Адам түсінде құс көрсе...

Адам түсінде құс көрсе...
Фото: look.com.ua

Қазақ халқы түсті тек жақсылыққа жорыған. Ал оны жоритын адам түс иесіне дұрыс ақыл-кеңесін айтып, жөнін сілтеп отыратын болған. Өзге түркі халықтары секілді қазақ халқының да түс жору салты бар. Осыған дейін жариялаған ақпаратымыздың жалғасын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл жолы адам түсіне енген құс туралы жазылған жоруларды айтқалы отырмыз.

1. Егер кісі түсінді шымшық көрсе, онда өңінде оның ісі оңғарылады.

2. Егер кісі түсінде қырғауылды көрсе, онда оның алға қойған мақсаттары оң шешімін табады.

3.Егер кісі түсінде қазды көрсе, онда оның өңінде азық-түлік қоры молаяды.

4. Егер кісі түсінде үйрек көрсе, онда ол өңінде досының ісіне сүйсінеді.

5. Егер кісі түсінде тауық көрсе, онда ол өңінде мұқтаждықтан құтылады.

6. Егер кісі түсінде тауыс көрсе, онда ол өңінде асқан сұлуға үйленеді.

7. Егер кісі түсінде самұрық құсты көрсе, онда өңінде оның басына бақыт, байлық, дәулет қонады.

8. Егер кісі түсінде құмай құсты көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың барлық мұң-мұқтажынан арылады.

9. Егер кісі түсінде түйеқұсты көрсе, онда ол өңінде ақылсыз, надан адамдармен істес болады.

10. Егер кісі түсінде қарақұсты көрсе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

11. Егер кісі түсінде қыранды көрсе, онда ол дәрежеге ие болады.

12. Егер кісі түсінде лашынды көрсе, онда өңінде оған әкімдердің саясы түседі.

13. Егер кісі түсінде қаршығаны көрсе, онда өңінде байлығы тасиды.

14. Егер кісі түсінде қырғиды көрсе, онда өңінде ол бақытты да дәулетті болады.

15. Егер кісі түсінде тұрымтайды көрсе, онда өңінде тілеген тілегіне жетеді.

16. Егер кісі түсінде күйкентайды көрсе, онда ол өңінде қапа болады.

17. Егер кісі түсінде көгершін көрсе, онда оның өңінде ісі оңғарылады.

18. Егер кісі түсінде қараторғайды көрсе, онда ол өңінде қуанышқа бөленеді.  

Жалғасы бар

(Ақпарат Ж. Дәдебаевтың «Түс аяны» кітабы негізінде дайындалды)

О. Сансызбай