киюге дайынбыз. Кейде мақсатымызға жету үшін осылай жасаймыз. Бірақ өзін шын мәнінде жақсы көретін бойжеткендер өзін ерінің көңіл-күйімен байланыстырмайды. Бұл оның қас-қабағына қарамай, ашуланған кезінде күле білу немесе керісінше жасауға болады деген сөз емес. Бұл – қоғамның пікіріне деген тәуелділіктен арылу.

1. Өзіне сенімді бойжеткен жігітінен аспандағы айды талап етпейді. Оның тәулігіне 24 сағат сүйіктісі туралы ойлай алмайтындығын жақсы түсінеді. Өзінің айналысар шаруасы жоқ, бос жүрген адам ғана өзін толығымен сүйіктісіне арнайды. Ал өзіне сенімді бойжеткенге мұның еш қажеті жоқ. Жігіт тек ғашық болған кезде әрбір секунд сайын сүйіктісі туралы ойлай беруі мүмкін.

2. Өзіне сенімді бойжектен жігіті хабарласуды ұмытқанда немесе берген уәдесін орындамаған кезде, ол мені сүймейді деп ойламайды. Әрдайым айналысатын іс табады.

3. Өзіне сенімді бойжеткен бірінші кезекте жан-дүниесіне үңіліп, барлығын ретке келтіруге тырысады. Көңіл-күйіміздің жақын адамдарымызға да әсер ететіндігін жақсы түсінеді. Өзіне көңіл бөліп қана қоймай, өзгелердің қамын ойлайды.

4. Өзіне сенімді бойжеткен өзгенің өміріне жөнсіз араласпайды. Оған өзінің өмірі қатты ұнайды. Көмек сұраған адамға жаны ашып, әрекет жасауға кіріседі.

5. Өзіне сенімді бойжеткен әр нәрсенің шегі бар екенін біледі. Ешкімді шегінен шығармайды және өзгенің шекарасын құрметтейді.

6. Өзіне сенімді бойжеткен өзгенің кемшілігін бетіне баспайды. Керісінше оны сол күйінде қабылдап, жақсы қасиеттеріміздің кемшіліктердің арқасында қалыптасқандығын жақсы түсінеді. Өзіңді сүю – өмірдегі өз орныңды табу, мүмкіндіктеріңді дұрыс бағалау.

7. Өзіңді сүю – жүрегіңді тыңдау. Табиғатпен үйлесімділікте өмір сүріп, жан-дүниеңнің қалауын ұғыну. Өзіңді сүю – өзіңе сенім арту. Қажет болған кезде сезімге ерік беру.

8. Өзіне сенімді бойжеткен жігітімен қарым-қатынаста өзін жоғалтпайды және жырақтап та кетпейді.

9. Өзіне сенімді бойжеткен жігіттердің шынайы сезімін қабылдай біледі.

10. Өзіне сенімді бойжеткен жігіті жоқ болса да, өзіне күтім жасайды. Өзінің сезімін, эмоциясын, өмірін толық бақылай біледі. Өзгелерді бақылауды қажетсінбейді.

11. Өзіне сенімді бойжеткен өзгелердің мүсіркеуіне зәру емес. Басына түскен ауыр қайғыны жеңе біледі.

12. Өзіне сенімді бойжеткен күте біледі. Ол бірнәрсені жасамас бұрын немесе айтпас бұрын аз кідіреді.

13. Өзіне сенімді бойжеткен жігіттің жақсысын бірден таниды. Ол жалғыздықтан құтылу үшін немесе өзгенің назарына ілугу үшін көңіл қоспайды.

14. Өзіне сенімді бойжеткен ер жігіттің адамгершілігін, ақыл-парасат деңгейін бағалайды. Ол жігіттің өзіне қандай қарым-қатынас танытатынына мән бермейді. Керісінше «сөз салған жігітті қаншалықты сүйе аламын» деп ойлайды.

15. Өзіне сенімді бойжеткен жігітім жүрегімді жауласын деген ниетпен қамалдар тұрғызбайды, керісінше араға көпір орнатады. Ешуақытты сүйіктісіне ренжімейді.

16. Өзіне сенімді бойжеткен кешірімді және ешкімге кек сақтамайды. Өзінің қалауы туралы ұялмай айтады. Сезімінен қысылмайды.

17. Өзіне сенімді бойжеткен еріне не ұсына алатынын жақсы біледі және оның барлығын беруге асықпайды.

18. Өзіне сенімді бойжеткен бейтаныс ер адамға жүрегін ашпайды.

19. Өзіне сенімді бойжеткен кездесуден кейін әрбір детальды еске түсіруге тырыспайды. Ер азаматтың сырын ашып, оны білуге құмартпайды. «Неге бұлай жасадым?» деп те ойланбайды.

20. Ол жалғыз болса да, жанында серігі болса да, өзін қатты жақсы көреді. Көңіл-күйі жігіттің бар-жоғына байланысты емес.

Ал сіз қандайсыз?

Қ. Бүйенбай