Бикештер қандай болады?

Бикештер қандай болады?
Фото: Тимофей Старовойтов

Осыған дейін біз егіздер мен арыстан жұлдызында туғандар жайлы айтқан едік. Бүгін бикештер жайлы әңгімелейміз. Бикештер – 24 тамыз бен 23 қыркүйек арасында дүниеге келген адамдар.

Бикештер адам көп жерде отырғанды ұнатпайды. Көп қыдырмайды. Жұртпен дауласпауға тырысады. Жанында тек жақындары болғанын қалайды. Бикештер — қайсар, шыдамды адамдар.

Бикештер өзгенің қателіктері, осал жерлері мен кемшіліктерін тез таба алады. Біреуді сынағанды жақсы көреді, бірақ, өзіне айтылған сынды көтере алмайды. Менмен емес.

Бикеш жұлдызында туған жігіт – салқынқанды, адал, сенімді, тәртіпке бағынатын адам.

Ал әйел-бикеш нәзік, ұқыпты, талғампаз, мейірімді, қамқор, шыдамды болады.

Мансап

Тәртіп пен ұқыптылыққа үйренген бикештер өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды. Әр іске тиянақты болуға тырысады. Өз ісін жақсы көрсе, үлкен жетістіктерге жете алады. Өзгенің көңіліне де қарайтындықтан, жақсы психолог, аспаз, дизайнер, көмекші бола алады.

Бикештер ұқыптылықты жақсы көреді, сондықтан бар құжат-қағаздарының жинақы тұрғанын қалайды. Өтірік айтпауға тырысады. Өзіне өтірік айтқанды да ұнатпайды.

Жалғасы...

Ф. Абилова