Тест: "Адамдармен тез тіл табысасыз ба?"

Тест: "Адамдармен тез тіл табысасыз ба?"
Фото: Dmitry Lee

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез бар. Бірі жайдарлы келсе, екіншісі түймедейді түйедей етіп, жанжал шығаруға дайын тұрады. Ал сіздің мінезіңіз қандай? Адамдармен тез тіл табысасыз ба? Бұл сұрақтың жауабын білмесеңіз, төмендегі тестінің көмегіне жүгініңіз. 

1. Экзамен алдында уайымдайсыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

2. Көпшіліктің алдында сабақ айтуға немесе баяндама оқуға қиналасыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

3. Дәрігерге ауруыңыз асқынған кезде бірақ қараласыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

4. Жұмыстан басқа қалаға жолсапарға жіберсе, бұл ұсыныстан бас тартасыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

5. Сырыңызды екінші адаммен бөлісесіз бе?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

6. Көшеде бейтаныс адамдар сұрақ қойса, өзіңізді жайсыз сезінесіз бе?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

7. Әртүрлі кезеңде өмір сүрген адамдар бір-бірін түсінбейді деп ойлайсыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

8. Бірнеше ай бұрын қарыз алып, артынша қайтаруды ұмытқан адамнан ақшаңызды сұрауға ұяласыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

9. Сізге дәмді тағам ұсынса, үнсіз қаласыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

10. Бейтаныс адаммен оңашада қалсаңыз, сөйлесесіз бе?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

11. Дүкеннің, кассаның, кітапхананың алдында көп адамды көрсеңіз, кезекке тұрасыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

12. Өзге біреулердің мәселесіне араласқанды ұнатпайсыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

13. Өнер туындыларын ешкімнің көмегіне сүйенбестен өзіңіз бағалайсыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

14. Біреу қате пікір айтса, оны түзтпей, үнсіз қаласыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

15. Сабақ оқуға немесе жұмыс істеуге көмек сұраса, ашуланасыз ба?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

16. Пікіріңізді дауыстап айтқаннан, қағазға жазып берген ыңғайлы ма?

а) иә;

ә) жоқ;

б) кейде.

Әр «иә» жауабына - 2 ұпай, «жоқ» жауабына - 0 ұпай, «кейде» жауабына 1 ұпай беріледі.

Жинаған ұпайыңызды есептеп, төмендегі жауаптарға назар салыңыз.

Тест нәтижесі

30-31 ұпай. Өкінішке орай, ешкіммен тіл табыса алмайсыз. Осы қасиетіңізге бола өзіңіз қиналасыз. Әдетте біреу сұрақ қойса, үнсіз қаласыз. Сондықтан сізбен ешкім сөйлескісі келмейді. Мұның себебі неде? Қандайда бір кемшілігіңізді жасырғыңыз келе ме? Егер барлығы осылай жалғаса бергенін қаламасаңыз, бейтаныс адамдарға түрлі тақырыптағы сұрақтар қоюдан бастаңыз.

25-29 ұпай. Көп сөйлемейсіз. Шулы ортаны ұнатпайсыз. Бейтаныс адамдардың ортасында отырып қалсаңыз, өзіңізді жайсыз сезінесіз. Адаммен қызығушылықтарыңыз ортақ болған кезде оңай тіл табысып, әртүрлі тақырыпта әңгіме айтасыз.

19-24 ұпай. Жалпы сөзшең адамсыз. Қиындықтарды оңай өткеріп, жаңа ортаға тез сіңісесіз. Адамдардың барлығына бірдей сене бермейсіз. Кейде қатты сын айтып қалуыңыз мүмкін.

14-18 ұпай. Сізде барлығы ойдағыдай. Кез келген адамды соңына дейін тыңдайсыз. Ілтипат білдіріп, алғыс айтасыз. Бейтаныс адамдармен сөйлескенді ұнатасыз. Алайда шулы орта мен сөзшең адамдарды жақтырмайсыз.

9-13 ұпай. Адамдармен оңай тіл табысасыз. Сіздің шектен тыс қызығушылығыңыз бен сөзшеңдігіңізді айналаңыздағылар жеңілтектік деп бағалайды. Жаңа адамдармен тез сөйлесіп, шулы ортада жүргенді ұнатасыз. Қиындықтарыңызды шешкіңіз келсе, сабырлы болып, өзгелерді мезі етпеуді үйренгеніңіз жөн.

4-8 ұпай. Барлығын танисыз, олар туралы соңғы жаңалықтарды да жақсы білесіз. Маңызды тақырыптарда сөйлескенді ұнатпайсыз. Орынсыз болса да, сөйлеп қалуға тырысасыз. Қолға алған ісіңізді соңына дейін жеткізбейсіз. Әріптестеріңіз сізге күдікпен қарап, бірге жұмыс істегісі келмейді.

3 ұпайдан төмен. Сөзшеңдігіңіз адамдардың ашуын келтіреді. Тез ренжіп, тез ашуланасыз. Өзіңізге қатысы жоқ іске араласасыз. Сұрақтың мәнін түсінбесеңіз де, жауап беруге асығасыз. Үнемі жанжал шығарып жүресіз. Жауапкершілікті талап ететін жұмыстарпен айналыса алмайсыз. Адамдар сізбен тіл табысуға қиналады. Бойыңызда ұстамдылық, сабырлық сынды қасиеттерді тәрбиелегеніңіз жөн.

Қ. Бүйенбай