Ең қымбат сүйіс

Ең қымбат сүйіс
Фото: Мария Матвиенко

Бір күні әкесі үш жасар қызын алтын түстес қағаздың орамасын тауысып қойғаны үшін жазалайды. Әкесі ақшадан қатты қысылып жүргендіктен, қызының қорапшаны алтын түстес қағазбен безендіргеніне ашуы келеді. Алайда қызы әкесіне еш ренжіместен ертесі күні сыйлық алып келеді.

Әкешім, бұл сізге, — деді қызы күлімсіреп.

Алайда бұл жолы әкесі тағы да ашуланды. Өйткені қызы ұсынған қораптың ішінде еш нәрсе жоқ еді.

Сен қораппен сыйлық берген кезде оның ішінде бірнәрсе болуы керектігін білмейсің бе?Ал сенің қорабың бос.

Әкесінен басқа сөздер күткен қызы көзіне жас алып тұрып: «Әке, сіз мені түсінбедіңіз. Мен оның ішін сүйіске толтырған едім. Оның барлығы тек өзіңе тиесілі!

Әкесі қатты таңқалды. Тізерлеп отырып қызынан кешірім сұрады.

Осылайша әкесі ең қымбат сыйлықты жастығының жанында сақтайтын болды. Қиын-қыстау кезеңде қызы берген сыйлыққа қарап, бір марқайып қалатын. Ең бастысы, мұны дүние-мүліктен артық көретін.

Сіздің дәл осындай қымбат сыйлық алған кезіңіз болды ма?

Қ. Бүйенбай