Шешім қабылдауға асықпаңыз

Шешім қабылдауға асықпаңыз

Өмірлік таңдау жасау - маңызды қадам. Шешім қабылдауда кейбіреулер жауабын сұрақ қойылып болмағанша біліп тұрса, басқалары "+" пен "-"-терді жүйелегенше бірнеше күндер өтеді. Осы екі мінезден де қажет қасиеттерді жинап, әрекет етудің екі мәнерін ұйғарсаңыз, әр таңдау алдында дұрыс шешім қабылдай аласыз.

Алдыңғы жолы біз сіздерге экстравертердің мінезінен үлгі алып, шешімдерді тез қабылдауды үйренуді ұсынғанбыз. Бүгінде осы мінезге қарама-қарсы интровертер мінезінің жақсы жақтарын қарап, шешімді ойланып, асықпай қабылдауды үйренейік.

Ақпарат жинаңыз

Кезекті рет көрінген ұсынысқа "Иә" деп жауап бермес бұрын, өзіңізден "Мен бұл жайлы бәрін білемін бе?" деп сұрап көріңіз. Демалысқа баруға бірден келісім бермес бұрын, ол жердің жағдайы, тамағы, ауа-райы жайлы егжей-тегжейін біліп алған дұрыс. Қажетті ақпаратты жинап болғанша, нақты жауапты кейінге қалдырыңыз.

Шешімдірді біреудің қыспағында болғанда қабылдамаңыз.

Басқа біреудің "Кәне, келіс!" дегеніне "Иә" дей салу оңай емес пе? Нақты жауап тек сіздің таңдауыңыз болуы керек. Қасыңызда біреу шешіміңізді күтіп тұрса, жекеленуге салдар табыңыз: шұғыл қоңырау, қол жуып келу. Өзіңізбен оңаша қалғанда мәселе жайлы ойланып, өзіңізге ғана қажет таңдау жасаңыз.

Болашақ жайлы ойланыңыз

Алыс болашақ жайлы шешімдерді мүлдем тез қабылдауға болмайды. Мысалға, досыңызбен келесі жылы жазғы демалысқа барамын деп уәде беріп қоймаңыз. Бір сәттік көңілге байланысты достарыңыздың барлығын келе жатқан туған күніңізге шақыра бермеңіз. Бұл күнге жақындағанда той жасау керектігін түсінесіз.

Нәтижелер жайлы ойланыңыз

Ұмытпасаңыз, бұл әдісті шешімдерді тез қабылдауда да қолданған едік. Алайда бұл дауа шешімдерді қабылдағанда асықпауға да көмектеседі екен. Бір сәтке тоқтап, ойланыңыз. Бір керемет көйлек сатып алдыңыз делік. Одан кейін жарты ай өмір сүруге ақшаңыз қалады ма? Бүгінгі кешті қыдырумен өткізсеңіз, ертеңгі жиналысқа қандай күйде келесіз? Жұмыстан асыға кетсеңіз, кредитті кім төлейді? 

Екі сабақтың қортындысы: керек уақытта шешімді қабылдауға қорықпай, қажет кезде асықпай ойлану керек. Алайда ең басты өмірлік шешім - қай кезде тез әрекет етіп, қай кезде сабырлық сақтау керектігін шешу.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: goods77.tistory.com, money.mnogoo.mk

С. А