Оқи отырыңыз

...театр деген нәрсе ермек емес, көңіл көтеру де емес, ол – үлгі, ол – тәрбие, өнер орны.

Автор: Ж.Аймауытов

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Таңдау жасай біліңіз

Таңдау жасай біліңіз

Таңдау жасай біліңіз

Біреулер бір сәтте-ақ өмірлік мәселелердің шешімін тауып жатса, басқаларға нақты шешім қабылдау үшін бірнеше күн, кейде тіпті апта қажет болады. Жалпы маңызды таңдауды қалай жасау керек?

Дүкенде қажетті азық-түліктерін 5 минутта жинап шығып, қымбат көйлекті бүлк етпей сатып алатын адамдар бар. Олар демалысын бір күн бұрын ұйымдастырып, ертеңіне Жер шарының басқа нүктесіне кетуге әзір. Демалыс былай тұрсын, үйленуге ұсыныс сияқты тағдыр шешерлік мәселелерді де олар көп ойланбайды. Басқалары керісінше, тіпті балмұздақ аларда таңдау жасауға өлердей қиналады. 

Бұл екі стильді экстраверт пен интровертік мінезбен сәйкестірсе болады. Экстравертер "істеуге" дайын тұрса, интровертер "ойланудан" жалықпайды. Экстравертер көрген есікті ашуға асықса, интровертер оның артында не боларын ойлап қана, бұл шешімге бара алады.

Әрине екі стильдің де өзіндік жақсы жақтары мен теріс жақтары баршылық. Алайда осы екі мінезді де игере алсаңыз, шешім қабылдап, таңдау жасағанда қиындықпен кезікпей, босқа отқа да күймейсіз. Бүгін экстравертерден үлгі алып, шешімді тез қабылдап үйренейік.

Өзіңізге сұрақ қойыңыз. "Бұл мендік пе?" деген сұрақты қою арқылы өзіңіздің бұл затты қалап я қаламайтыныңызға көз жеткізе аласыз. "Бұл джинсы мендік пе?", "Бұл жігіт мендік пе?", "Бұл жұмыс мендік пе?" сұрақтары сізді мәселемен бетпе-бет қойып, нақты жауапты талап етеді. 

Тәжірибе жинаңыз. Келесіде сізге сұрақ қойғанда, "Білмеймін, өзің шеш..." деп жауап беруші болмаңыз. Кішкентай болса да, шешім қабылдауға бел буыңыз. Осылай тәжірибе жинай келе, келесіде таңдау жасауға қиналмайтын боласыз.

Нәтижелер жайлы ойланыңыз. Таңдау жасай алмай тұрған сәтте тез арада әр жолдың нәтижесі жайлы ойланыңыз. Мысалы, бір кездесуге барсаңыз, дем алып, сергіп, достарыңызбен көңіл көтере аласыз. Ал бармасаңыз, ерте ұйқыға жатып, ертеңгі жұмысыңызды дұрыс атқара аласыз. Өзіңізге қай нәтиже ұнайды? Сол шешімді қабылдаңыз.

Таңдауыңызға күмәнданбаңыз. Қолда болған сәттер мен мүмкіндіктерді еске ала бермеңіз. Шешіміңізді өзгертпеңіз, оған адал болыңыз. Мысалға, асыға сатып алған көйлек бір күннен кейін онша да сәнді емес болып көрінсе де, оны киіп, өзіңізді тәрбиелеңіз. Спорт не жаттығулармен ауналасуға бел бусаңыз, ертең ерініп жатушы болмаңыз. 

Жалғасы бар.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: dolevoe-str.ru

3051 8
Рейтинг: +2

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 23 шілде 2012, 17:12
Пікірлер
+0
23 шілде 2012, 17:09

шешімге өкінбеу керек деп есептеймін, мысалы өз басым таңдауым сәтсіз жасалған жағдайда, өкінбеуге тырысам :roll:

+0
23 шілде 2012, 17:12

Әр нәрсенің қайыры бар дейсіз бе сонда? :roll:

+0
23 шілде 2012, 17:17

әрине, жаман нәрсе болмайды, оның жақсы жағын көре білетін көз ғана керек ;)

+0
23 шілде 2012, 17:24

НАН ағамыз да мұнайды сатып жібергенен кейін, таңдауы сәтсіз болғанын түсініп, кейін өкінбей, қазаққа басқа жолмен ақша тауып беремін деп іс-әрекеттер жасап жатыр-мыс!!! :ugeek:

+0
23 шілде 2012, 17:27

әрненің басын бір шалмай, таңдарыңыз тыныш атып жатқаны үшін шүкір деңіз! :)

+0
24 шілде 2012, 09:23

Тыныш болмаса қолыма қару алып, ұрысқа шығып, шейіт боп кеткенім артық!!! Ер адам болғанна кейін ешнәрседен тайынбаймын :twisted:

+0
23 шілде 2012, 17:59

иә, тыныштық пен береке...бүгінгі таңдау-ертеңгі болашақ

+0
24 шілде 2012, 13:19

дұрыс айтасыз

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Ең қызықты блогтар

Мен не деймін, көзім не дейді?
Мен не деймін, көзім не дейді?

Әрине мен туралы емес)

Автор: Nazym Samet
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?
Қазіргі заман мұғалімі қандай болу керек?

Қазірдің өзіңде мамандықтардың түрлері өте көп.

30 күн артық ақпараттан ораза ұста.
30 күн артық ақпараттан ораза ұста.

Өмір маған əрдайым екінші мүмкіндікті ұсынады. "Ертең" деген.

Автор: Arayka Sakhova
Шынайы сезімнің құны қанша?
Шынайы сезімнің құны қанша?

Өзің идеал емессің, бірақ басқадан идеал адам ізейсің. Бұл дұрыс емес.


Соңғы аудармалар

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман оқиға Аударма: Темірлан Бредин, Айза Берікболова Дыбыстаған:...

Секундына 5 сантиметр
Секундына 5 сантиметр

Түпнұсқа атауы - Byôsoku 5 senchimêtoru Орысша атауы - 5 сантиметров в секунду Мемлекет: Жапония Жылы: 2007 Түрі: аниме Режиссері: Макото Синкай Жанры:...

Red Velvet - Rookie [kaz_sub]
Red Velvet - Rookie [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық "Red Velvet" қыздар тобының жаңа жұмысын қабыл алыңыздар. 2014 жылы құрылған топ сәтті жұмыс істеп келеді. Аталған әнге түсірілген бейнебаян да ашық...