Дана әйелдің ұстанымы

Дана әйелдің ұстанымы
Фото: Илья Двоековский

Табысты, болашағы зор жігіттердің арманындағы және жас арулардың идеалына айналған дана әйел кім? Ол қандай қасиеттерге ие? Ұстанымдары қандай?

Дана әйел өзінің тұлғалық қасиеттерін жетік танып, өзімен де, өзгелермен де гармониялы қарым-қатынаста болады. Кішігірім табысын үлкен көріп, барға қанағат етеді.

Ашу мен ызаны дер кезінде билей алады. Ренжіп жүйкесін тоздырмайды. Біреудің қателігін, бос сөзін елемей кетуді дұрыс көреді.

Ол ешқайда асықпайды. Өмір жолында мақсатқа көз жұма ұмтылудың орнына, жан-жағына қарап, әр сәтін есте қаларлықтай етуге тырысады. Бүгінгі күннің бағалай алады. 

Сүйіктісімен қарым-қатынасын билеп, бақылауды дұрыс емес деп санайды. Тек ерін дұрыс жолға бағыттап, демеуге тырысады. Табиғаттан дарыған нәзіктікті өзінің басты ерекшілігі деп біледі. Оның нәзіктігі, әйелге тән қасиеттері ерінің сенімді болуына әсер етеді.

Дана әйел кез келген жағдайға байланысты өзін байсалды, ер мінезді, нәзік, әлсіз етіп ұстай алады.

Ф. Абилова