Қыздар жігіттерден нені жасырады?

Қыздар жігіттерден нені жасырады?
Фото: Руслан Weddingtv

Бойжеткендер өте сезімтал, ренжігіш, нәзік әрі батыл болады. Көңілдері Алматының ауа райындай құбылып тұрады. «Олар өздеріне не керегін білмейді» деп айтатын жігіттер де жоқ емес. Жігіттердің бұл сөзінің жаны бар ма, жоқ па білмейміз. Бар болғаны арада түсініспеушілік орнауынан сақтануға көмектесетін қыз құпияларын ашамыз. Оларды жадыңызда сақтаңыз.

1. Ешбір қыз үйде жалғыз қалған кезде өзі үшін тамақ әзірлемейді.

2. Қыздардың 90%-ы өздерінің сыртқы келбетін ұнатпайды.

3. Жиырма беске толмаған қыздар өздерінен жасы кіші жігітпен жүруге қорқады. Жарасымсыз көрінеміз деп ойлайды.

4. Бойжеткендер ақылды емес, сұлу қыздарға қызғанышпен қарайды.

5. Кез келген қыз бұрынғы сүйіктісін ұмыту үшін кем дегенде 1 жыл уақыт жұмсайды. Жігітті қатты жақсы көрмесе де.

6. Қыздар басы қосылған кезде жігіттер туралы айтады.

7. Зиянды әдеттері болса да, оны сүйіктісінен жасыруға тырысады.

8. Кез келген қыз сырттай білдірмесе де, косметиканы қатты жақсы көреді. Оқуға немесе жұмысқа боянып келмесе де, үйінде косметикасы бар.

9. Қыздар үшін сыйлықтың қалай берілетіндігі және қорабы маңызды.

10. Қыздардың көбісі сүйіктісі жазған хаттар мен сыйлықтарды сақтап жүреді.

11. 10-14 жас аралығындағы құрбылар бір жігітке ғашық болады. Іштей сезіп жүрсе де, бұл туралы бір-біріне айтпауды жөн көреді.

12. Қыздың өзіңізге ғашық немесе ғашық емес екенін білгіңіз келсе, құрбыларымен тілдесіңіз. Қыздар құпия сақтауды білмейді.

13. Қыздар сырты әдемі дәптерлерді өздеріне қажетсіз болса да, сатып алады.

14. Қызыңыздың көңіл-күйі нашар болса, одан қорыққаныңыз абзал. Тіл табысуға тырыссаңыз, ол сізге ренжудің себебін табады. Ал назар аудармасаңыз, одан бетер ренжиді.

15. Кез келген қыздың өзінің сыртқы келбетіне көңілі толмайды.

16. Қыздардың көбісі бодибилдингпен айналысатын жігіттерді ұнатпайды. Қуанышымызға орай, ондай жігіттер елімізде аз.

17. Қыздар себептен-себепсіз жылай салуы мүмкін.

18. Қыздар сіздің көтеріңкі даусыңызға бола ренжіп қалуы мүмкін.

19. Араларыңызда келіспеуішілік болса, мұны міндетті түрде құрбыларына айтады.

20. Қыздар жануарларды жақсы көрмейтін жігіттерді ұнатпайды.  

Қ. Бүйенбай