Оқи отырыңыз

Көркем сөз – көңіл тілі,
Жалаң сөз – зейін тілі.

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Массагет жастарды жұмысқа шақырады
Массагет жастарды жұмысқа шақырады

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Тамаша өмір сүрудің 10 кілті

Тамаша өмір сүрудің 10 кілті

Тамаша өмір сүрудің 10 кілті

Әрбір халықтың данышпандары бар. Олардың  ұлағатты сөздері  бүкіл адамзаттың  асыл қазынасы. Филипп Хумберт деген атақты психиатр  олардың арасынан онының айтқандарын  іріктеп  алып, бақытқа жетудің  жолы деп қарастырған:

1. Өзіңді таны (Сократ).

2. Қалай болсаң сол қалпыңда көрін не сырттай қалай болсаң сол
қалыбыңды сақта ( Мәулана) .

Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңе  құлақ сал да оны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін атсалыспасаң, мәртебең түседі.

3. Ең жоғарыда ғашықтық бар  (Азиз Паул).

Дауысты ырғаққа айналдырған ғашықтық. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса,  өмірің солған  гүлден еш айырмашылығы қалмайды.

4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады (Альберт Энштейн).

Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін ойлағандарын жүзеге асыру.  Бобби Кеннедидің айтқанындай: «Адамдар дүниеге қарап: «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір дүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын.

5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек  (Мае Вест ).

Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске?! Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында: «Қанеки, алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкәппарлық емес, ұмтылыс!

6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі (Сун Цзу).
Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны оятқанда, мүмкіндіктер одан сайын  арта береді.

7. Өмір жылдам   шешім қабылдауды  талап етеді ( Иода).

Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүреді.

8. Кемелдік  қосатын, не алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады  (Антоние де  Еху Перю).

Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңді азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің.

9. Қабілет болмаса, өнерлі болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең
қабілетің түкке де жарамайды  (Эмиль Золя).

Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады.

10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру (Альберт Энштейн). Шүкір етуді ұмытпау керек!

Автор:  Мақсат мұғалім

8003 9
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 10 қаңтар 2012, 09:00
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2012, 10:15

"Қабілет болмаса, өнерлі болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең
қабілетің түкке де жарамайды" депті Эмиль Золя. Жөн сөз. Материалды жіберген авторға үлкен рақмет!

+0
10 қаңтар 2012, 10:23

Жазба авторына мың да бір алғыс. Расында да, алып тұлғалардың сөздері тамаш өмір сүруге жетелейді.

+0
10 қаңтар 2012, 10:33

Шүкір етуді ұмытпау керек! өте орынды айтылған

+0
10 қаңтар 2012, 12:37

Ең жоғарыда ғашықтық бар. Мүмкін ең биікте ғашықтық бар шығар? жоғары деген - көк пе, аспан ба?

+0
10 қаңтар 2012, 12:52

Sonyna dein okyp shygu kiyn eken )))

+0
10 қаңтар 2012, 14:21

Ке-Ре-Мет! Шығарып қойдым! Енді холодильникке жабыстыру ғана қалды:)

+0
10 қаңтар 2012, 14:42

Жазған кісіге үлкен рахмет!

+0
10 қаңтар 2012, 19:22

Өте орынды айтылган сөздер.

+0
10 қаңтар 2012, 22:31

Охх, 3-афоризм ұрып тұр! Тамаша!

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Маған да бір адам керегі анық ...
Маған да бір адам керегі анық ...

Күнделіктен бір жазба ...

Өміріме өрнегін салған - ғаламтор
Өміріме өрнегін салған - ғаламтор

«Ғаламды шырмаған «ғаламтор шырмауынан» шыға алатын шынайы жан бола аламын ба?!»

"Шығарға жол көрсетпесем де, сабырға шақырамын..."

 ОЛ КІСІ - талайдың бірі емес, таңдамасы. Оның өлеңдерінің  бояуы бөлек....

Қазақ футболының ахуалы
Қазақ футболының ахуалы

Қазақтың ырқына бағынбаған бизнес


Соңғы аудармалар

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо Джон Сок 

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...