Сіздің қолыңыздан бәрі келеді

Сіздің қолыңыздан бәрі келеді
Фото: Тимур Өтешбеков

Өмір жолында сан түрлі кедергілерге тап болуыңыз мүмкін. Ара-арасында жас шамасына қарай күйзеліске ұшырайсыз. Мұндай жағдайда не жайлы ойлаған жөн?

Өміріңізде әртүрлі проблемалар туындап тұрды. Сол кезде сіз оларды шеше алмай қаламын деп ойладыңыз. Дей тұрғанмен барлығын шешуге шамаңыз келді.

Сіздің өміріңізде сан түрлі ауыр ситуациялар болды. Сіз олардан құтыла алмаймын деп қорықтыңыз. Бірақ әрқайсысын қалыпқа келтіріп, тәжірибе жинадыңыз.

Сіздің өміріңізде көтере алмаймын деп ойлаған ауыр қаза болды. Дегенмен, оны да көтеріп, есіңізді жидыңыз.

Бүгін, дәл осы сәтте сіз ақылды, тәжірибесі мол, білімі толысқан адам екеніңізге күмән жоқ. Бұл жоғарыда аталған жағдайлардың нәтижесі. Өмір жолы тар, тайғақ болса да, құламай келе жатырсыз. Бұл сіздің өмір сүруге деген құлшынысыңыз бен махаббатыңыз.

Әрине алдағы уақытта әлі де түрлі кедергілер, қиындықтар туындауы мүмкін. Бәлкім қазір де бар болар. Сондықтан арасында артқа қарап, қандай жетістікке жетіп, қиындықтардан өткеніңізді еске түсіріңіз. Бұл ертеңгі күнге, өзіңнің күшіңе деген сенім ұялатады.

Өмірдің барлық сынақтарын өткересіз. Барлық қиындықтарды жеңесіз. Барлық кедергілерді бұзып, өтесіз. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді!

Ф. Абилова