Жігіттер не жайлы ойлайды?

Жігіттер не жайлы ойлайды?

Кездесуде қыздардаң гөрі жігіттер көп уайымдайды. Себебі басты қызығушылық пен ынта жігіт жақтан болу керек деп қабылданған. Жігіт мойынына жүк ілінгендігін сезініп, үрейі қашады. Осы кезде жігіттер не жайлы ойлайтынын оқи отырыңыздар.

Кездесу барысында жігіттер қыздарды, ал қыздар жігіттерді бағалап отырудан жалықпайды. Қыздар кездесуден кейін бәрін есіне алып ойланса, жігіттер кездесу кезінде-ақ өздеріне сұрақтар қойып отырады.

Ол ылғи осындай мылжың ба?

Жігіт сіздің құрбыңыз емес. Ол бітпейтін достар, әріптестер жайлы, дүкендер мен жаңа көйлектер туралы әңгімелерді ұзақ шыдай алмайды. Оны жалықтыра бастаған сияқтысыз ба? Әңгіменің бағытын ауыстырыңыз. Кең ауқымды тақырыптар таңдаған жөн. Мысалға, кино, кітаптар, спорт, әлем жаңалықтары. Оның да әңгімеге қызығып, сөйлеп отыруы тиіс. Қызығушылықтары мен достары жайлы сұрауды ұмытпаңыз.

Ақшам көп емес еді, қандай тамаққа тапсырыс береді екен?

Мейрамхананың аспазының басты тағамына тапсырыс бергеннен бұрын бірнеше рет ойланыңыз. Қымбат тіскебасар мен сусындарды да басқа жолы татып көрерсіз. Мәзірдің ішінде орта бағалы тағамды таңдаған дұрыс.

Ертең блогына мен туралы жазады ма екен?

Қоғамымызда блог-платформалардың рөлі аз емес. Блогшылар көбінесе өздері өткерген оқиғаларды жазады. Жігіт сіздің белсенді блогшы екеніңізді білсе, ертең постта қандай тақырып астында ол жайлы шығатыны жайлы әлбетте уайымдайды. Оны тыныштандыру үшін ертеңіне бұл туралы жазбайтынына сендіріңіз. "Жігіттер, осы сендерге не керек?", "Неге сондайсыңдар?" іспетті сұрақтарды қоюдан аулақ болыңыз. 

Анама қандай келін болады?

Иә-иә. Әдетте бірінші кездесулерден кейін қыздар өзінің ақ көйлегі мен болашақ балаларының есімдері жайлы ойланады деп қабылданған. Алайда жігіттер де бір сәтке сізді болашақ жары рөліне қойып көреді екен. Бастысы - анасының келісімі. Сондықтан ол сізді анасының алдында елестеп отырады.

Жігіттер, тағы не жайлы ойланасыздар?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: vk.com

С. А