Түс көру және оны жору – 2

Түс көру және оны жору – 2
Фото: hq-wallpapers.ru

Қазақ халқы түсті тек жақсылыққа жорыған. Ал оны жоритын адам түс иесіне дұрыс ақыл-кеңесін айтып, жөнін сілтеп отыратын болған. Өзге түркі халықтары секілді қазақ халқының да түс жору салты бар. Осыған дейін жариялаған ақпаратымыздың жалғасын назарларыңызға ұсынамыз.

1. Түсте қол жуу – өңдегі мазасыздықтан құтылу.

2. Түсте сүйікті адамдарыңның бірін құшу – өте бақытты болудың нышаны.

3. Түсте жылау – өңдегі қуаныш.

4. Түсте аяқтың семіп қалуы – өңде саяхатқа шығудың белгісін танытады.

5. Түсінде бал арасын қуып жүрген кісі өңінде пайдаға жолығады.

6. Түсінде өзінің өліп қалғанын көрген кісінің өмір-жасы ұзақ болады.

7. Түсте суда жүзу және оны кешу – жақсы нышан, тек кісінің басы судан жоғары болуы қажет.

8. Түсінде көпірден өткен кісі өңінде өзінің жақсы қызметін қалдырып, одан да жақсы қызмет істейді.

9. Егер кісі түсінде көк түсті киім киетін болса, онда өңінде барша тілектері қабыл болып, мұратына жетеді.

10. Егер кісі түсінде ақ түсті киім кисе, онда сый-құрметке бөленеді.

11. Егер кісі түсінде сары түсті киім кисе, онда ол өз ісіне қарай, өңінде бірде жақсы, бірде жаман жағдайда болады.

12. Егер кісі түсінде ақсары түсті киім кисе, онда ол – өте жақсы: оның өңінде барша тілектері орындалады.

13. Егер кісі түсінде қара түсті киім кисе, онда ол өңінде қайғыға ұшырайды.

14. Егер кісі түсінде қызыл түсті киім кисе, онда ол өңінде ел билеген бастық болады.

15. Егер кісі түсінде қасқыр көрсе, онда өңінде дұшпанын арттырады.

16. Егер кісіні түсінде ит қапса, онда ол өңінде кішігірім шығынға ұшырайды.

17. Егер кісі түсінде аюды көрсе, онда ол көлденең олжаға кезігеді.

18. Егер кісі түсінде таутеке мен құлжа көрсе, онда ол өңінде тұрмыстың тауқыметін тартпайтын болады.

19. Егер кісі түсінде ұшып жүрсе, онда ол өңінде пайда, табыс табады.

20. Егер кісі түсінде тәж кисе, онда ол өңінде байлыққа ие болады.

Жалғасы бар

(Ақпарат Ж. Дәдебаевтың «Түс аяны» кітабы негізінде дайындалды)

Ө. Сансызбай