Оқи отырыңыз

Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға омалып қырдан аса алмайсың.

Автор: Бауыржан Момышұлы

— Редактор бағаны —

Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында
Байтұрсынұлы Нобель сыйлығы жайында

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Бойжеткен / Психология / Өсек іздеген өшер

Өсек іздеген өшер

Өсек іздеген өшер

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз...

Абай

Өсектен кім құтылған? Мүлдем ешкімді өсектемеуге тырысқанның өзінде, бәрібір екі адамның басы қосылған жерде өсек бірге еріп жүреді. 

Қуанышымыз бен қайғымызды біреумен бөліскенде тұрған дәнеңе жоқ. Дегенмен кейде біреудің тағдырын талқылап тұрып, ол туралы өсектеп тұрғанымызды байқай бермейміз. Шын мәніне келгенде, өсек бәріне ортақ. Әйелдерге де, ерлерге де тән әдет бұл. 

Өміріңдегі жақсы жаңалық (мысалы, әлдебір беделді жарыста жеңімпаз атандың) нашар жаңалыққа (құрбыңмен қатты ұрсысып қалдың) қарағанда, аз айтылады. Дұрысы адамдар жақсылыққа қарағанда, жамандықты теруге, соны әңгіменің арқауы қылуға үйір.

Өзіміз туралы өсекті құлағымыз шалып қалғанда, бұны әрқайсымыз әртүрлі қабылдаймыз. Кейбір адамдар өздерін өсектегеннен ләззат алады. Яки, мені өсектеп жатыр, демек назарда болғаным деп ұғынады. Ал кейбір адамдар сырттарынан пыш-пыштаған әңгіме үшін кәдімгідей қайғырып, салдары суға кетіп, кейде күйзеліске ұрынады.

Өздеріне сенімсіз адамдар өздері туралы өсекті естігенде үрейге бой алдырады: "Егер бұны достарым естіп қойса, сеніп қалып, менімен араласпай қалса қайтем?" 

Өзіңіз туралы өсекті қалай қабылдаған дұрыс? Ашуға берілмей, сабырлыққа салынып, сыр бермеңіз. Сіз туралы өсек таратқан адамның басты мақсаты сізді күйретіп, масқараңызды шығару. Егер ызадан жарылардай боп, көңіл-күйіңіздің төмен екенін көрсетіп қойсаңыз, өсекшілер мақсаттарына жетті деген сөз. Дұрысы - үндемей, көңіл-күйіңіздің қандай екенін білдіртпеу. Ал үндемей қалу қолыңыздан келмесе, өсекші адаммен жұрттың көзінше барып байыппен сөйлесіңіз. Сөйлесу барысында өзіңізді өте сабырлы, сенімді, мүмкіндік болса, көңілді ұстағаныңыз абзал. Бастысы - ақталмаңыз. "Нақты не айтқыңыз келді, соны түсінсем деймін" деп жымиыңыз. 

Ал өсектің мүлде шықпауы үшін жақын емес адамдарыңызға өз өміріңіз туралы ақтарылмаңыз. 

Бірде данышпан Сократқа оның танысы келіп:

-Сократ, сен оқушыларыңның бірі туралы не естіп келе жатқанымды білесің бе?- деп сұрапты.

-Тоқта,-депті Сократ. - Әңгімеңді жалғастырмас бұрын, саған үш сұрақ қойғым келіп тұр. Бірінші сұрақ: маған айтқалы тұрған нәрсеңнің шындық екеніне көзің жетті ме?

-Жоқ,-деп жауап беріпті танысы. - Мен тек естідім...

-Екінші сұрақ: оқушым туралы айтқалы тұрғаның жақсы нәрсе ме?

-Жоқ, керісінше...

-Жақсы... Үшінші сұрақ: оқушым туралы айтпағың маған әлдебір пайда әкеле ме?

-Жоқ, олай емес...

-Ендеше, сенің шын емес, нашар, пайдасыз әңгімең айтуға тұра ма өзі?

Сократтың танысы ұялғанынан үндемей қалыпты. 

Біз біреуді өсектегенді ұнатсақ та, өзімізді өсек қылғанды ұната бермейміз. "Әңгіме бұзау емізеді" демекші, біреуді сағаттап отырып талқыға салуға бармыз. Өсек айту ешкімге опа берген емес. Біреуді өсектей отырып, сіз оның жүрегіне жара салып жатқаныңызды байқамайсыз. 

"Сізге өсек айтқан адам сізді де өсектейді" деген испан халқының мақалы бар. Өсексіз де өмір сүріп көрейік.

Сіз қандай өсектердің құрбаны болдыңыз? Бөлісе отырыңыз.

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: feelgood.com.ua, krasapeta.ru, vsegda-tvoj.livejournal.com

8338 5
Рейтинг: +2

Қосылған күні: 19 шілде 2012, 19:04
Пікірлер
+0
19 шілде 2012, 16:15

Өсекті қазір әйелдерден гөрі ерлер көп айтатындай. Бәлкім, қателесермін

+0
19 шілде 2012, 16:16

жоқ осы жолы қателеспедің)))

+0
19 шілде 2012, 16:18

бірінші курста жатақханада көрші болмедегі дауысты стаканмен естуге болады екен дегенді іске асырып көрейік деп бір-екі рет тыңдағанымыз бар көршілерді. :) Әсіресе, келіспей қалатын кезімізде ғой, бізді жамандай ма екен деп ;) Кейін қойдық қой, құлағымызды түрмей-ақ ести беретін болдық па ;)

+0
19 шілде 2012, 16:51

өсек айту базарда іші пысып отырған апалардың ісі деп мұғаліміміз күнде айтушы-ет :)

+0
19 шілде 2012, 18:40

өсек болмаса әңгіме бітіп қалатын шығар :lol: :lol: :lol:

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

EXO - Lucky One [kaz_sub]
EXO - Lucky One [kaz_sub]

Оңтүстік кореялық әйгілі бойз-бэнд EXO тобы бүгінде дәурені жүріп, дүркіреп тұрған топ болып отыр. Жігіттер тобы тек Оңтүстік Кореяда ғана емес, Азияда танымал. Қазақстанда да EXO тобының жанкүйерлері жетерлік. Басында он екі қатысушыдан құралғанымен, бүгінде топта он өнерпаз өнер көрсетеді. Әр қатысушы жан-жақты, талантты. Біз бұған дейін аталған топтың бірнеше бейнебаянын қазақшаға аударған едік. Назарларыңызға топтың "Lucky One" туындысын қазақша субтитрмен ұсынамыз. Аударған: Жарылқасын Мырза Тайминг,...

IU - The shower [kaz_sub]
IU - The shower [kaz_sub]

Ли Чжи Ын – оңтүстік кореялық 23 жасар әнші қыз. Оның сахналық есімі «I and You» (мен және сен) әуен арқылы бір бүтін бола аламыз дегенді білдіреді....

Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]
Күн ұрпақтары/ Сошедшие с солнца / Descendants of the Sun [kaz_sub]

Ел: Оңтүстік Корея  Жанр: романтика, медицина, драма, комедия, боевик  Жыл: 2016  Режиссер: Ли Ын Бок Басты рөлдерде: Чжин Гу, Сон Хе Ге, Сон Джун...